Әр халықтың бала тәрбиесіндегі өзіндік ерекшеліктері арқылы мәдени құндылықтары қалыптасады. Ата-бабамыз ұл баланы ертеңгі абыройлы әке, қадірлі отағасы, елді қорғайтын ер, батыр, би, ақын, ұлттың намысты азаматы ретінде әділдікке, қайсарлыққа, кешірімді болуына, өнерге, білімге, салт-дәстүрімізді сақтауға тәрбиелеген. Ұл бала – қазақта шаңырақ иесі, ер-азамат – ата-ананың отын тұтатушы болып саналады. Қазақ отбасындағы тәрбиенің ерекшелігі жасы кішісінің үлкеніне «сен» деп сөйлемеуі, алдын кесіп өтпеуі, үлкен тұрып кішінің, әке тұрып ұлдың, шеше тұрып қыздың орынсыз сөйлемеуінде. Сөз жоқ үлкенді құрметтеу әдеті жауапкершілік, адамгершілік сезімдерін туғызған. Дұрыс бағытқа бағдарлау көп жағдайда абыройлы әкеге, үлгілі отағасына, қадірлі ағаларына байланысты.
Халқымыз ұл бала тәрбиесіне ерекше көңіл бөлген. «Әке көрген оқ жонар...» дей отырып, қазақ отбасында әкелер өзінің білетін бар өнерін ұлдарына үйретіп, оларды мерген, аңшы, яғни «сегіз қырлы, бір сырлы» жігіт етіп тәрбиелеген. Бала ес білгеннен бастап, оның құлағына «сен ертеңгі шаңырақ иесісің, болашақ әкесің, арқа сүйер жарсың, отбасының асыраушысысың, сондықтан да жаманнан жирен, жақсыдан үйрен» деген сөздерді құйып отырған. Халқымыз ер баланы 12-15 жасынан бастап, оның алдында өмірдің дайындаған талай қиын-қыстау шақтары мен қуанышты сәттері бар екендігін ескертетін болған. «Айтсаң, үйде туып, түзде өлетін жігіттерді айт» деп таңдандыратын, «Өнерлі жігіт өрге озар, өнерсіз жігіт жер соғар» деп шамдандыратын, «Ерді намыс өлтіреді, қоянды қамыс өлтіреді», «Ерлік білекте емес, жүректе» деп қайраттандыратын, «Ақыл жастан, асыл тастан» деп сеніміне шек келтірмейтін, «Атадан ұл туса игі еді, ата жолын қуса игі еді» деп армандайтын. Дүниеге ұл келсе, тұқымымыздың жалғасы, шаңырақ иесі туды деп ұлан-асыр, ат шаптырып той жасау күні бүгінге дейін сақталған. Қазақта бір кісі қайтыс болса, артында қалған ұлы бар ма еді деген сауалы болады. Бар деген жауап естісе, «орнында бар оңалар» деп бата береді. Отбасындағы ер баланың өз орны бар. Мысалы, тұңғыш ұл – кейінгі іні-қарындастарының қамқоршысы, ата-анасының көмекшісі, оған «Ағасы бардың – жағасы бар» деп арқа сүйеген. Кенже ұл – шаңырақ иесі. Басқа балалар енші алып, бөлек отау құрып жатса да кенже ұл әке-шешенің қолында қалады. «Ұлға отыз үйден тыйым, он сан үйден сын» демекші, ер жігітке айтылар сын көп, қойылар талап жоғары. Халықтың дәстүрлі тәрбиесінде осы баға – «жігіт сыны» деп аталады. Осы орайда ойға оларға берілетін тәрбиенің артықшылығы неде деген сұрақ оралады. Өйткені сәбидің бесік жырына құлағын қандырудан бастап, ауыз әдебиеті мен ата-баба тарихына сусындату тәрбие маңыздылығын сезіндіріп қана қоймайды, нәтиже де берері анық.
Объяснение:
Отбасы – адам үшін ең жақын әлеуметтік орта. Отбасы белгілі дәстүрлердің, жағымды өнегелердің мұралар мен салт-дәстүрлердің сақтаушысы. Отбасында бала алғаш рет өмірмен, қоршаған ортамен танысып, мінез-құлық нормаларын игереді. Отбасы баланың азамат болып өсуінің негізі болып табылады.
Отбасының басты қызметі баланы тәрбиелеу. Отбасы тәрбиесі – бұл жалпы тәрбиенің ең басты бөлігі. Ата-ана және отбасы мүшелері жас нәресте дүниеге келген күннен бастап, оның өміріне қамқорлық жасап, болашағын жоспарлайды және саналы азамат болып өсуі үшін қажет жағдай жасайды. Бұған баланың қажеттігін толық қанағаттандыру, оны дене және ой еңбегіне үйрету, күн тәртібін дұрыс реттеуге , салауатты өмір сүруге, адал болуға тәрбиелеу, жақсылықты үйретуге, жамандықтан жиренуге үйрету, бойында жастайынан мәдени құндылықтар мен адамгершілік қасиеттерді қалыптастыру жатады.
Қазақ отбасы тәрбиесінің өзекті мәселелері педагог- ғалымдар С. Қалиев, М.Смайылова, М.Оразаев, С. Ұзақбаева, К. Қожахметова, Ж.Б. Қоянбаевтардың еңбектерінде жан-жақты сөз болған.
Әр халықтың бала тәрбиесіндегі өзіндік ерекшеліктері арқылы сол халық отбасы тәрбиесінің де өзіне ғана тән мәдени құндылықтары қалыптасады.
Ханңын намысы-халықтың намысы - ар-ож-даннан бастау алатын, отан- сүйгіштікпен ұштас, рухани- құндылық сезім. Ханның намыс адамның ұлттық құндылықтарының маңызын түйсінуден туындап, халқының мұң-мұқтажын түсініп, туған елін корғауымен сипатталады. Халық намыс намыстың негізгі көрінісі адамның туған еліне сүйіспеншілігінен, төл мәдениетіне деген кұрметінен байқалады. Намыс адамның өзіне етене жақын дүниесінің, ұлттық рухани мұраларының қадірін білуімен негізделгендіктен оның құрамдас бөлігі ұлттық намыстың этностың рухани өмірінде өзіндік зор маңызы бар. Ұлттық намыс ұлттың өзіндік менін, өткен тарих тағылымын ұмытпай, ар-ожданын таптатпауы үшін керек. Елдің зиялы қауымының қайғысы күнкөріс тіршілік қамынан аспай қалуы Ұлттық намыстың әлсіреген әлжуаз күйін көрсетеді. Ұлттың ұйтқысы, ақыл-ойы мен намыс-парасатының нақты айғағы ғылыми және шығармашылық қауымның туындыларынан көрініс береді. Бұл шығармалар халықтың қайратын жанып, ерлігін дәріптеп, елдің еңсесін көтеруге қызмет етеді. Сондықтан ұлттық намыстың қозғаушы күш-қуатын әдеби мұралардан: батырлық жырлардан, тарихи жырлардан, соларды арқау еткен тарихи шығармалардан айқын көреміз. Ұлттық намыс елдің ұлттық тұтастығы, рухани бірлігіне қызмет жасайтын, елдікпен егіз ұғым. Елдікті ардақтаған ерлер есімі ел намысын қорғаушы, сонымен қатар халықтың бірлігі, ел іргесінің бүтіндігі үшін күресуші ретінде ел есінде қалады. Қазақтың көне тарихын айтпағанда қазақ хандығы тарихындағы Қасым хан, Тәуекел хан, Есім хан, Салқам Жәңгір, Абылай хандар - ұлттық намыстың жоқтаушысы болған, елін, жерін сүйген ақылға кеніш, ерлікке кемел тұлғалар. Олар ұлт игілігіне қызмет жасап, дұшпаннан қорғап, ұлысының өрісін кеңейтті, тәуелсіздігін қамтамасыз етті. Ұлттық намысты сақтаудың үлгісін елді сыртқы жаулардан қорғаған батырлар да көрсеткен. Кейіннен елдің рухани серпіні көркем сөзден бой көрсетіп, Бұқар жырау, Махамбет бастаған отаршылдыққа қарсылық ұраны, азаттық жыры Дулат, Шортанбай, Мұрат, Әбубәкір жырларына өзек болған. Бодандық ахуал, Абай шақырған жаңғыру, өркениет көшіне ілесу идеясы Ұлттық намыстың айрықша көрінісі, яғни ұлттық тұтастыққа ұмтылған, рухани серпіліс беріп көкірек көзін ашқан қуатты құбылыс еді.Ұлттық тәуелсіздік мәселесін бірінші орынға қойып, саяси күреске толы төңкеріс жылдарында бел шешіп күреске шыққандар Алаш арыстары болды. Ұлттық намысын қорғаған осы күрескерлердің көтерген ұлттық мәселелерінің қай кезенде болсын өзектілігін жоймайтыны бүгінде дәлелденіп отыр. Демек Ұлттық намыс халықтың мәңгілік құндылықтарын сақтаудың кепілі