Жер шарындағы кез келген адамның Отаны, туған жері болады. Туған елге деген, жерге деген ыстық махаббат әр адам жүрегін тербейді, жүрегінде өмір бойы сақталады. Еліміздің бейбіт өмір сүруін халық тілейді, армандайды. Қазақстан Республикасы – бүгінгі таңда егемен тәуелсіз мемлекет. Халқымыздың тәуелсіздік жолындағы бастан кешкен қиындықтары мен ашаршылық жылдары әлі де ұмытылмай, жүрегімізге дақ түскендей. Халықты аман сақтап, елін қорғап, ақтық демі қалғанша Отан үшін майданда көкірегіндегі қанын аямай , ұзақ жылдар бойы күтіп, аңсаған тәуелсіздік туын желбіреткен қазақ батырлары мәңгі ел есінде.
Соғыс жылдары қазақ халқын әлсіретіп, салт-дәстүрін жойып, халық санын едәуір азайтты. Бірақ кейіннен қазақ елін төрлеткен Ұлы Жеңіс күні әр қазақ азаматының жүрегіне жаңадан қуат берген, нұр берген. Халық сенімін ақтаған, сонау заманда әр жүректе кішкентай болсын үміт отын жандырған қазақ батырлардың рухын өмір бойы сыйлап өтеміз. Ел оларға үміт артқан, сенім артқан. Ол сенімді жерге тастамай, үміттерін ақтай білген.
Ғабит Мүсірепов (1902-1985) - Қазақ әйгілі жазушысы, қоғам қайраткері. Туған жері қазіргі Солтүстік Қазақстан облысынының Жамбыл Ауданы.Алғашқыда ауыл молдасынан арабша хат таныған Ғабит жастайынан әуелі екі жылдық ауылдық орыс мектебін, кейін төрт жылдық жоғары басқыш орыс мектебін бітіріп, Қазан төңкерісінен кейін үстемдік алған Кеңес өкіметінің жұмысына әжептеуір орысша сауаты бар адам ретінде араласып, түрлі қызмет атқарадыОрыс мектебінде жүргенде орыстың атақты ақын жазушыларының шығармаларын оқып білуі, ауыл мектебінде өзін оқытқан әдебиетші мұғалім Бекет Өтетілеуовтың әсер ықпалы болашақ жазушының әдебиетке ерекше ықылас аударуына септігін тигізедіҒабит Мүсірепов өзінің қоғамдық, публицистік, журналистік, сыншылдық қызметімен де туған халқының мәдениетінің дамуына зор еңбек сіңірді. Алайда қазақ халқы оны үлкен суреткер жазушы деп таниды, көркем сөздің хас шебері деп біледі, құрмет тұтады..Ол бірнеше мәрте Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің, бір рет КСРО Жоғарғы Кеңесінің депутаты және Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің төрағасы болып сайланды. Екі мәрте Ленин орденімен және Еңбек Қызыл Ту ордендерімен марапатталды.
Можно картинку? тогда я тебе хорошо?