Ертегі
Піл мен торғай.
Ерте заманда пілдің түрі қазіргідей болмапты:оның көздері үлкен бопты,құлақтары басында шошайып тұрыпты,ал олардың арасында әдемі мүйіздері бопты.Жерде адамдар пайда болғанда,арыстан пілге:
- Айналамызда адамдар көбеюде.Жақында олар бізге де жетіп,жұмыс жасатып қоятын шығар.Бізге жаңа жерлерге көшу керек! - дейді.Сонда піл:
- Мен сондай үлкенмін,маған тиісуге кімнің дәті барады?Неге мен қашуым керек? - деп тәкаппарланыпты.
Бір күні жерге торғай мен оның балапандары жерді аралау үшін жерге түсіпті.Сол кезде қастарынан піл отып бара жатады.Торғай:
- Абайла!Бұл жерде менің балапандарым жүр! - деп айқайлапты.Ал піл болса оған назарын аударғысы келмей:
- Менің балапандарыңда шаруам жоқ.Мен мына жерден қалай да өтемін! - деп балапандарды басып кетіпті.Шарқ ұрған торғай қарға мен шыбындарға барыпты.Олар пілді қуып жетіп көзін шұқып тастапты.Піл олардан әзер құтылып,көзі дұрыс көрмесе де су іздеп жүреді.Осы кезде торғай бақалардан көмек сұрайды.Бақалар бір жартастың басына барып бақылдайды.Піл осы жерде су бар екен деп жартасқа шығып,төмен қарай құлап түседі.Осылайша оның екі мүйзі сынып қалады.Ал құлақтары жалпиып,басын жауып тұратындай болып кетеді.Сол кезде барлық аңдар пілге:
- Жерде бәріміз бірдейміз.Басқа аңдарды елемеуге бола ма екен? - деп айтады.Бұдан былай піл зерек әрі абай болуға тырысады екен.
Қыстырма сөздерді қатыстырып, асық тақырыбына әңгіме құрау.
Әрине, әрбір мектеп оқушысы жазғы демалысын асыға күтеді. Менің ойымша, оның өзіндік себебі де бар – күні бойы алаңсыз аулада достармен ойнау. Сонымен, жазғы демалыс та басталып кетті. Біздің ауланың ер балалары топтасып, асық ойнағанды жақсы көреміз. Меніңше, бұл ұлттық ойынды әрбір қазақ баласы ұнатады. Демалыстың кезекті күні Самат, Еркебұлан, Аспандияр және мен асық ойнамақшы болдық. Ауланың ортасында төртбұрыш сызып, бір жағына асықтарды тізіп қойдық. Әрқайсымыз екі асықтан шығаратын болып келістік. Біздің ауламыздың ойын ережелері бойынша кімнің сақасы табанмен түссе, сол ойынды бірінші бастайды. Сөйтіп, кім бірінші бастайды деп тұрғанда, Аспандияр екеуміздің сақамыз табандап түсіп, екеуміз тағы да асық аттық. Қысқасы, менің жолым болып, мен бірінші жүріске ие болдым. Уақыттың қалай зулап өткенін де байқамай қалыппыз, сірә, ойынның қызығына кіріп кеткенбіз ғой. Бір атқанда асығымыз алшысынан түсіп жатса, енді келесі жүрісіміз сәтсіз аяқталып жатты. Сөз жоқ, өте тартысты ойын болды. Дегенмен, осы жолы Еркебұланның жолы болып, тігілген асықтардың барлығын қанжығасына байлады. Түскі асымызды ішіп алып, тағы да ойнауға келісіп, үйімізге тарадық.