Құрмалас сөйлемдерді түріге қарай ажырат.
Еуропа қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымы.
1973 жылы шілде айында Хельсинкиде 33 мемлекеттің
басшылары бас қосты. Алғашқы кезде Еуропаның ынты-
мақтастығы және қауіпсіздігі жөніндегі кеңес деп аталды.
1975 жылы 1 тамызда осы мемлекеттер Хельсинки Ак-
тісіне қол қойды. Хельсинки Актісінде Халықаралық қа-
уіпсіздікті сақтау принциптері мыналар: мемлекеттердің
егемендігі, теңдігі; күш қолданбау және «күш қолданамын»
деп қорқытпау; қазіргі шегаралардың бұзылмайтындығы:
мемлекеттердің аумақтық тұтастығы; даулы мәселелерді бей-
біт жолмен шешу; ішкі істерге араласпау; адам құқығын кур.
меттеу, олардың ойлау, ар-ұждан, діни сенім бостандықтан
рын сыйлау; халықтардың өз тағдырын өзі таңдау құқығы:
мемлекеттер арасындағы ынтымақтастық; халықаралық
құқық міндеттерін адал орындау.
Ұжымдық қауіпсіздік шарты Ұйымы (ҰҚШҰ) - Тәуел-
Теңге туралы диалог құрастыру.
Інісі: Әпке, сіз білесіз бе біз сыныбымызбен ұлттық мұражайда өтіп жатқан теңге көрмесіне барып, сол жерде қойылған ақшаларды тамашалап қайттық.
Әпкесі: Бәрекелді. Қандай әсерде болдың?
Інісі: Маған бұл серуен өте қатты ұнады, еліміздің тарихына бір сәт үңіліп, алғашқы теңгелердің қандай болғанын өз көзімізбен көріп қайттық.
Әпкесі: Сонда теңге жайлы не біліп қайттың?
Інісі: Қазақстан тәуелсіздігін алғанына 2 жыл толмай жатып, 1993 жылы 15 қараша күні теңгені ресми түрде ақша айналымына енгізген екен.
Әпкесі: Ия, 15 қараша ұлттық валюта күні ғой...
Інісі: Теңгенің ең алғашқы дизайны қалам, калька және тушь арқылы салынған екен,себебі әрлеушілердің қолында бұдан басқа ешқандай құрылғы болмаған.
Әпкесі: Бұл жайлы естімеппін, әйтеуір алғашқы теңгелер шетелде басылып шығарылғанын естіп едім, қай мемлекетте екенін ұмытып тұрмын...
Інісі: Теңгенің бірінші топтамасы Лондонда басылып шығарылыпты.
Әпкесі: Ия, енді есіме түсті. Осы басылып шыққан теңгені елге жеткізу үшін ұшақтармен 20-ға жуық әуе сапары жасалған екен.
Інісі: Алғашында теңгемен қатар тиын да айналымда болған екен, сол алғашқы қағаз тиындарды көріп қайттық. Маған бұл көрме естен кетпес әсер қалдырды.