Ұлы Ардагер, Тәуелсіз Қазақстанымыздың ең алғашқы Халық Қаһарманы- Ұлттық батыры, партизан Қасым Қайсенов атамыздың "Жау тылындағы бала" повесі 1961 жылы жазылған болатын. Бұл - ерлікке,адамгершілікке толы шығарма деп білемін. Бұл повесте сұрапыл Ұлы Отан соғысы кезінде Украина жерінде он жасар қазақ баласының партизандар қатарында болған қилы өмір соқпағы суреттеледі. Осы шығарманы оқи отырып өзім соғыста болғандай сезімде болдым. Шығарманың бас кейіпкері - Серік ата-анасынан жетім қалады. Осы бір жері көңіліме қатты батып, көзіме жас ұялатып, жүрегім мұңды күй кешті. Бірақ адамгершілігі мол Анна Ивановна оны өз алақанына алып, ұлы Бориспен біргі өсіреді. Боря өте ақылды,қайсар,адамгершілігі мол, ол Серікпен жақсы дос еді, екеуі жақсыны да, жаманды да бірге көріп өскен балалар. Серік кішкентай болғанымен, шаруаға мығым, ересек адамдардың шаруасына бірден кірісе кететін бала. Жанкештілікпен Отан үшін алысқан партизандар сәулетті қала мен күл болған селоны, немістер тірідей көмген әке-шеше,іні-қарындасты көрді.Бостандық үшін, болашақ бақыт үшін аянбай алысты. Жандармдардан ерлікпен қорғанған ауыл тұрғындарына Қызыл Армия көмекке келеді. Повесть соңында Майор Жомарт Мергенбаев ұлы Серікпен аман-есен кездеседі.
Алтын адам киімі 4 мыңға жуық алтын әшекейлермен безендірілген. Әшекейлер барыс, бұлан, таутеке, арқар, ат, түрлі құс бейнелерін беретін “хайуанат нақышында ” жасалған. Бас сүйектің сол жағынан жаһұт тастармен әшекейленген алтын сырға табылды. Бас киімі кейінгі қазақ киімі үлгілеріне ұқсас, биік, шошақ төбелі, ұзындығы 70 см шамасында. Мойнында дөңгелек жүзік сияқты алтын алқа, іш көйлегі, көкірегінің тұсы, жеңі алтын тоғалармен өрнектелген, саусағында екі алтын жүзік, камзолы құрастырылмалы ауыр белбеумен буылған. Белбеуге аңға ұқсас бейнелер, 16 тоға жапсырылған, оң жағында қызыл қынапты ұзын семсер, сол жағында алтын пластиналар жапсырылған қынға салынған темір қанжар — ақинақ, шалбар балағы да алтын тоғалармен әшекейленген.
Менің отбасымның дәстүрлері. Менің отбасым салт дәстүрлерді құрметтейді. Қолдан келгенінше ұстауға тырысады. Мысалы: біздің отбасында дастархан басына барлық отбасы мүшелері жиналмай ас алуды бастамаймыз. Онда бәрі жиналған соң атам тамақ алуды бастайды, сонан кейін ғана барлығымыз кірісеміз. Тамақ ішіп болған соң, атам ас қайырып, бата береді, сонан соң ғана бәрімізге дастархан басынан тұруға болады. Қандай да бір жұмыс болсын барлығымыз жұмылып, бірге істейміз. Бірге демаламыз. Қыдырғанда да бірге қыдырамыз. Қонақ келгенде бірге қарсы алып, бірге құрмет көрсетеміз. Міне, біздің отбасының дәстүрлерінің шет жағасы.
Жау тылындағы бала