М
Молодежь
К
Компьютеры-и-электроника
Д
Дом-и-сад
С
Стиль-и-уход-за-собой
П
Праздники-и-традиции
Т
Транспорт
П
Путешествия
С
Семейная-жизнь
Ф
Философия-и-религия
Б
Без категории
М
Мир-работы
Х
Хобби-и-рукоделие
И
Искусство-и-развлечения
В
Взаимоотношения
З
Здоровье
К
Кулинария-и-гостеприимство
Ф
Финансы-и-бизнес
П
Питомцы-и-животные
О
Образование
О
Образование-и-коммуникации
Milka0102200676
Milka0102200676
19.02.2023 19:03 •  Қазақ тiлi

Б.Бейсекбаев 1941 жылы 26 маусымда не істеді сөйлемді жалғастырыңдар​

👇
Ответ:
скрытник
скрытник
19.02.2023

Объяснение:

1941 жылдың 26 маусымында Смоленск маңындағы Боровское аэродромынан 42-ші алыстан бомбалаушы әуе дивизиясының 207-ші полкінің алғашқы күнгі қиян-кескі ұрыстан аман қалған ұшақтарының бөрі қайтадан аспанға көтеріледі. Бұл ұшудың барысында Минскіден батысқа қарай 40 шақырым жердегі Радошковичи поселкесінің аймағында немістің танк колоннасын аяусыз бомбалау жүктеледі. Көктегі гүріл мен жердегі дүрілден құлақ тұнған шақта екі топқа бөлінген ұшақтарды капитан Александр Спридонович Маслов пен Николай Францевич Гастелло командир болған экипаждары бастады. Жаудың танк колонналарына шүйілген ұшақтар тобының алдыңғы қатарында Масловтың экипажы бар еді. Жерде қоңыздай жорғалаған құрыш сауытты танкілерге олар ойдағыдай ойран салып қайта бергенде жау жақтан атылған оқ алдыңғы екі экипажды да отқа орады. Штурвалына зақым келді ме, немесе басқадай бір себеп болды ма — Гастеллоның ұшағы әлдеқайда алысқа құлаған. Әйтеуір бір өлім барын тез ұққан Масловтың экипажы ұшақты тура танкілердің колоннасына бұрған. Ішінде атқыш Бақтыораз бар экипаж түгелдей опат болса да, бұрын-соңды құлақ естіп, көз көрмеген ерлік жасаған еді.

4,8(44 оценок)
Открыть все ответы
Ответ:
vetoss2
vetoss2
19.02.2023
Әлемде құстардың түрі өте көп. Құстар табиғатқа сән береді.Олар адамның көңіл күйін көтереді.Мысалы қарлығаш ол  адамның досы.жанашыры.Қарлығаш әдемліктін символы.Оның өз әні бар ,әні құлаққа жағымды .Қарлығаш адамға саулық ,жақсылық, және  қауіп қатерден қорғап жүреді.Ол өзінің ұясын ауланың айналасына салады.Қазақ баласы қарлығаштың ұясын бұзбайды.Қарлығаш-онша ұлкен құс емес.Олар аспан көгінде тамаша ұшқыштар болып саналады.,өте жылдам ұша алады.Қарлығаш жылына 1 кейде 2 рет 3-7 жұмыртқа салып ,балапан басып шығарады.Қарлығаштың көрегі көбіне ұсақ жәндіктер.Қарлығаштар -жыл құстары .Олар кеш келіп ,ерте қайтады.Қарлығаш -сүйкімді құс.
4,5(42 оценок)
Ответ:
SaskaPups
SaskaPups
19.02.2023
Қазақстан болашағы-қазақ тілінде. Тіл халықтың даналығы, танымы мен талғамын тауып айтатын шыншылдығын көрсететін, ғасырдан-ғасырға, ұрпақтан-ұрпаққа мирас болып келе жатқан баға жетпес қазынасы. Тіл туралы заң-адастырмас Темірқазық.
Тіл-қазына, мұра, күнделікті еңбек, тұрмыс, өмір сүру қаруы. XXI ғасыр табалдырығында тұрған осынау дүбірлі дүниеде өзіңді мойындатудың бір жолы бар. Ол тағылымды тарихыңды таныту, өрелі мәдениетіңді өрістету, озық ғылымыңды көрсету. Ұлтты ұлт ретінде ұстап тұратын төрт қазық бар. Олар тілі, діні, саны және салт-дәстүрі. Осы төрт қазықтың ең маңыздысы-тіл. Ұлы Ахмет Байтұрсынов «Сөзі жоғалған халықтың өзі жоғалады» деп көрегендікпен айтып кеткен.
Егемендік алып, елдік қасиет, дәстүр салтымызды дәріптеп жатқан қазіргі уақытта «Туған жер- тұғырың, туған тіл қыдырың» деген ұлағатты сөзді қай кездегіден де жиі айтатын болдық. Жерсіз ел болмайды, тілсіз халық болмайды. Тіл бізге ана сүтімізбен бірге сіңеді. Бұрын жас ұрпақ тәрбиесінің түп қазаығы аталар мен әжелер болатын. Жас ұрпаққа иманжүзділіктің ұрығы әженің әлдиі мен атаның өнегесі арқылы сіңеді. Ана тілі*-халықтың өткен ұрпағын, қазіргі және келешек ұрпағын мәңгілік біріктіретін ең сенімді құрал. Осы дүниедегі адамдар тілінен айырылып, сөйлеуден қалса, қандай қиын күйге түсер еді? Сондықтан тіліміз ана тілі атану үшін, күнделікті өмірде ұдайы қолданыста болуы тиіс.
Ал екінші бақытым- Тілім менің,
Тас жүректі тіліммен тілімдедім.
Кей-кейде дүниеден түңілсем де
Қасиетті тілімнен түңілмедім, -деп Мұқағали атамыз жырлағандай ана тіліміз ешқашан ұмытылмайды. Тәуелсіздік тірегі-тіл. Демек, тіл мерейі үшін күрес-киелі күрес. Таудың кәусар бұлағы қандай таза болса, қазақтың тілі мен діні де сондай таза. Мен үшін ана тілім-Абайдың сөзі, Ақан серінің әні мен Құрманғазының күйі болып есептеледі. Тіліміздің өркендеуі үшін әр азамат үлес қосуы және ат салысуы тиіс.
Қорыта айтқанда, қазақ тілі мемлекеттік тіл ретінде шын мәнінде үстем жағдай иеленіп келе жатыр, оны ұлтына қарамастан біздің еліміздің барлық азаматтары меңгеретін болады деп сенімдеміз. Тек қазақ жастары ғана емес, еліміздегі барлық ұлт өкілдері мемлекеттік тілді меңгеріп, Қазақстан Республикасын дүние жүзіне танытса екен демекпіз. Бұл үшін бізге төзімділік, белсенділік іс-қимыл қажет.
Елдің ертеңіне кепілдік болар жас буынның бойына сіңіріп, ойына руханиялықтың дәнін дер кезінде егу біздің парызымыз. Еліңді тану үшін –тіліңді білу керек емес пе ағайын!
4,6(47 оценок)
Новые ответы от MOGZ: Қазақ тiлi
logo
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси Mozg
Открыть лучший ответ