Ауыз өдебиеті көркем ойлау мен көркем сөздің озык ұлгісі ретінде калыптаскан. (Ә. Қоңыратбаев. ) Ауыз әдебиеті — халқымыздың ауызекі шііғарып, ауызекі тарап отыратын асыл мұрасы. Онда халкы-мыздың ғасырлар бойғы басынан кешірген тарихи белестері, елінің тәуелсіздігі жолындағы ерлік, батырлык кимылдары, халықтың әдет-ғұрпы, салт-дәстүрі, арман-мүддесі, қиялы, жастардың кіршіксіз пәк махаббаты сөз өнерімен кестеленген. Ауыз әдебиеті — талай-талай ғасырлар жемісі. Халық оны сонау ықылым заманнан рухани асыл қазына ретінде сактап, ұрпақтан-үрпакка мүра етіп, бүгінгі біздің дәуірімізге жеткізген. Ауыз әдебиетінің түрлері. Халық ауыз әдебиеті бірнеше түрде және эр түрлі жанрда дамыған. Халык ауыз әдебиетінің негізгі түрлері: а) түрмыс-салт жырлары; ә) мақал-мәтелдер, жүмбақ-тар; б) ертегілер; в) эпостық жырлар; г) лиро-эпостық жырлар; д) айтыс өлеңдері; ж) тарихи жырлар; з) шешен-дік сөздер, т. б. Ауыз әдебиетіндегі түрмыс-салт жырлары, көңіл күйін білдіретін кара өлеңдер мен ән мөтіндері лирикалық жанрға, ал ертегілер, аңыз ертегілер, батырлар жыры эпостық жанрға жатады. Драмалық жанр бүрын болған емес, ауыз әдебиетіндегі "Жар-жар”, айтыс өлеңдерінде онын тек жүрнақтары ғана болған. Драмалык жанр — жазба әдебиеттің жемісі. Ауыз әдебиеті мен жазба әдебиеттің арасындағы кейбір айырмашылықтар. Ауыз өдебиеті де, жазба әдебиет те —көркем туынды, асыл сөз өнері. Бүл жағынан келгенде, екеуінен де көркем шығармаларға тән барлык сапалық қасиеттерді үшыратамыз. Дегенмен ауыз әдебиетінің жазба әдебиеттен айырмашылықтары, ерекшеліктері бар. Атап айтканда: 1. Ауыз әдебиетінің белгілі бір авторы жок. Басында оларды шығарған ақын-жыраулар болған, заманы өте берген сайын олардың алғашқы шығарушыларының есімі үмыт калып, олар жалпы хальщтык шыгармаға айнальш кеткен. 2. Ғасырлар шеруінен, талай өлеуметтік, коғамдык топтар елегінен өтіп, сан алуан өзгерістерге үшыраған. Олардың алғашкы нұскасы езгеріп, көптеген жаңа нұсқалары пайда болтан. Мысалы, "Қозы Көрпеш — Баян сүлу” жырының он бес, сол сияқты "Қобыланды”, "Алпамыс” дастандарының бірнеше нүскалары болған. 3. Ауыз өдебиетінде синтаксистік кдйталаулар, тұракты үйкастар, сөздер мен сөйлемдердің қайталануы жиі кез-деседі. Мысалы, "Қамбар батыр” жырында: Алпыс үйлі Арғынның, Токсан үйлі тобырдын... Ал "Қыз Жібек” жырында: Базарбайдың Төлегені Талай көштен өтеді, Сонда бір көшке жетеді, Көш алдына караса, Бір қыз кетіп барады... Немесе "Қобыланды” дастаньінда: Тайбурыл атты күтыртып, Оган да келді сыдыртып... — деген жолдар бірнеше рет кайталанады. Мұндай қайталаулар ертегілерде де баршылық. Ертегілердің көбі "Ерте, ерте, ерте екен, ешкі жүні борте екен” деген сөздермен басталады.
Алматының ресми тарихы 1854 жылдан басталады. Алматы өзенінің жағасында салынған бекініс көп ұзамай Верный деген атқа ие болған. Алайда ХVІ ғасырдың бірінші жартысында өмір сүрген мемлекет қайраткері, ақын Захириддин Мұхаммед Бабырдың шығармасында болашақ Алматының орнында Алмату атты ортағасырлық қала болғаны айтылады. «Үлкен Алматы» аймағын адамдар ерте кезден-ақ игерген. Х-ІХ ғасырларда мұнда отырықшы мекендер болған, олардың тұрғындары егіншілікпен, мал шаруашылығымен айналысқан. Қаланың сол жақ шетіндегі шағын мекенжайдан табылған қыш ыдыстардың Ферғанадан табылған ыдыстарға ұқсас болуы осы екі аймақ арасында қола дәуірінің өзінде мәдени байланыс болғанын дәлелдейді. Бұл байланыс кейініректе сақтар дәуірінде де жалғаса түсті. Ол кездерден «сақ патшалары» әулетінің аумақты оба-қорғандары бар. Қазіргі Алматының шығыс жағында үш қорғаннан тұратын бір топ ескерткіш сақталған. Есік қорғанынан табылған материалдар сақтартың белгілі адамдарын алтын киімдерімен, қару-жарақтарымен, асыл тастарымен қоса жерлегенін дәлелдейді. Ғұрыптық ескерткіштердің қатарына құрбандық сәкісі жатады. Соның ішінде Верный қаласының маңынан табылған, В.С.Стрельцов жариялаған «жетісулық алтарь» деп аталатын ескерткіш әйгілі болған. Ол – төрт сирақты аласа үстел. Үстелдің бет тақтайының ернеуіне қанатты барыстың 25 мүсіні салыныпты. Тағы да осындай құрбандық сәкісі Алматыда, ашылып қалған қорғаннан табылды. Ол төрт бұрышты, конус түріндегі тұғыры бар үстел. Төрт бұрышында қанатты барыс, табанының жиектеріне жеті жолбарыстың мүсіні салынған, ал ортасында екі түйенің бейнесі бар. Сақтардың өзгеше бір храмдары мен қасиетті орындарының бөлшектері, көпке белгілі «Қарғалы диадемасы» Алматы маңындағы көшпелілердің идеологиясы жөнінде білуге көп мүмкіндік туғызады. Алматы-І қаласының орны қаланың оңтүстігіндегі «Горный гигант» колхозының жерінде орналасқан. Қала екі қатпардан тұрады, терең орлардың ішіне салынған, бұл оның қорғаныс қабілетін арттыра түскен. Жалпы топографиялық белгілеріне қарағанда, оның ІХ-ХІІІ ғасырларға жататыны анықталған. Алматы-ІІ қаласының орны Кіші Алматы өзенінің бойында, қазіргі шекара училищесі тұрған жерде болатын. Құрылыс жұмыстары кезінде бұл арадан орта ғасырлық ұстахана, дайын бұйымдар, кетпен, соқаның тісі, темір қазанның бүйірі табылған. Осы жерден балқыған металл құятын шөміш пен су құятын екі құмыра да шықты. Есентай (Весновка) қаласы Алматыдағы Ботаника бағының шеңберінде, Ремизовка мекені Әл-Фараби көшесінің жоғары жағында, Тереңқора қаласының орны Алматының солтүстігіндегі «Заря Востока» поселкасының жерінде жатыр. Сонымен, археологиялық олжалар Алматының тарихын едәуір ұзартып, оны Шығыстың көне қалаларының қатарына қояды.
нпснсопм7пгпсг1234567890