Лексикалық талдау
Талдау реті:
Сөйлемді оқы, ондағы өзің қалаған сөздің қандай мағынаны білдіріп тұрғанын анықта.
Сол сөздің сөйлемде кандай мағынада жұмсалып тұрғанын анықта (тура ма, әлде ауыспалы ма)
Мүмкіндігіне қарай, сөздің синонимін, антонимін, омонимін тап
Сөздің қазақ тілі сөздік құрамының қай тармағына жататынын дәлелде.
Талдау үлгісі:
Аманның жылы сөздері ерекше әсер етті.
жылы — жағымды, мейірімге толы деген мағынада, ауыспалы мағынада.
жылы, шуақты, ыстық, мейірлі — синоним; жылы — суық — антоним:
жылы — жалпылама қолданылатын сөз.
Сөз мағыналарының шартты белгілері:
омоним O ←→ O
синоним O ≈ O
антоним O →← O
Төле Әлібекұлы (1663 – 1756) – қазақтың қоғам қайраткері, шешен, Ұлы жүздің бас биі, Қазыбек, Айтеке бидің қолдауымен үш жүзге төбе би болып сайланған. Артында "бүтін билікке Төле би жеткен" деген сөз қалған тарихи тұлға. "Жеті жарғыны" жасаушылардың бірі. Әлібекұлы Төле бидің атасы Құдайберді би Есім хан мен Тұрсын хан егесі кезінде Есім ханды қолдаған (Қазыбек бек Тауасарұлының "Түп-тұқияннан өзіме дейін" кітабынан).Тайкелтір Айдаболұлы (туған-өлген жылы белгісіз) – би, шешен, ақын. 18 ғасырда Баянауыл өңірінде өмір сүрген. Әкесі Айдабол биге еріп жер аралап, ел көрген. Бала кезінде үйсін Төле биден бата алған. Әділдігімен, тапқырлығымен, елдің құнын екі ауыз сөзбен қайыратын шешендігімен аты аңызға айналған. Арғын – Сүйіндіктің бас биі болып тұрған кезінде ел тыныштығы мен ынтымағын сақтау саясатын жүргізген. Тайкелтір есімімен байланысты “ Төле бидің сынынан өтуі”, “Қыз – жігіт дауы”, “Бота дауы”, “Тайкелтірдің қаракесек Алшынбай биді жұбатуы”, “Тайкелтірдің төреге көңіл айтуы” сынды шешендік сөз өнерінің қасиетін ашатын тарихи-тағылымды әңгімелері, Тайкелтір би айтыпты деген адамгершілік пен парасаттылықты уағыздайтын ұлағатты сөздер ел аузында сақталған.