Құрметті елбасы Нұрсултан Назарбайұлы! Менің сізге пайдалы қазбалар туралы мәлімет жазғым келіп тұр. Пайдалы қазбалар адамдар үшін өте маңызды. Олар бізге өмір сүруге көмек береді. Пайдалы қазбаларсыз өмір қиынырақ болар еді. Тіпті, адамға күн көруге мүмкін болмас еді. Бірақ кейбір пайдалы қазбалар біздің табиғатымызға қауіп төндіреді. Мысалыға мұнайды алуға болады. Мұнай толығымен теңіздерге, өзендерге және тағы басқа сулы мекендерге төгіледі. Ал газ ауаны уландырады. Сонымен, пайдалы қазбалардан біз пайдалы қазбалардың тек жақсы жақтарын ғана емес, жаман жақтарын да көреміз. Н.Ә.Назарбаев, назарыңызға көп рахмет! От Адильхан
Мен диқаншы болсам
Егістік алқабында диқаншылар егін егеді. Егін егетін адамды - диқаншы деп атаймыз. Диқанның еңбегі - ауыр еңбек. Диқаншылар ерте көктемде жерді жыртып, бидайдың тұқымын себеді. Жаз бойы сепкен бидай тұқымын күтіп - баптайды. Құстардан, құрт - құмырсқалардан қорғап жүреді. Бидай алқабы суғарылмайды. Ол тек жаңбыр суымен өседі. Үлкен еңбек етудің арқасында сары алтындай сары бидай күзде пісіп жетіледі. Диқаншылар бірнеше гектарға созылған үлкен алқапқа дәнді дақыл, бидай, дән өсіреді. Күзде олар көп өнім жинап, өз еңбектерінің пайдасын көреді.Жаңбыр жақсы жауған жылдары молшылық болып, өнім көп болады.
Мен диқаншы болсам егін егіп, егіншілікпен айналасатын едім. Бұл ауыр еңбек болғанымен, бейнетіне қарай зейнеті.