1. Сәрсенбай болашақ құдасы Байжаның байлығына қызығып, әрі билікке отырса, көмегі тиеді деген өз есебімен құдалыққа келісім береді.
2. Жамал сол кезде өз ауылында қыздарды алдыңғы қатарында болған бойжеткен еді. Өзіне сөз салған жігіттерге көз қырын салмайтын. Ал болашақ жары Жұман тіпті топас, нашар болып, Жамал менсінбей қояды. Жамал оқыған, ақылды азаматқа лайық болатын.
3. Жамал мен Ғали бір тойда танысып, көңілдері жарасады. Осылай бір-бірімен той үстінде өлең арқылы танысқан екі жас ғашық боп, тез тіл табысып, араға көп уақыт салмай, алма-кезек хат жазысып:
Бір сенсің ғашық отын сөндіретін,
Кім бізді ықтиярсыз көндіретін.
Өлсек шұқыр бір болсын, шықсақ төбе,
Айырмалық болса да өлтіретін.
Бір алла жалғыз өзі болсын айғақ,
Тұралық уағданы бекем байлап,
Сен үшін бір басымды еттім құрбан,
Шынжырлап жіберсе де Сібірге айдап, -деген Жамал сөздері келіскен тұжырымдай болады.
4. Шолпан күйеуі Сәрсенбайдың билік үшін көмектеседі деген ішкі есеппен жалғыз қызын Жұманға беруіне қарсы болады.
5.Сөйтіп, Жүніс, Нұрмаш екі досы көмек етіп, Ғали Жамалды алып қашып, қаладағы саудалас, ниеттес досы татар байы Фатихолланың үйін паналайды. Азды күнгі рахат, бақыт, ләззат дәмін татқан екі жастың қызықты ғұмыры ұзаққа созылмайды. Байжанның қоқан-лоққы, тепкі дүмпуі бұлардың жатқан ұясын шайқар болған соң, жылжып Ғалидың нағашыларын жағалайды
6. Аяқ астынан ауырған Ғали он үш күн төсек тартып, кенеттен дүние салады да, Жамал жалғыз қалады. Сосын еріксіз Байжан босағасына барып, Жұманнан әбден зорлық көреді. Әрі қайғылы махаббат уын ішуі – оның боранды күні үйінен қашып кетуге мәжбүрлейді
7.Аяқ астынан ауырған Ғали он үш күн төсек тартып, кенеттен дүние салды. Жамалдың жалғыз қалуы, еріксіз Байжан босағасына барып, Жұманнан зорлық көруі, қайғылы махаббат уын ішуі – оны боранды күні адасып өлумен аяқталады.
Шоқанның ата-бабалары атақты сұлтандар әулетіне жатады. Оның арғы бабасы Абылай ханХВЫЫ ғасырдағы айбынды қазақ билеушілерінің бірі болды. Ал атасы Уәли хан патша үкіметі ресми түрде бекіткен қазақтың соңғы ханы еді. Шоқанның әкесі - Шыңғыс Уәлиханов білімді адам болған. Ол 1834 жылы Омбыда Сібірдің казак әскери училищесін бітіріп, орыс армиясында жоғары әскери шен - полковник атағын алды және Қазақстанды басқару аппаратында бірсыпыра жауапты қызметтер атқарды: Құсмұрын округінің аға сұлтаны, Сібір қырғыздарының облыстық басқармасының кеңесшісі, Көкшетау округінің аға сұлтаны болды. Россияның алдында сіңірген еңбегі үшін оған өмірлік мұра ретінде дворян атағы берілді. Шоқаннын анасы жағынан туыс нағашылары — Баянауыл өлкесіндегі атақты Шормановтар әулеті болатын. Шорманов Мұса орыс армиясының полковнигі, белгілі қазақ биі, Баянауыл сыртқы округының аға сұлтаны еді.