Оқылым.
Мәтінді мұқият оқыңыз, тапсырмаларды орындаңыз.
Жазғытұры қалмайды қыстың сызы, Масатыдай құлпырар жердің жүзі. Жан-жануар, адамзат анталаса, Ата-анадай елжірер күннің көзі. Жаздың көркі енеді жыл құсымен, Жайраңдасып жас күлер құрбысымен. Көрден жаңа тұрғандай кемпір мен шал, Жалбаңдасар өзінің тұрғысымен. Қырдағы ел ойдағы елмен араласып, Күлімдесіп, көрісіп, құшақтасып. Шаруа қуған жастардың мойыны босап, Сыбырласып, сырласып, мауқын басып. Түйе боздап, қой қоздап - қора да шу, Көбелекпен, құспенен сай да ду-ду. Гүл мен ағаш майысып қарағанда, Сыбдыр қағып, бұраңдап ағады су. Көл жағалай мамырлап қу менен қаз, Жұмыртқа іздеп, жүгіріп балалар мәз. Ұшқыр атпен зырлатып тастағанда, Жарқ-жүрқ етіп ілінер көк дауылпаз. Құс қатарлап байлаған қанжығаға Қыз бұраңдап жабысып, қылады наз. Жазға жақсы киінер қыз-келіншек, Жер жүзіне өң берер гүл-бәйшешек. Қырда торғай сайраса, сайда - бұлбұл, Тастағы үнін қосар байғыз, көкек. Адам тіктеп көре алмас күннің көзін, Сүйіп, жылып тұрады жан лебізін. Қызыл арай сары алтын шатырына, Күннің кешке кіргенін көрді көзім.
1. Мәтіндегі тірек сөздерді (3 сөз) табыңыз.
Міне, еліміз Тәуелсіздіктің алтын тәжін киіп, еңсесін көтере бастағанына аттай 27 жыл толып отыр. Жас жігіттің жасындай ғана уақытта Қазақстан адам танымастай гүлденіп, өсіп келе жатыр. Бүгінде біздің елімізге әлем қызыға қарайды. Ал осындай еңсесін тіктеп келе жатқан елге, ең алдымен, білімді ұрпақ керек деп ойлаймын. Елбасымыздың өзі ұрпақ тәрбиесіне баса көңіл бөліп, өз жолдауларында «Елдің ертеңін ойлау қажет, XXI ғасырда білімсіз өмір сүру мүмкін емес, халықты салауатты да сауатты өмірге бағыштауымыз керек» деген сөздері тегін айтылмаса керек. Олай болса, әрбір мемлекеттің келешегі мектебінде шыңдалатыны анық. Болашақта ел тізгінін ұстау бақыты – біздің қолымызда екені белгілі. Сондықтан бойымдағы бар жақсылығым ды елімнің болашағы үшін жұмсағым келеді. Ата-бабаларымыздың мұрат еткен аманатын және Елбасының сенімін ақтап, Тәуелсіз елдің тізгінін ұстар азаматы болсам деймін.