Абай (Ибраһим) Құнанбаев. (1845-1904) Абай қазақтың ұлы ақыны, композитор, философ, қазақ жазба әдебиетінің негізін қалаушы, оның алғашқы классигі. Әкесі Құнанбай Өскенбайұлы бай, би және қазақ руларының ішіндегі беделді адамдардың бірі болған. Құнанбай Қарқаралы дуанының аға сұлтаны болған. Құнанбай діншіл болған. Мұсылман дінінің ықпалын күшейту мақсатын көздеп Орта Азияның діндар қожаларын, татар молдаларын қарамағындағы ауылдарға таратқан. Олардың балаларын мұсылманша оқытқан. Өз ауылында Ғабитқан деген молданы ұстап, Абайды да оқытқан. Абайдың сабаққа зеректігін байқаған соң, әкесі Семей қаласындағы мұсылман имамы Ахмет Ризаның медресесіне берген. Ол дін сабақтарына тарих, поэзия, математика, философия сияқты дүние тану пәндерін араластыра оқытуды қажет көретін ағымның бағытын ұстаған адам болған. Абай бұл медреседе 4 жыл оқыған кезінде араб, иран және Орта Азия әдебиеті классиктерінің шығармаларымен жақсы танысады. Өзі үлгілерінен үйренген. Абайдың жазу жұмысында үлгі еткені 19-шы ғасырдағы орыс әдебиеті болған. Абай Семейдегі медреседен кетер алдында үш айдай орысша оқыған, осы тілде аздап жаза және сөйлей білген. Еліне қайтқаннан кейін де Семеймен қатынасын үзбеген. Семейге саяси көзқарастары үшін жер аударылған, орыс оқымыстылары Н. И. Долгополов және Е. П. Михаэлиспен танысып, орысша білімін тереңдете түсуге жәрдем алған. Абай Семейге келіп, айлап жатып Гоголь атындағы кітапханадан көп кітаптар оқыған және ауылына да алып кетіп оқитын болған.
Әр адамға туған жері,Отаны, туып өскен өлкесі қымбат.Сәби дүниеге шыр етіп келгенінен бастап оған бұл жер өте ыстық,тіпті оны өз анасындай көруі тиіс.
Егер де сен бір жырақта, Отаныңнан басқа жрге бір жұмыспен немесе оқуға кетсең,Атамекеніңді ұмытпай жүргенің түбінде сақтайсың.Тіпті бір күн болмай жатып сағынасың.Бұл барлық адамда болтын сезім.Атамекенің-алтын ұяң.Тіпті алтыннанда қымбат.
Туған жерге аралған ақын-жазушылардың көптеген өлең-жырлары қаншама десеңші.Туған өлкені ештеңемен айыр бастауға болмайды.Атамекен әнін Ескендір Қасанғалиев атамыз көңілдің күйін, жүректің сырын шертіп,үлкен толғаумен патриоттық сезіммен айтады.Атамекенін әнге қосып айтқан адам туған жерін өте қадір тұтады.
«Туған өлкең-шежірең»демекші адам өз туған жерінің өмір тарихын білуге тиіс.Туған жерің-тұғырың, өскен елім өзегің болып табылады.
Сырттан көрген адам қанша жамандап «мынау мынандай»,»анау анандай» деп айтса да бәрі бір адмға өз Атамекені көк майсалы таза ауалы, ну орманды көрікті болып тұрады.сенің биікке көтеретін осы сенің бақытты болып жүргенің Атамекеніңнің арқасы.Сондықтан мекенім елім менің тірегім, сарқылмайтын қуатың, мәңгі соққан жүрегің болып қала бермек.
(1845-1904)
Абай қазақтың ұлы ақыны, композитор, философ, қазақ жазба әдебиетінің негізін қалаушы, оның алғашқы классигі.
Әкесі Құнанбай Өскенбайұлы бай, би және қазақ руларының ішіндегі беделді адамдардың бірі болған. Құнанбай Қарқаралы дуанының аға сұлтаны болған.
Құнанбай діншіл болған. Мұсылман дінінің ықпалын күшейту мақсатын көздеп Орта Азияның діндар қожаларын, татар молдаларын қарамағындағы ауылдарға таратқан. Олардың балаларын мұсылманша оқытқан. Өз ауылында Ғабитқан деген молданы ұстап, Абайды да оқытқан. Абайдың сабаққа зеректігін байқаған соң, әкесі Семей қаласындағы мұсылман имамы Ахмет Ризаның медресесіне берген. Ол дін сабақтарына тарих, поэзия, математика, философия сияқты дүние тану пәндерін араластыра оқытуды қажет көретін ағымның бағытын ұстаған адам болған. Абай бұл медреседе 4 жыл оқыған кезінде араб, иран және Орта Азия әдебиеті классиктерінің шығармаларымен жақсы танысады. Өзі үлгілерінен үйренген. Абайдың жазу жұмысында үлгі еткені 19-шы ғасырдағы орыс әдебиеті болған. Абай Семейдегі медреседен кетер алдында үш айдай орысша оқыған, осы тілде аздап жаза және сөйлей білген. Еліне қайтқаннан кейін де Семеймен қатынасын үзбеген. Семейге саяси көзқарастары үшін жер аударылған, орыс оқымыстылары Н. И. Долгополов және Е. П. Михаэлиспен танысып, орысша білімін тереңдете түсуге жәрдем алған. Абай Семейге келіп, айлап жатып Гоголь атындағы кітапханадан көп кітаптар оқыған және ауылына да алып кетіп оқитын болған.