М
Молодежь
К
Компьютеры-и-электроника
Д
Дом-и-сад
С
Стиль-и-уход-за-собой
П
Праздники-и-традиции
Т
Транспорт
П
Путешествия
С
Семейная-жизнь
Ф
Философия-и-религия
Б
Без категории
М
Мир-работы
Х
Хобби-и-рукоделие
И
Искусство-и-развлечения
В
Взаимоотношения
З
Здоровье
К
Кулинария-и-гостеприимство
Ф
Финансы-и-бизнес
П
Питомцы-и-животные
О
Образование
О
Образование-и-коммуникации
KsushaGromova
KsushaGromova
05.08.2021 13:28 •  Қазақ тiлi

Жазылым
псырма. Қажетті сөзді орнына қойып, сөйлемді толықтырып жаз.
Әлібек сейсенбіде ойнайды. Саша ... бассейнге барады. Анна ... қуыршак
ойнайды. Әнел дүйсенбіде ... тебеді.
Қажетті сөздер: сейсенбі, шахмат, дүйсенбі, әткеншеи вставить пропущенные слова

👇
Ответ:
fefmweoiwefio
fefmweoiwefio
05.08.2021

Саша сейсенбіде бассейнге барады.Анна дүйсенбіде қуыршак ойнайды.Әнел дүйсенбіде әткеншек тебеді

4,6(89 оценок)
Открыть все ответы
Ответ:
312645
312645
05.08.2021

«Кенесары - Наурызбай», тарихи жыр. Бұл дастанды Кенесары Қасымұлы бастаған ұлт-азаттық кетерілісіне бастан-аяқ қатысып, барлық оқиғаларды өзі көрген Нысанбай жырау Жаманқұлұлы шығарған. Нысанбай көлемді, тарихи-реалистік сипаттағы жырда Кенесары мен Наурызбайдың бейнесін батырлық эпос үлгісімен жырлап, ұлт-азаттық көтерілісінің соңғы кезін терең танып, үлкен ақындық шеберлікпен суреттеген. Ұлттық батырлар Кенесары мен Наурызбайдың психологиялық жағынан ең бір айқын айшықталған бейнесі жасалынған. Бұл жырды тарихшы ғалымдар да, жазушылар да өздерінің зерттеу жұмыстарында, шығармашылық қызметтерінде дерек кезі ретінде пайдаланған. Ұлт-азаттық көтерілісінің ішінде жүріп, оның жалынды жыршысына айналған Нысанбайдың аузынан тараған жыратапған себептерге орай, тарихи жәдігер ретінде де, көркемдік ескерткіш ретінде де ете құнды дүние. Жыр алғаш рет 1875 ж. С. Жантөрин мен Т. Сейдалиннің аудармасымен «Записки Оренбургкого русского географического общества» журналының 3-ші белімінде сөзі қазақша, әрпі орысша болып басылды, қазақ тілінде 1912 ж. Қазанда Университет баспаханасында Жүсіпбек Шайхисыламұлы жинап жырлаған жыр нұсқасы «Қисса-и Наурызбай төре Қасым уғлы Қасым Абылайханов» деген атпен жарык көрді. Ә. Диваев жинаған Ж. Басығарин нұсқасы X. Досмұхамедұлының алғы сөзімен 1923 ж. Ташкентте, Н. Төреқұловтың алғы сезімен 1924 ж. Мәскеуде жарияланды. Бұл басылымдарда Нысанбай жырауға үлкен қиянат жасалды: көтеріліске тіл тигізіліп, мазмұн жағы мүлдем басқа арнаға түсті. Е. Ысмайылов пен Қ. Бекхожин Кенесарыға тіл тигізетін бұрмаланған жерлерді алып тастап, Нысанбайға тән үлгімен жырланатын нұсқаны 1940 ж. өздері құрастырған «Батырлар жыры» деген көлемді жинаққа енгізді. Жырдың түпнұсқаға жақыны 1875 ж. нұсқа мен толық та көркем үлгісі - 1938 ж. ҚР ҰҒА фольклор экспедициясының торғайлық Қашкынбай Қараевтан жазып алған нұсқа. Жыр Кенесары-Наурызбай көтерілісінің шырқау биікке жетіп, әлсіреген кезін, көтеріліс басшысы хан Кененің мұздай каруланған патша әскерінің екпініне тойтарыс беруге шамасы жетпей, атамекенінен еріксіз кетіп, торға түскен жаралы жолбарыс күйін кешкен күйзелісін бейнелейді. Нысанбай жыраудың халық атынан қос батырын жоқтаған мұң-шерге толы зарлы жоқтау жырында көтерілістің, өзекті арнасын үлкен ауқымда қамтып, Кенесары, Наурызбай ерліктерін бұрынғы батырлар жыры дәстүрінде бейнелейді, эпикалық оқиғаға лирикалық сипат беріп, заман шындығын тебірене жырлайды. Жыр керкемдік қуатымен ғана емес, тарихи деректі сипатымен де кұнды. Тарихшы-ғалым Е. Бекмаханов атап көрсеткендей, жыр көтеріліске байланысты туған басқа шығармалардан озық, «жырда тарихи мәні бар жекелеген оқиғалар шындықпен баяндалады», шығармада суреттелген жайттар көтеріліс кезінде болған окиғалардан алшақтап кетпейді. Сталиндік әкімшіл-әміршіл жүйенің ескі мұра атаулыға қарсы саясаты бұл бағалы тарихи жырды жарты ғасыр уақытқа дейін жылы жауып қоюға мәжбүр етті де, еліміздің тәуелсіз мемлекет болуына байланысты «Кенесары-Наурызбай» жыры да халқымен қайта кауышты. Нысанбай ақыннын бұл жыры «Хан кене» жинағы (1993) мен «Қазақ халык әдебиеті» көп томдығының Кенесары-Наурызбай көтерілісіне арналған тарихи жырлар топтастырылған 17-томына (1996) енгізілді. Әуезовтін, Кенесары Қасымов бастаған ұлт-азаттық көтерілісінің тарихымен терең таныс болғандығын 1924-25 жылдары жазылып,  

Объяснение:

4,6(49 оценок)
Ответ:
KINGOFMATH1
KINGOFMATH1
05.08.2021
Тіл – қай ұлттың болмасын тарихы мен тағдыры, тәлімі мен тәрбиесінің негізі, қатынас құралы. Тіл болмаса сөз болмайды. Сөз болмаса адамзаттың тірлігінде мән-маңыз болмайтыны белгілі. Демек, тілдің, сөздің орны ерекше. Міне, осы орайда анатіліміз жайлы терең ойлану әрқайсымыз үшін парыз. Жыл өткен сайын ана тіліміздің мәртебесі өсіп, абыройы арта түсуде.

Тіл – халықтың жаны. Тілі құрыса, халық та жер бетінен жоғалады. Адамзат тарихында көптеген өркениетті елдердің өшіп кетуі алдымен тілді жоғалтудан басталғанын ғылым дәлелдеп отыр. Бүгінгі Қазақ қоғамындағы мәңгүрттіктің басы да өз тілін тәрк етуден туды. Ана сүті сіңбеген, бесік жырынан нәр алмаған ұлттық қасиет танасүтімен кірмейді. Тілі мен дінінен айырылған ондай жан рухани кемтарлығын, адамдық болмысын түсінбей, көлденең көк аттының қолжаулығына айналады. Ана тіліміздің тағдыры үшін күресте халқымыз қам-қарекетсіз болған емес. Жиырмасыншы жылдары тіл тәуелсіздігін ту етіп көтерген Әлихан, Ахмет, Міржақып, Мағжан, Мұхтарлар, сексенінші жылдардың аяғында бостандықтың лебі білінісімен басталған бүкілхалықтық қозғалыс соның айғағы.

ХХ ғасырдың ұлы жемісі – Қазақ халқы үшін Егемендіктің көк туы желбіреуі. Ата-бабаларымыз көксеген, армандаған тәуелсіздікке қол жеткіздік. Ендігі мақсатымыз - ұлттық рухты, түскен еңсені көтеру. Ұлттық мінез, ұлттық намыс, ана тілі жоқ жерде – ұлт та жоқ.

О, туған ана тілім! Тас бұлақтың тұнығы да сенде, ана сүтінің жұғымы да сенде, райхан гүлдің жұпары да сенде, қыран құстың жанары да сенде, назды сұлудың нәзіктігі де сенде, сахара даланың жазықтығы да сенде...

Халқымыздың аса бай рухани қазынасы – туған ана тіліміз. Ол – Қазақ тілі.

Қазақ тілі - өзінің даласындай кең пішілген жайдары да жалпақ тіл. Қазақ сөзі қашанда даланың қоңыр желіндей аңқылдап еркін есіп тұрады. Қазақ тілінің биязы мақамы – домбыраның күмбір қаққан сазындай. Асқан әуезділігі – шырқап салар әндей. Туған тілбіздің бірінші бақытымыз, бірінші ырысымыз, біз сондықтан “Ана тіліміз” дейміз. Қазақтар “Ананың тілі” деп ерекше құрметтейді. Басқа тілді білу - әрине, мақтаныш. Әйтсе де өз ана тілін аяқ асты етуге болмайды.

Ана тілің – арың бұл,

Ұятың боп тұр бетте.

Өзге тілдің бәрін біл,

Өз тіліңді құрметте, – дейді талантты ақын Қадыр Мырза Әли ағамыз.

Анамның тілі – ардақтым менің. Адамның атасы, әкесі мен шешесі сенсің. Сен менің кішкентай кезімде әкем болып мойныңа отырғызып қуандың, ат үстінде алдыңа алып, мені көкке секірттің. Жел болып кекілімнен сипадың.

Тілім, ана тілім менің, адамзатымның тілі, сен менің анам болған кезіңде көкірегіңе жабысып, төсіңнен ақ сүтіңді емдім. Сен менің ағам, інім, әпкем, қарындасым, бауырларым болған кезіңде мен сені одан әрмен түсініп, ұғынғым келді. Адамзаттың Абай мен Мағжан сынды асқар алыптарын туғызған, әкелері мен аналары болған ұлтымыздың тірегі сенсің, туған тілім. Бірақ, менің терім “туған тілім” сен үшін ғанатөгілсін, менің өмірім сен үшін ғана өрілсін! Олай болса, ана тілімізді алдымен өзіміз құрметтейік, ардақтайық! Сонда ғана туғантіліміздің туы биіктерде желбіреп тұратын болады...
4,4(6 оценок)
Это интересно:
Новые ответы от MOGZ: Қазақ тiлi
logo
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси Mozg
Открыть лучший ответ