Заттың іс-әрекетін, қимылын білдіреді. Сұрақтары: не істеді? не қылды? қайтті?
Етістіктің негізгі үш түрі бар: тұйық етістік, көсемше, есімше.
Тұйық етістік - у – ю (й+у) жұрнақтары арқылы жасалады.
Бұл түрді «қимыл есім» деп те атайды. Тұйық етістік зат есімге өзгере алады, шақпен, жақпен байланысы жоқ. (Эту форму также называют «имя действия». Неопределенная форма легко преобразовывается в имя существительное, не выражает лицо и время.) Мысалы: оқу,қолдау,бақылау (читать-чтение, защищать-защита, контролировать-контроль).
Төрт түлік – мал: түйе, жылқы, қой, сиыр. Қазақ халқы осы төртеуін төрт түлік деп атаған. Ауыз әдебиетінде “төрт түлік малды құрадың” деген тіркес жиі кездеседі. Бұл дәулетіне сәулеті сай адамдарға арналып айтылған. Мысалы, “Байбөрі деген бар екен, Байбөрі малға бай екен, Төрт түлігі сай екен...” (“Алпамыс батыр” жырынан). Халық төрт түліктің әрқайсысының сақтаушы иесі бар деп ұғынып, оларды ойсылқара, қамбар ата, шопан ата, зеңгі баба деп атаған. Төрт түлікті кейде жұп (аша, айыр) тұяқ, тақ (тік) тұяқ деп те атайды. Қазақ төрт түліктің ішінде түйе малын байлық ретінде де, көлік ретінде де, азық ретінде де қатты қастерлеген. “Нар жолында жүк қалмас” деген мәтел осының айғағы. “Ат – ердің қанаты”, “Мінсең – көлік, жесең – ет” деп жылқы малын да аса жоғары бағалаған. Сондай-ақ қой мен ешкі, сиыр малының да өзіне тән ерекше қасиеттері болатынын ұмытпаған.
-Алло сәлеметсізбе бұл Аяжанның құрбысы Мерей.Тұтқаны Аяжанға бере аласызба?
-Сәлеметсізбе.Бұл уйде ондай есімді адам жоқ.Сіз нөмірді дұрыс алған жоқсыз.
-Кешіріңіз.Мен телефон нөмірін шатастырып алыппын.
-Оқасы жоқ.Ештең етпейді.