Бөлім бойынша бақылау жұмысы
1. Абай Құнанбайұлы өлеңді неше жасынан бастап шығарған?
А ) 12 жасынан бастап Б) 18 жасынан бастап
Ә) 7 жасынан бастап В) 5 жасынан бастап
2. «И кобылы с упитанными боками еле дышат»- үзіндісі Абайдың қай өлеңінен алынған?
А) «Жаз» Б) «Күз»
Ә) «Жазғытұры» В) «Қыс»
3. Нөсер алдында не ойнайды?
А) Музыка Б) Найзағай
Ә) Жел Ә) Жаңбыр
4. «Дымқыл» сөзінің аудармасын тап.
А) Ветер Б) Сырость
Ә) Зима В) Влажность
5. Қазақтар тұрмысқа қажетті бұйымдарды неден жасаған?
А) Мыстан Б) Алтыннан
Ә) Ағаштан В) Қолдан
6. Білезікті қыз бала неше жасынан таққан?
А) 3-4 жасынан Б) 9-10 жасынан
Ә) 7-8 жасынан В) 2-3 жасынан
7. Абай Құнанбайұлы қай жылы дүниеге келді?
А) 1945 ж Б) 1845
Ә) 1875 ж В) 1965
8. Зергерлік бұйымдарды белгілеңіз
А) кітап, дәптер Б) ер-тұрман, қоржын
Ә) білезік,сырға В) құрақкөрпе, қайың
9. Сөйлемдегі есімдіктерді анықтаңыз: Мен ешқашан елімді сатпаймын!
А) сілтеу, жалпылау Б) жіктеу, өздік
Ә) жіктеу, болымсыздық В) белгісіздік, сұрау
9- бал
Жақсылық жасау – имандылықтың, тәрбиеліліктің, парасаттылықтың айқын көрінісі. «Не берсең де балаға бер, бала үшін жаса» деген халқымыздың игі дәстүрі қазіргі кезде қайырымдылық қоғамдарының іс-тәжірибелерімен жалғастырылып келеді. «Жылуы жоқ үйден без, қайырымы жоқ биден без», – дегендей, кісілікті ту етіп, адамгершілікті биік ұстау, көкірегі қаяулы, жаны жаралы жанның жасын сүртіп, жылы лебізін аямау, қолдан келген жәрдемін ұсынып, достық пейілдерін таныту – екінің бірінің қолынан келе бермейтін іс.
«Қайырымдылық жасасаң, қайырымын өзің көресің» – деген екен халқымыз. Мұхаммед пайғамбарымыз да бір хадисінде: «Кім Алла үшін бір жетімнің басынан сипаса, қолы тиіп өткен әрбір тал шашы үшін сауап алады»,– деген. Бұл өмірде жасалған ешбір жақсылық та, жамандық та ешқашан жерде қалмақ емес. Әркез жүрегіміз кең, пейіліміз ақ болып, жақсылық жасауға ұмтылып тұрайық.