1) Негізінен балалар поэзиясы, сатиралық жанр саласында еңбек еткен.
2) "Аққала","Әже","Боран","Біз шадыман баламыз","Жер – туған жер","Гүл","Сәлем саған, мектебім!","Сыйға-сый","Торғай","Тұңғыш қазақ ғарышкері" атты өлеңдерін білемін.
3) Оның аударуында қазақ тілінде С.Маршактың «Ақымақ тышқан туралы ертегі» (1973), С.Михалковтың «Степа ағай» (1978), Р.Ғамзатовтың «Менің атам» (1969, 1982) поэмалары, Р.Киплингтің бірнеше ертегісі «Пілдің баласы» деген атпен (1983), Бақытжан Момышұлының «Мен әлі сәбимін» повестері мен әңгімелері (1984), «Жанымның жарық жүлдызы» романы (1985) жеке кітап болып шыққан.
Сондай-ақ Я.Колас, А.Барто, Я.Бжехва, Дж.Родари, Я.Аким, Б.Заходер, Қ.Мүхамади, Қ.Тәңір-құлиев, Б.Асаналиев, т.б. өлеңдерін аударуға қатысқан.
Ұлы Отан соғысы 1941-1945 жылдар арасында болған. Бұл соғыс екінші дүниежүзілік соғыс болып саналады. Ұлы жеңіс Адамзат тарихындағы ең сұмдық соғыстың болып өткеніне 75 жыл толды. Бірақ Ұлы Жеңісті біз ұмытпаймыз. Жеңіс күні - бұл сан мыңдаған ұрпақ үшін ортақ мереке. Бұл мереке - бейбітшілік пен қайырымдылықтың мәңгі жасампаздығы, Отанын қорғаған жауынгер солдаттар мен офицерлердің айбыны, тылдағы Жеңісті жақындатқан жұмысшылардың ерлік еңбектерінің мәңгі өшпейтіндігі дәлелдейтін белгі болып қалмақ. Біздің аталарымыз бен әкелеріміздің батырлықтары мен жанқиярлықтары, олардың өз Отанына деген шексіз сүйіспеншіліктері Қазақстанның бүгінгі жауынгерлері үшін мақтан тұтарлық үлгі ғана емес, бұл бірнеше ұрпақты байланыстыратын қоғамның рухани дамуы мен ұлттық қайта өрлеуінің жоғары адамгершілік негізі. Жеңіс күні - абыроймыз бен даңқымыздың мерекесі. Табандылық пен ерлік, Отанға деген сүйіспеншілік қатал соғыста Жеңіске жеткізді. Сол бір сұрапыл жылдары Қазақ халқы өзінің Отанына, жеріне деген патриоттық сезімін, ұлттық мақтанышын дәлелдеді. 500-ден аса жерлестеріміз, оның ішінде 96 Қазақ Кеңес Одағының Батыры атағын алды. Олар: Бауыржан Момышұлы, Талғат Бегельдинов, Сергей Луганский, Иван Павлов, Мәншүк Мәметова, Әлия Молдағұлова және тағы басқалары.
Объяснение: