Мектеп үйірмесі туралы диалог.
- Аслан, сен осы бос уақытыңды қалай өткізесің?
- Мен үйде жатып, демаламын. Сосын сабақтарымды оқимын. Ал сен ше?
- Үйде жатқанда ішің пыспай ма? Менде бос уақыт жоқ десе де болады. Менің қолым түрлі үйірмелерден босамайды.
- Сабақ оқуға уақыт қалмайды ғой. Мен сабақтан соң шаршаймын.
- Жоқ, керісінше сол үйірмелердің арқасында мен мектепте білмегенімді үйреніп, түсінбегенімді сұрап, сабағымды да жылдам оқимын.
- Сонда сен қандай үйірмелерге қатысасың?
- Мен мектеп жанындағы ағылшын тілі курстарына қатысамын. Мектеп бағдарласынан ұқсас. Содан соң «қызықты математика», «физикалық тәжірибелер» және хор үйірмесіне қатысамын.
- Барлығына қалай уақыт табасың?
- Ынтаң болып жатса, уақыт табуға болады. Оның үстіне үйірмеде білмегеніңді үйреніп, жаңа достар табуға болады. Сен де менімен бірге қатысып көрмедің бе? Оның үстіне мектеп жанындағы үйірмелер болғандықтан бәрі де ақысыз негізде.
- Ондай болса, керемет қой! Мен ол туралы білмеппін. Қатыссам, қатысып көрейін. Келесі сабақ қашан және қай жерде?
- Келесі сабағымыз ертең, «қызықты математика». Басталуы сағат үште, жиырма тоғызыншы кабинет.
- Жақсы. Онда ертең үйірмеде кездескенше.
- Сау бол!
Қазақстан Республикасы еңбек сіңірген қайраткері, өнертану кандидаты, профессор Алтын Сәлімқызының есімі республикамыздағы музыкалық өнерді дәріптейтін қауымның ішінде кеңінен белгілі. Шығармашылық жолын сонау 1950-ші ж.ж бастаған ұстаздың еңбегіне ең басты мінездеме берілсе, ол кісіні «Кеңестік дәуірде және одан кейінгі ширек ғасырда академиялық бағыттағы ұлттық музыкамыздағы композиторлық өнер шежірешісі» деп айтуға толық негіз бар.
Өткен ғасырдың 30-шы ж.ж.-нан бастау алған жазба бағытындағы барлық көрнекті композиторларымыздың шығармашылығы қашан да А. С. Кетегенованың назарында болды. Олардың қаламынан шыққан үлкенді-кішілі музыкалық шығармаларға, суреткерлік келбетіне бірде анықтамалық, бірде кең көлемдегі шығармашылық портрет немесе монография ретіндегі еңбектерін арнаған Алтын Сәлімқызы өз заманында дүниеге келіп жатқан музыкалық шығармаларды, олардың жасаушыларын дер кезінде өнер сүйгіш қауымға таныстырып насихаттауға көп күш-жігерін жұмсады. Композиторымызға арналған бірқатар жинақтардың құрастырушысы әрі редакторы болып, өзінің әртүрлі буындағы және әр аймақтағы әріптестері-отандық музыкатанушылармен тығыз-қарым қатынас жасағанда, ғалым-ұстаз музыка авторларының шығармашылық келбетінің кеңірек ашылуын қалады.