Қазақ Ұлттық Ғылым академиясы 1938 жылы КСРО Ғылым академиясының қазақстандық бөлімі ашылып, ол 1946 жылы Қазақ КСР-інің Ғылым академиясы болып қайта құрылды. 1990 жылға қарай академия жанында 50- ден астам ғылыми-зерттеу институты болып, оларда ғылымның барлық бағыттары бойынша 10 мыңнан аса ғылыми қызметкер жұмыс істеді. Академияның тұңғыш президенті көрнекті қоғам және мемлекет қайраткері, танымал ғалым, Лениндік және Мемлекеттік сыйлықтардың иегері, академик Қаныш Имантайұлы Сәтбаев болды. Қазақстан ғылымының ондаған жылдар ішіндегі даму жолында республика ғалымдары әлемдік маңызы бар жаңалықтар ашты. Қ.И. Сәтбаев, М.О. Әуезов, Д.А. Қонаев, Ә. Х. Марғұлан, Ш.Е. Есенов, М.А. Айтхожин, Ө.М. Сұлтанғазин, Ө.А. Жолдасбеков, М.Қ. Қозыбаев, М. Жұрынов, А.Қ. Қошанов және басқалары Қазақстан Ғылым академиясының мақтанышына айналды. Қазақстан Ұлттық Ғылым академиясында 43 ғылыми мекеме, олардың ішінде 38 ғылыми-зерттеу институты жұмыс істеді. Ғарыш, ядролық физика, жоғары энергия физикасы, информатика, радиоэлектроника, гуманитарлық және қоғамдық ғылымдар, тарих пен этнология, әдебиет теориясы салаларында күрделі зерттеулер жүргізілді. Құрамына ғылыми-зерттеу мекемелері, тәжірибе стансалары мен шаруашылықтар енген Ауылшаруашылық ғылымдары академиясы табысты еңбек етті.
(Балаларға арналған «Менің Отаным – Тәуелсіз Қазақстан» энциклопедиясынан)
Кестені толтыр
Тілдік бағдар Сұрақтар Жауаптар
Мекен үстеуі Қандай сөздер жатады?
Мезгіл үстеуі Мезгіл үстеуіне мысал жаз
Мөлшер үстеуі Анықтамасын жаз
Сын-қимыл үстеуі Мысал келтір.
Мақсат үстеуі Синонимдерін жаз.
Бір сөзің мың жыл жүрсе дәмі кетпес.
Қарадан хакім болған сендей жанның
Әлемнің құлағынан әні кетпес!
...Ай, жыл өтер, дүние көшін тартар,
Өлтіріп талай жанды, жүгін артар.
Көз ашып, жұртын ояу болған сайын,
Хакім ата, тыныш бол, қадірің артар
Ақ киімді, денелі, ақ сақалды,
Соқыр, мылқау, танымас тірі жанды.
Үсті-басы ақ қырау, түсі суық,
Басқан жері сықырлап, келіп қалды.
Дем алысы - үскірік, аяз бен қар,
Кәрі құдаң - қыс келіп, әлек салды.
Ұшпадай бөркін киген оқшырайтып,
Аязбенен қызарып ажарланды.
Бұлттай қасы жауып екі көзін,
Басын сіліксе, қар жауып, мазаңды алды.
Борандай бұрқ-сарқ етіп долданғанда,
Алты қанат ақ орда үй шайқалды.
Әуес көріп жүгірген жас балалар,
Беті-қолы домбығып, үсік шалды.
Шидем мен тон қабаттап киген малшы
Бет қарауға шыдамай теріс айналды.
Қар тепкенге қажымыс қайран жылқы
Титығы құруына аз-ақ қалды.
Қыспен бірге тұмсығын салды қасқыр,
Малшыларым, қор қылма итке малды.
Соныға малды жайып, күзетіңдер,
Ұйқы өлтірмес, қайрат қыл, бұз қамалды!
Ит жегенше Қондыбай, Қанай жесін,
Құр жібер мына антұрған кәрі шалды.
Желсіз түнде жарық ай
Желсіз түнде жарық ай,
Сәулесі суда дірілдеп,
Ауылдың жаны терең сай,
Тасыған өзен күрілдеп.
Қалың ағаш жапырағы
Сыбырласып өзді-өзі,
Көрінбей жердің, топырағы,
Құлпырған жасыл жер жүзі.
Тау жаңғырып, ән қосып
Үрген ит пен айтаққа.
Келмеп пе едің жол тосып
Жолығуға аулаққа?
Таймаңдамай тамылжып,
Бір суынып, бір ысып,
Дем ала алмай дамыл қып,
Елең қағып, бос шошып.
Сөз айта алмай бөгеліп,
Дүрсіл қағып жүрегі,
Тұрмап па еді сүйеніп,
Тамаққа кіріп иегі?
Жасымда ғылым бар деп ескермедім
Жасымда ғылым бар деп ескермедім,
Пайдасын көре тұра тексермедім.
Ержеткен соң түспеді уысыма,
Қолымды мезгілінен кеш сермедім.
Бұл махрұм қалмағыма кім жазалы,
Қолымды дөп сермесем, өстер ме едім?
Адамның бір қызығы - бала деген,
Баланы оқытуды жек көрмедім.
Баламды медресеге біл деп бердім,
Қызмет қылсын, шен алсын деп бермедім.
Өзім де баска шауып, төске өрледім,
Қазаққа қара сөзге дес бермедім.
Еңбегіңді білерлік еш адам жоқ,
Түбінде тыныш жүргенді теріс көрмедім
Вот выбирай!