33 минуты назад Мақал - мәтелдерМақал - мәтелдер - әр халықтың өз даму тарихында басынан кешкен алуан түрлі оқиғалары, өзі аңғарған табиғат құбылыстары, қоғам мүшелерінің өзара қарым-қатысы, мінез-құлқы, психологиясы жөніндегі жасаған қорытынды, тұжырымдарының түйіні, өмір тәжірибесінен жинақталған философиялық ойлардың ұтқыр да ұтымды, жатық та көркем көрінісі, фразеологиялық оралымдардың еңделіп, сырланып, әбден қалыпқа түскен тұрақты түрлері. Ол бір ғана емес ертеден бері қалыптасқан ой дәлдігімен, мазмұнының тереңдігімен ерекшеленетін ауыз әдебиетінің бір түрі.Ол айналадағы сыры мол дүние туралы білімнің сұрыпталған жиынтығы, халықтың өзінше шағын ауызша энциклопедиясы ғана емес, ұстаздық, тәлімгерлік роль де атқарады, адам бойындағы барлық жақсылықты асқақтатып, жамандықты жерлеп,бала тәрбиесінде ерекше орын алатын халық даналығы.Мұндағы ақыл-кеңестер қысқа да нұсқа, әрі тұжырымды болды.. Халық даналығы ата-анаға ұрпақ тәрбиесі жөнінде өзінен бұрынғылардың моральдық-психологиялық, медециналық-гигиеналық, өнер-сайыскерлік ой-пікірлерін де шоғырландырып, бүкіл халықтың тәлімдік тәжірибесін мирасқа қалдырып отырды. Көшпеліліердің сонау ерте дәуірінен-ақ бұларды көп біліп әрі оны ақылмен байыптай алатын адамды ерекше қастерлеуі тегін емес. Ондай адам ата-баба даналығының көзіндей саналатын. Мақал-мәтелдер белгілі бір шешіммен істің дұрыстығын анықтайтын логикалық қызметтің эталоны тәрізді адамның ой-әрекеттерінде маңызды роль атқарып отырады.
Тәкаппарлық, мақтаншақтық, менменсушілік1. Өз елінде шекпен пішпеген, Кісі елінде мақпал пішеді .2. Иттің ұлығанын бөрі естімес. 3. Ит құтырса, иесін қабар, Шымшық құтырса, бүркітке шабар. 4. Қадір білмейтінге қадіріңді кетірме .5. Жаман сайға су түссе, өткел бермес кешуге. 6. Ашаршылықта түйенің сіңірі де тәтті, Тоқшылықта қозының құйрығы да қатты. 7. Есек құлағының ұзындығына мақтанар, Есалаң жүзінің қызылдығына мақтанар. 8. Жаман атқа жал бітсе, жанына торсық байлатпас, Жаман адамға мал бітсе, жанына қоңсы қондырмас. 9. Тойсаң тоқтының еті топырақ татиды.1 0. Мақтаншақ бар ақылын мақтанға тауысады. 11. Жақсы мақтанса есебін табар, Жаман мақтанса қатынын сабар. 12. Мылтығыңның күмісін айтпа, тиісін айт. 13. Өз үйінде ою оймаған, Кісі үйінде сырмақ сырыпты. 14. Ер өнерімен мақтансын. 15. Жаман адамға мал бітсе, жақынын танымас.1 6. Асқанға аспан да аласа. 17. Өз көшесінде жаман ит те жолбарыс. 18. Өзім есек бола тұрып, түйені жетектедім. 19. Еңкейгенге еңкей, басың жерге жеткенше, Шалқайғанға шалқай, төбең көкке жеткенше .20. Семіздікті қой ғана көтереді. 21. Аспанға айды бір шығардым. 22. Арыстан асқынса айға шабар, Ақымақ асқынса анасын сабар. 23. Саяз су сарқырап ағады. 24. Аяз би, әліңді біл, құмырсқа, жолыңды біл. 25. Тауық шақырғанға таң атпайды. 26. Көзінше мақтама, сыртынан даттама. 27. Білемін деп мақтанба, сенен де білгіш табылар .28. Тігілмеген етігіңді мақтама. 29. Алтаумын деме, жетеуге жолығасың, Жетеумін деме, сегізге жолығасың. 30. Тағасының күмісіне мақтанба, Атыңның жүрісіне мақтан.3 1. Баймын деп мақтанба, жарлылық бар. Көппін деп мақтанба, жалғыздық бар .32. Қу сүйекті ит те қажамайды.3 3. Тентек өзін дәу санайды, Жантақ өзін бау санайды. 34. Айдағаны бес ешкі ысқырығы жер жарады. 35. Бояушы, бояушы дегенге сақалын бояйды .36. Есек семірсе, иесін тебер. 37. Бір аштықтың бір тоқтығы бар. 38. Атты жолдас болмайды арбалымен, Жортақ жолдас болмайды жорғалымен. 39. Әлін білмеген әлемге таңданады. 40. Есек өзін атқа балайды да, Әттең, деп құлағына қарайды. 41. Еңкейгенге еңкей, атаңның қара құлы емес, Шалқайғанға шалқай, пайғамбардың ұлы емес. 42. Өзім білем деген, өрге ба 43. Көр көкірек жігіттен ер көкірек егде артық. 44. Айға бойымыз жетсе, күнге қолымыз жетеді. 45. Орынсыз мақтау орға жығады. 46. Адаспаймын деген адам тал түсте адасады. 47. Өзін-өзі мақтаған - өліммен тең. 48. Қолымен қосаяқ соққан, аузымен орақ орады. 49. Сүтсіз қой маңырауық .50. Шөлдің қамысы болмайды, Жаманның намысы болмайды .51. Мақтаншақтық өтірік айтқызады, Өтірік көңіл қайтқызады. 52. Қорқау қасқырға жем болғанша, Арыстанға жем болған жақсы. 53. Мақтаншақты мақтасаң, басыңа секіреді. 54. Аш отырып, ас таңдайды, Жаяу отырып, ат таңдайды. 55. Болған кісі болдым демес, Болдым десе, болғаны емес .56. Ердің атағы туырлықтай, өзі бұлдырықтай. 57. Бас болмақ оңай, бастамақ қиын. 58. Бидайдың кеудесін көтергені - дақылы жоқтығы, Жігіттің кеудесін көтергені - ақылы жоқтығы .59. Өзіңді-өзің мақтама, біреу мақтасын. 60. Жақсымын деп мақтанба, халық айтпай, Батырмын деп баптанба, барып қайтпай.