ответ:
егеменді еліміздің елордасы астана қаласына мерейлі 15 жыл толып отыр. біздің отанымыз – егеменді, тәуелсіз қазақ мемлекеті. еліміз егемендік алған жылдардан кейін көптеген жетістіктерге қол жеткіздік. өз тарихымыз, салт-дәстүріміз зерделеніп, әдеби зерттеулер жарық көре бастады. қазақстан республикасы , әлеуметтік тұрмысы тұрақты келе жатқан орта азиядағы беделді мемлекеттер қатарына қосылды.
тәуелсіздік басымызға кондырған ең басты бакыт-өз таңдауымызды өзіміз жасауымыз, өз болашағымызды озіміз болжауымыз. осындай таңдаудың бірі - ел астанасын сарыарканың киелі аспаны астына, қазақ топырағының кіндік тұсына кошіруіміз. бұл, шешімнің қаншалыкты манызды екенін әрбір қазакстандық жақсы біледі. ал, жас астана болса, жыл сайын жайнап көркейе түсуде. бас аяғы он бес жыл ішінде әлем жұртшылығы таныған айбыны аскақ шаһарлардың қатарына қосылды.
астана – қазақ елі болашағының каласы. еліміздің көгілдір туы желбіреген тәуелсіздігіміздің ордасы. жаңа астанамыздың курылысы - жас мемлекетіміздің жасампаздықка ұмтылысының, бүкіл қоғамымыздың жаңаруының ерекше символына айналған кұбылыс. біз жаңа ғасырға, жаңа мыңжылдыкка өркениетті ұлт ретінде, тарих сахнасына егеменді ел ретінде ендік.
тәуелсіздігіміздің айғағындай, елдігіміздің белгісіндей, алтын күндей елтаңбамызды, желбіреген көк байрағымызды көргенде, әуелеген әнұранымызды естігенде бойынды ерекше бір асқақ азаматгық сезім билейді. жастарымызды болашаққа бастайтын бас қаламыз, арман кала - жас каламыз -өнер, білім мен мәдениеттің, ғылымның ордасына айналуда.
ответ: су - тіршілік көзі деп бекер айтылмаған. себебі алғашқы тіршілік суда басталады. жердегі ең көп таралған заттың бірі су. мұхит, теңіз, көл, өзендерден басқа су барлық тірі ағзаның құрамында кездеседі. мысалға ағзасындағы қанның немесе шырынның негізгі құрамы судан тұрады. кәдімгі құрғақ өсімдік дәнінде де белгілі бір мөлшерде су болады. кейбір теңіз жәндіктері, мысалыға медузаның 97-98% - ы судан тұрады. судың құрамында еріген оттегі болғандықтан жануарлар және өсімдіктер тіршілік ете береді. су көптеген жануарлар мен өсімдіктер үшін тіршілік ортасы болып саналады. оның құрамындағы жануарлар мен өсімдіктерді құрлықтан кездестіре бермейміз. судың жарық түсе бермейтін қабатында терең емес жерлерінде жануарлар мен өсімдіктердің көптеген түрі мекендейді. мұхиттер мен теңіздердің терең қабаттарына - жарық түспегеннен қараңғы болып келеді. ол жерлерде тек қана сондай тіршілік ортасына бейімделген жануарлар мекендейді, өсімдіктер мүлдем кездеспейді. судағы еріген оттегімен су жануарлары желбезек арқылы тыныс алады.
объяснение:
ол кандай тапсырма екен