Жаңа жыл туралы шығарма.
Жаңа жыл – барша адамдардың тағатсыздана күтетін таңғажайып қызыққа, қуанышқа, сиқырға толы мереке. Кішкене бөбектермен қоса ересек адамдардың да ең сүйікті мерекесі десек те болады. Жаңа жыл жақындаған сайын жан – жақтың бәрі безендіріліп, жаңа жылдық әуендер ойнатылып, құдды барлық әлем ертегі әлеміне айналғандай күй кешеді. Балалар Аяз атаға хат жазып, жыл бойы тәртіптерінің жақсы болғанын айтып, қалған сыйлықтарын күтеді.
Барлығымыз да Жаңа жылды ерекше ықыласпен күтетініміз құпия емес. Жаңа жыл жақсылық пен қуанышқа толы болып, армандарымыз іске асатын мезгіл деп те қабылдаймыз. Жасымыз есейе келе ертегіге сенбесек те, Жаңа жылдан бір ерекше сиқырды күтетініміз тағы бар.
Әдетте, Жаңа жыл - отбасымен тойланатын мейрам. Аналарымыз, апаларымыз, жеңгелеріміз алдын ала дайындалып, тәттілерін пісіріп, жаңа жылдық дастарқан әзірлейді. Барлығымыз осы кең дастарқан басында жиналып, әңгімелесіп, қалжыңдасып, бір – бірімзге сыйлықтар сыйлап, естелік суреттерге түсеміз. Жыл сайынғы дәстүр бойынша Елбасымыздың құттықтауын тыңдап, келер жылға зор үмітпен қараймыз. Ал сағат он екіні соғысымен бір – бірімізді құттықтап, есік алдына мерекелік от шашуды тамашалауға шығамыз.
1-сөйлем
1)Бүгінгі таңда жастардың қандай болып өсуіне назар аударылып отыр?
2)Бүгінгі таңда кімдердің отаншыл, тәртіпті, белсенді болып өсуіне баса назар аударылып отыр?
3)Жастардың белсенді, отаншыл, тәртіпті болып өсуіне қашан назар аударылып отыр?
2-сөйлем
1)Кімнің “бұл заман-білікке сенетін емес, білімгемсенетін заман” деуі бекер емес?
2)Елбасы: бұл заман-білікке сенетін емес, неге сенетін заман деді?
3)Елбасы қай заман-білікке сенетін емес, білімге сенетін заман деді?
3-сөйлем
1)Елбасымыз: еліңнің ұлы болсаң не істе деді?
2)Кім “Еліңнің ұлы болсаң, өз мемлекетіңді нығайтып, көркеюі жолында теріңді төгіп еңбек ет!”-дейді?
3)Елбасымыз: ненің ұлы болсаң еңбек ет деді?
4-сөйлем
1)Бұл бастама қандай жастарғға арналған?
2)Қай бастама дарынды жастарға арналған?
3)Бұл бастама дарынды кімдерге арналған?