М
Молодежь
К
Компьютеры-и-электроника
Д
Дом-и-сад
С
Стиль-и-уход-за-собой
П
Праздники-и-традиции
Т
Транспорт
П
Путешествия
С
Семейная-жизнь
Ф
Философия-и-религия
Б
Без категории
М
Мир-работы
Х
Хобби-и-рукоделие
И
Искусство-и-развлечения
В
Взаимоотношения
З
Здоровье
К
Кулинария-и-гостеприимство
Ф
Финансы-и-бизнес
П
Питомцы-и-животные
О
Образование
О
Образование-и-коммуникации
Аліномаг
Аліномаг
30.01.2022 21:34 •  Қазақ тiлi

СОСТАВИТЬ ПО ЭТОМУ ТЕКСТУ 5-8 ВО дебиет қай дәуірде де, қай заманда да адам көңіл-күйінің буырқанған, босаңсыған,
қайрат шақырған, қамыққан, өмірлік мақсаттарға ұмтылған сәттерінің бәрінің де көркем
шежіресі, бейнелі суреті, мың құбылған әуені. Еркіндікті, азаттықты, тәуелсіздікті
әрдайым ту ғып ұстап, ұлттық сана-сезімді тәрбиелеуде, ата-бабамыздан қалған жерімізді
басқыншы жаулардан қорғауда, ұлттық намыс пен ұлттық патриотизмді қалғытпай қайрап
отыруда рухы биік әдебиетіміздің де артар жүгі алдыңғы қатарда еді.
Азаттықты аңсау білектің күшімен, найзаның ұшымен ғана жүзеге аспайтын еді,
сондықтан намысты қайрау, рухты ояту, жігерді жану үшін адуынды шығармалар көмекке
келген. Тәуелділіктің темір құрсауын тәрк етуге ұмтылдырған да қалам шеберлерінің
алаулы өлеңдері болатын. Ерте дәуірлердегі, тіпті, біздің жыл санауымыздан әлденеше
ғасырлар бұрыңғы елді қорғау, жерді қорғау, батырлардың ерлік істерін әспеттеу идеясы
бірте-бірте азаттық, тәуелсіздік жолындағы күрестің ұранына ұласады.
Еліміз тәуелсіздік алғаннан кейінгі алғашқы онжылдық алдымызға тосқан қиын
өткелдерді, қаншама кешкен ауыртпалықты қалай ұмытайық! Осы он жылдағы кешкен
бейнет те, тартқан азап та бәрі заман келбетінің қалай құбылғанын айна қатесіз образға
айналдырып әдебиет тарихында қалдырды.
Тәуелсіздік идеясы – қазақ әдебиетінде ежелден қоныс тепкен ұғым. Тәуелсіздік дәуірінде
бұл мәселе қиялдан гөрі нақты шындық ретінде жырлана бастады. Алайда оны қабылдау
әртүрлі ыңғайда болды. Азаттықтың әркімге де қуаныш әкелгені анық. Әйтсе де, ол
халықтың барлық бөлігіне бірдей молшылық пен таусылмас игілік әкелген жоқ.
Жаһандану үдерісінің жағымсыз әсері де сезіле бастады. Ұлттық құндылықтарға қауіп
төнгені аңғарылды. Бір ұтымдысы – жаңа кезеңде сын айтуға біршама еркіндік берілді.
Сонымен қатар, ескі тоталитарлық жүйе тұсындағы келеңсіздіктер ашына айыптау
сарынын тудырып, бүгінгі өмірдегі ұнамды құбылыстар көтеріңкі көңіл-күймен жырға
қосылды.
Еліміз тәуелсіздік алғаннан бергі уақыт аралығында қазақ әдебиеті дамудың жаңа белесіне
көтерілді. Бұл тұста қазақ жазушылары тоталитаризм қыспағынан босап, еркін
тыныстауға бет алды. Тәуелсіздік жазушыларға сөз бостандығын алып келді. Сөз
бостандығы қазақ жазушыларына кеңестік дәуірде еркін бара алмаған, кең қозғай алмаған
тақырыптарға қайта үңілуге мүмкіндік берді. Тарихымыз бен мәдениетіміздің көлеңкелі
жақтарының ашылуының ұлтымыздың рухани өміріндегі маңызы ерекше. Шәкәрім,
Ахмет, Міржақып, Мағжан шығармаларының жарыққа шығуы әдебиетіміздің көркемдік
көкжиегінің кеңеюіне, ұлттық бояуының айқындала түсуіне өз әсерін тигізбей қойған жоқ.

👇
Ответ:
Tet4ip06y
Tet4ip06y
30.01.2022

1.Еліміз тәуелсіздік алғаннан бері не көтерілді?

2.Тәуелсіздік алганнан бері елімізде нелер өзгере бастады?

3.Біздің ел бұрыннан келе жатқан салт дәстүрді қолданама?

4.Жаңа кезеңде сын айтуға не берілді?

Объяснение:

4,6(17 оценок)
Открыть все ответы
Ответ:
denis403
denis403
30.01.2022

ответ:На краю Эльфийской реки есть перемычка. Хотя это сарай, у него есть отличное имя. Актебе ', все знают. Не так уж и белый. Тот, кто знает, насколько ярким, святым или даже окруженным, также называется огороженный город, называемый 'Актобе'. Река Илек впадает в восточную часть города. С одной стороны - выбитый синий, Тихо, с одной стороны - катящийся поезд, желтый песок. Кажется, он не знает, как повернуть город между двумя расстояниями. Дальше - туманная песчаная степь и плоская степь. Как синий козел, который свободно кружится в небе, И когда он смотрит на степь, он просыпается в оживленном настроении. В городе тоже весело. Город стал более процветающим, деревья были посажены, и они начали цвести. В солнце гремело в городе, а земля была покрыта пылью. В жаркие дни вы искали ветерок после короткого вдоха. Если ветер, который вы ищете, хуже, чем жара. В песке, смешанном с мелкой почвой, весь блок был закрыт, и желтая метель закричала: «Даже если я горю, но ветер!» - Вы говорите. И вот был день Актобе ...

Объяснение: вроде бы так

4,4(82 оценок)
Ответ:
vladishe1
vladishe1
30.01.2022

Мен ұнататын ұлттық киімдер

Маған қазақ халқының барлық ұлттық киімдері ұнайды.Өйткені ұлттық киімдерімізде ұлттық ою-өрнектер болады. Ұлттық киім бұл әр ұлттың өзіне тән ою өрнектелген және ежелгі дәстүрлер бойынша тигілетін киім.

Қазақ әйелдерінің ұлттық киімі :сәукеле , кимешек ,жаулық,әшекейлер және т.б Ер адамдардың киімі:бөрік, шапан, мәсі, тақия және т.б Ежелден бұл ұлттық киімдеріді ата -бабаларымыз киген. Бұл ұлттық киімдеріміз біздің салт - дәстүрімізді биік ұстап тұрады.Осы ұлттық киімдері арқылы қазақ халқының көкірегі ояу көзі ашық екенін білуге болады.

4,5(29 оценок)
Это интересно:
Новые ответы от MOGZ: Қазақ тiлi
logo
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси Mozg
Открыть лучший ответ