1. Төлен Әбдіков туралы не білдіңдер? Қандай шығармаларын
білесіңдер?
2. «Қонақтар» әңгімесінің кейіпкерлері кімдер?
3. Әңгімеде қазақ ауылының тұрмыс-тіршілігі қалай суреттелген?
4. Ерғабыл қарттың образы туралы не айтуға болады?
5. Сапабек кім? Ауылдастарының алдында өзін қалай ұстады?
6. Сапабектің ата-анасына деген қарым-қатынасы суреттелген жерді
тауып оқыңдар.
7. Келіні Томаның қылығы: отырысы, шай құюы, киім киісі туралы не
айтар едіңдер? Қайда өскендігін аңғардыңдар?
8. Қарттар өз өмірлерінің соңғы кезеңінде нені армандап еді? Сол
армандарына жетті ме?
9. Қарттың ендігі үміті кімде еді? Ол үміті қалай үзілді?
10. Әңгімеде автор кандай мәселені көтеріп отыр?
Қасиеттім.
Қастерлім.
Өзің барда өзегімде жоқ шер мұң!
Кеше сенің келбетіңді арман ғып,
Боданына бұғауландық басқа елдің.
Бабалардың басын тігіп бәйгеге,
Аналардың жанарына жас бердің!
Уа, Еркіндік,
қош келдің!
Өзегімді өртке ораған қоғамда,
Өз үйіме өзім өгей болам ба?!
Алшаң басып жүре алмаса алты алаш
Азаттығым! Қадірің де жоқ онда!
...Саған жету қиын болса қаншалық,
Сақтап тұру қиынырақ одан да!
Алла берген азаттықтың әр сәті-
Аманат қой
Маған,
Саған
Оған да!
Саясатқа сермей алмай семсерді,
Езгі күнге тері қылдым еңсемді!
Желтоқсанда жалын атып жастығым,
Құрсау болған темір қоғам теңселді!
Есте даңқы қыршындардың қалды ма,
Сексен алты ерлігім бе-ей, ең соңғы!?
Уа, еркіндік,
Құның немен өлшеңді!?
Уа, еркіндік!
Құның немен өлшенді?!
Сені көксеп
Боздақтарым өлсе өлді!
Сенсің менің ең ғажайып өлеңім,
Ең шуақты,
Ең шырайлы,
Ең шерлі!
Әр таңыңды сүйіншілеп тұрайын-
Құдай берген ғұмырымда өлшеулі!