Астананың еліміздің мәдени келбетін қалыптастырудағы рөлі зор. Республика бойынша 68 театр болса, соның 6-ы елордада. Әлемнің әйгілі композиторлары, режиссерлері мен әртістері Қазақстанның бас қаласына келіп өнер көрсетеді. Биыл елорда мәдениетінің айнасы іспетті «Самғау» халықаралық театр фестивалі қаншама танымал өнер тұлғаларын бір ортаға жинады. Сол секілді қазақстандық мәдениетті де жаһанға таныту жобасы сәтті іске асырылуда. Осыдан 10 күн бұрын ғана «Астана Балет» театры Монакоға гастрольдік сапармен барып, көрерменнің ыстық ықыласына бөленді.
Менің сүйікті саным -жеті.Қазақ халқында жеті саны киелі сан болып есептеледі.Жеті санында күш бар деп саналады.Жеті сан бақытты сан.Сондықтан өзіме зат сатып алғанда жеті санына байланыстырып аламын.Мысалы жеті қалам , жеті қарындаш сатып аламын.Мен таңертең сағат жетіде тұрамын.Сағат жетіде тұрсам жолым сәтті болады деп сенемін..Мен әрқашанда сан таңдағанда жеті санын таңдаймын.Бұл сан маған бақыт, жақсылық әкеледі деп сенемін.Жеті ерекше сандардың бірі.Сондықтан жеті саны менің сүйікті саным.