М
Молодежь
К
Компьютеры-и-электроника
Д
Дом-и-сад
С
Стиль-и-уход-за-собой
П
Праздники-и-традиции
Т
Транспорт
П
Путешествия
С
Семейная-жизнь
Ф
Философия-и-религия
Б
Без категории
М
Мир-работы
Х
Хобби-и-рукоделие
И
Искусство-и-развлечения
В
Взаимоотношения
З
Здоровье
К
Кулинария-и-гостеприимство
Ф
Финансы-и-бизнес
П
Питомцы-и-животные
О
Образование
О
Образование-и-коммуникации
ренат76
ренат76
15.10.2022 12:14 •  Қазақ тiлi

Менің атам – ағаш шебері. Атамның шеберханасы бар. Шеберх,
ағаштан бұйымдар жасайды. Атамның жанында көмекшісі бар. Ол кі
былтыр ағаштан қамшы, домбыра, қобыз жасады. Оларды оюмен өр
теді. Домбыраның бетіне «қошқармүйіз» өрнегін салды. Қобыздың бет
«мүйіз» өрнегін салды. Ал қамшының сабына «СЫНЫқмүйіз» өрнегін салды
Былтыр Қазақстан Республикасы Ұлттық мұражайында Қазақ ханд
ғының 550 жылдығына арналған «Зергерлік өнер» атты көрме өтті д-
көрмеге ағаштан жасаған бұйымдарын қойды. Көрмеге келушілер Қолө
бұйымдарын ұнатып, қызықты.
Көрмеге «Әдемі-ай» өнер мұражайындағы сирек кездесетін зергер
лік бұйымдар қойылды. «Әдемі-ай» өнер мұражайының 2011 жылы бел.
Гiлi коллекция жинаушы, өнертанушы Баһаргүл Төлеген ашқан еді. Қазір
мұражайда 1000-нан астам экспонат бар. Онда біздің заманымызға дейін
гі І-ІІ және VI-XII ғасырлардағы археологиялық ескерткіші бар. Көрмеге
«Әдемі-ай» компаниясының Қазақ хандығының 550 жылдығына арнал
дайындаған Сәндік-қолданбалы өнер бұйымдары мен ұлттық кәдесыйлары
да қойылды. Әшекейлер қазақ халқының тарихынан сыр шертеді. Зергер-
лік бұйымдар ұлттық мәдениетіміздің дамуын көрсетеді. Ұлы даланың қол-
өнер туындылары мәңгі жасайтынына көзім жетті.

по этому тексту сделайте план и на картинке ответьте только на 5 во взаимная подписка ❤️,заранее

👇
Ответ:
5. Көрме "Қазақ хандығының -550жылдығына" арналды.
Жоспар:
1. Ағаш шебері
2. Қазақ хандығына 550 жыл
3. Мерекеге арналған "Зергерлік өнер" атты көрме
4. "әдемі-ай" өнер мұражайы
5. Зергер бұйымдардың ұлттық мәдениетімізге деген үлесі
4,7(60 оценок)
Открыть все ответы
Ответ:
magnolyabz
magnolyabz
15.10.2022

«Алтын күз» шығарма.

Әне – міне деп, асыр салып ойнап жүргенімізде күздің де келіп жеткенін байқамай қалыппыз. Табиғаттың әрбір маусымы өз ерекшелігімен әдемі. Менің ойымша, күз басқа маусымдарға ұқсамайтын келбетімен ерекше. Күз мезгілін «алтын күз» деп айтатын себебіміз жапырақтардың барлығы сарғайып, алтын түстес болып, айналаның бәрі де сары түске боялғандай болады. Осы қызыл, сары, қоңыр жапырақтар - «алтын күздің» айрықша белгілері.

Сары жапырақ қоңыр салқын ауа-райы, жабырқаушы көңіл-күй, қара суық жер күзге тән қасиет.

Күз сонымен қатар молшылықтың, байлықтың, берекенің маусымы. Осы кезде қырман басы тазаланып, бау – бақша жиналып, бидай, тары, күріш, сұлы арпа дақылдары піседі. Құстар да күз келісіміен келесі көктемге дейін жылы жаққа ұшып кетеді.

Сары жапырақ қоңыр салқын ауа-райы, жабырқаулы көңіл-күй, қара суық жер күзге тән қасиет. Неткен ғажап көрініс . Бірақ, қандай болмасы менің жаныма ең жақын - осы бір күз мезгілі. Оның екі себебі бар, бірінші себеп – ол күздің нағыз жылы күндерімен тұспа – тұс келетін менің туылған күнім, ал екіншіден, табиғаттың осы бір ғажайып күйі маған ерекше сезім сыйлайды. Сонымен қатар, күзде саябақта қыдырып, ағаштардан түскен жапырақтарды жинап, гербарий жасау – менің хоббиім.

4,4(74 оценок)
Ответ:

Шығарма

Күзгі бақ.

Жаздан кейін күз "патшалығы" да келіп,бар аумақты өзіне баурады.Тіпті,жайқалып тұрған әсем баққа да келіп жеткен еді.Күзді күні тек күн салқындап,ел астық жинап қысқа қамданбайды.Соған қоса күз өзінің таңғажайып сұлулығымен де қалыс қалмайды.Оны күзгі бақтың бейнесінен байқай аламыз.Күзгі баққа кіріп қалсаң,бейне бір алтын жалатылған баққа кіргендей боласың.Ағаштар да,аяғыңның асты да сары түске боялған.Арасында қызыл,қоңыр,қызыл-сары түстер де араласып,керемет пейзаж береді.Күзгі бақта әдеттігіден көп серуендей бергің келеді.Себебі,ол тек әдемілігімен ғана емес,тыныштығымен де өзіне тартады.Күннің бұлтты не суық болуы күзгі баққа түк те әсер етпейді.Бәрбір де көркем.Отырғыштардың біріне отырып алып,кітап оқып,демалғың келе береді.Шешілмеген мәселең шаш етектен болса да,күзгі баққа келіп шешім іздейсің.Шығармашылық адамдары да күзгі баққа асығады емес пе?Бұл әдемі көрініске жыр арнамау не қағаз бетіне түсірмеу мүмкін емес қой.Не дегенменде,күзгі бақ – ерекше,адамды өзіне баурайтын сиқыршы.

4,4(45 оценок)
Это интересно:
Новые ответы от MOGZ: Қазақ тiлi
logo
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси Mozg
Открыть лучший ответ