Абай - ұлы ақын! Абай - қазақтың дара туған ақыны. Ол ерекше ақын. Ол ел үшін, халық үшін биліктен бас тартты. Әкесі қатал болғанымен, ол ерекше болды. Оның ерекше ақындық қасиетке баулыған әжесі мен анасы болды. Оның әрбір өлеңдерінде астарлы ой жатыр. Ол өлеңдерінің бірін тұспалдап, астарлы оймен жазса, ал енді бірін анық, ашық жеткізе біледі. Оның 45 ғақлиясы, яғни 45 қара сөзібар. Оның әрбір қара сөзі білім, өнер. тәрбие туралы айтады. Оны оқыған адам ерекше сезімге ие болады. Міне, осындай ерекше дара туған ақынын қазақтар мақтан тұтады!
Болашақта кім болам? Мен болашақта кім болам? Әрине әрбір адам болашақта бір мамандықтың иесі болады. Менің арманым болашақта ұстаз болғым келеді. Маған әліппені ұстатып сауатымды ашқан Қазиева Гулмира апай. Ол маған өзінің бар білгендерін үйретіп білім нәрімен сусындатып жүр. Сондықтанда мен өз ұстазым секілді болғым келеді. Ұстаз ол құрметті, зор мәртебеге лайық жандардың бірі. Ұстаз жалғыз өзі көптеген балалардын сауатын ашып білім беріп білгенін оқушылармен бөлісіп жүреді. Ғалымдар, жазушылар, шахтёрлар, кәсіпкерлердің де өзінің ардақты ұстазы болады. Биыл біз бастауыш сыныпты аяқтаймыз.”Ұстазы жақсының ұстамы жақсы” - дегендей менде өз ұстазым секілді үлгілі мұғалім болғым келеді”.
Ең бірінші қазақ газеті XX ғасырда 1913жылы 2-ақпанда шыққан.