М
Молодежь
К
Компьютеры-и-электроника
Д
Дом-и-сад
С
Стиль-и-уход-за-собой
П
Праздники-и-традиции
Т
Транспорт
П
Путешествия
С
Семейная-жизнь
Ф
Философия-и-религия
Б
Без категории
М
Мир-работы
Х
Хобби-и-рукоделие
И
Искусство-и-развлечения
В
Взаимоотношения
З
Здоровье
К
Кулинария-и-гостеприимство
Ф
Финансы-и-бизнес
П
Питомцы-и-животные
О
Образование
О
Образование-и-коммуникации
Katemur20
Katemur20
01.03.2020 14:44 •  Қазақ тiлi

Шокан Уалихановтын ғылыми зерттеулерінің тарихи құндылықтарын анықтау

👇
Ответ:
nebeca
nebeca
01.03.2020

Шоқан (Мұхаммедханафия) Шыңғысұлы Уәлиханов – XIX ғасырдың екінші жартысында қазақ даласында туған демократтық, ағартушылық мәдениеттің алғашқы және талантты өкілдерінің бірі. Қазақтың әр алуан ғылым көкжиегінде өшпес із қалдырған мәңгі жарық жұлдыздар шыңында қазақ ұлтының абзал перзенті Шоқан Уәлиханов бар. Оның философия, этнография, тарих, экономика, фольклор, әдебиет теориясы жайлы құнды-құнды еңбектері мен пікірлері ұлттың тұтас құндылығына бағалауға тұрарлық шығармалар. Шоқан 1835 жылдың қараша айында қазіргі Қостанай облысының Құсмұрын бекетінде туған. Жасында ауыл мектебінен мұсылманша хат таныған Шоқан кейін орыс мектебі тәрбиесінде өскен. Шоқанның келешегі мен ғылым, өнер жолындағы талантын ұштауда Омбыдағы Кадет корпусының орны ерекше. Кадет корпусына алғаш келген кезде орыс тілін білмейтін Шоқан аз ғана уақыттың ішінде өзгелерден анағұрлым озық тілді меңгеріп алған. Шоқанның ерекше қабілеті өзі қатарлас достарының ғана емес, таңдаулы ұстаздарының назарын өзіне аударды. Оған әсіресе орыс тілі мен әдебиеті пәнінің оқытушысы Костылецкий мен тарих пәнінің оқытушысы Гонсевский күшті ықпал еткен. Осы оқытушылардың әсерімен Шоқан сол кезден бастап орыс және дүние жүзі әдебиетінің озық үлгілерін меңгерген. Шоқанның зерттеушілік қабылеті корпуста оқып жүргенде оянған. Жазғы демалыс уақытында ол ел ішіндегі аңыз әңгімелерді, халық жырлары мен поэмаларын жазып алумен шұғылданған. Мысалы, Шоқанның алғашқы жазып алған шығармаларының ішінде «Қозы Көрпеш – Баян сұлу» жыры болған. 1852 жылы Костылецкийдің көмегімен Шоқан көрнекті шығыс зерттеушісі, Петербург университетінің профессоры И.Н.Березинмен танысады. Березин Шоқан жинаған қазақтың ауыз әдебиеті нұсқаларын, «Қозы Көрпеш – Баян сұлу» жырын алған, ал өз тарапынан Шоқанды ескі жазу ескерткіштерін зерттеу ісіне тартқан. Шоқанның сабақтан тыс уақытта көп оқып, зерттеген еңбектерінің бір саласы сол кезеңдегі саяхатшылардың өмірі мен ісі туралы жазылған еңбектер болған. Мұның өзі оған қатты әсер қалдырады. Ол саяхатшы болуды, соның ішінде Орта Азияны аралап, зерттеуді мақсат етеді. 1855 жылы Шоқан Орталық Қазақстанды, Жетісу мен Тарбағатайды аралайды. Қазақ халқының тарихы мен әдет-ғұрпы, діни ұғымдары жайында материал жинап қайтады. Осыдан кейін ол «Тәңір (құдай)», «Қазақтардағы шамандықтың қалдығы» деген еңбектерді жазады. 1856 жылы Шоқан қырғыз елін зерттеу экспедициясына қатысады. Қырғыздар мен Ұлы жүз қазақтарының тарихы, этнографиясы жайлы мәліметтер жинайды, ауыз әдебиетінің нұсқаларын жазып алады. Бұдан кейін Құлжа қаласында болып, Жоңғария тарихымен шұғылданады. 1857 жылы тағы да қырғыз елінде болады. Осы сапарлар барысында «Жоңғария очерктері», «Қырғыздар туралы жазбалар», «Қазақтың халық поэзиясының түрлері туралы», «Ыстықкөл сапарының күнделіктері», «Қытай империясының батыс провинциясы және Құлжа қаласы» атты еңбектерін жазып шығады. Бұл еңбектер жергілікті халықтардың тарихы, мәдениеті, әдебиеті, әдет-ғұрпымен тұтасып, аса жоғары бағаланған туындылар болып есептеледі. Шоқанның демократтық, ағартушылық көзқарасын анықтауда бұл еңбектердің үлкен маңызы бар. Оларды Шоқан қоғам өмірінің дамуы мен келешегіне салынған жол деп біледі. Сонымен қатар оны өз халқының құндылығымен, тіршілігімен байланыстыра дамытады.

4,7(6 оценок)
Открыть все ответы
Ответ:
Olesya15551
Olesya15551
01.03.2020
Біз қазір қалада тұрамыз. Бірақ атам мен әжем және әкемнің бауырлары атам туған ауылда тұрады. Біз атам туған ауылға жиі барып тұрамыз. Біздің әрбір барғанымыз атам, әжем үшін үлкен бір мереке. Ал аулына келгенде әкемнің қуанышында шек болмайды. Шіркін, атамекен ауылым, кіндік қаным тамған жер, мен үшін сенен ыстық мекен жоқ деп,- аулына деген махаббатын жеткізеді. Ол және достарымен кездесіп бұл жерде менің балалық іздерім қалған, сағынышым, жасыл жайлауым, -деп ауылын аралап келеді. Апам бауырым, қарағым деп еркелетсе, әжем-құлыным деп еркелетеді. Атам туған ауылда бізде өте жақсы көреміз, көп бармай қалсақ, қатты сағынамыз.
4,8(94 оценок)
Ответ:
gubkina2003
gubkina2003
01.03.2020
Барлық сабақтар бiзде қызық өтедi. Бiрақ әсiресе, маған Қазақ тiлдерi ұнайды. Маған Қазақ тiлiнiң сабағы болу үшiн ынта бiлдiрер едiм. Бiздер сабақ бұл өзiмнiң Қазақ тiлi, оның салты және мәдениеттi үйренемiз. Бiздер Қазақ халығының өмiрi туралы бiлемiз. Және бiз сабақ пайда болар едi өзiмiздiң Қазақтары сияқты!Уақытты ұшқандай ! менiң немдi Қазақ тiлiненiң кiтапқа отырамын және көрiп қалмаймын болады Маған ұнайды және мен Қазақ тiлiн жақсы көремiн!

 Все уроки у нас проходят интересно. Но особенно, мне нравятся «казахский язык». Мне бы хотелось, чтобы урок «казахского языка» был каждый день. На этом уроке мы изучаем сам казахский язык, его обычаи и культуру. Мы узнаём о жизни казахского народа. И урок наш получается как будто мы сами казахи! Бывает так, что я сяду за книгу на казахском языке и не замечаю, как летит время! Мне нравится и я люблю казахский язык!
4,5(11 оценок)
Это интересно:
Новые ответы от MOGZ: Қазақ тiлi
logo
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси Mozg
Открыть лучший ответ