Берік Исмайылов жайлы.
Модельер-конструктор, халықаралық дизайнерлер қауымдастығының мүшесі, «Берік Ысмайылов» авторлық сән салонының директоры, Омбы политехникалық институтының, Мәскеудегі Любовь Красникова — Аксенева авторлық мектебінің түлегі. - Берік Әбдішұлы Ысмайылов 1962 жылы 15 наурызда Қызылорда облысының Жаңақорған ауданында қарапайым жұмысшы отбасында дүниеге келген.
Әке - шешесі қарапайым жұмысшы, отбасында болған. Өмір бойы май құю станциясында жұмыс істеген әкесі соғыс ардагері, қадірлі ақсақал болған. Әке - шешесінің жастық шақтары ашаршылықпен, одан кейін соғыспен сәйкес келіп, көп қиыншылық, жетімдік көрген адамдар.
Берік Әбдішұлының қолынан пішу, тігу деген шаруалар келсе де, бұл өнерді әрі қарай жетілдіруге айналадағылардың күлкі етуі кедергі болып, бұл мамандыққа бармайды. Сондықтан болар Ресейдің Омбы қаласындағы политехникалық институтты бітіріп, инженер мамандығын алып шығады.
1985 жылы дипломын алып, Ташкенттегі авиациялық зауытқа инженер-конструктор болып кіріп, сол жерде 11 жыл жұмыс істейді. «ИЛ 76 МД» деген әскери ұшақты жасауға атсалысады.
Әйелі Гүлнәрдің де мамандығы инженер, екеуі осы зауыттағы «31-цех» деп аталатын плаза цехында жұмыс істеген.
Берік Ысмайловтың «Жоқтау» деп аталатын сәнді киім үлгісі 2004 жылы халықаралық байқауда бас жүлдені жеңіп алды.
отырар кітапханасы — моңғол билігіне дейінгі отырарда орналасқан ірі кітапхана. фарабтағы (отырар) кітапхананың негізін қалаушы ретінде ғалым әрі философ әл-фараби қарастырылады
xii ғасырдың соңындағы кітап жинақтардың қараушысы сунақ руынан шыққан хисамуддин делінеді. кітапхана ауқымы жағынан тек александрия кітапханасына жол береді. отырар шыңғысхан жорықтарынан кейін жер бетінен тып-типыл етілді, ал кітапхананың кейінгі тағдыры әлі күнге дейін белгісіз. кітаптардың тағдыры жайлы жазба деректерде айтылмаған. ортағасырлық өзге кітапханалардың тағдыры жайлы аңыздар сияқты отырар кітапханасының кітаптарының айналасында әңгімелер көп. осы жағымен ол іздеушілерді өзіне тартады. кейбір деректердің хабарлауынша моңғол шапқыншылығы кезінде кітаптардың жерасты жолдарында сақталуы мүмкін. кейіннен оларды жеті жасар тауып алады делінеді. десе де мұндай жорамалдар нақты дәлелдемелерге негізделмегендіктен ғылымда мойындалмай отыр.
Еліміздің барлық өңірлерінде дерлік 1 мамыр тойланады. Мақсаты, ел ішіндегі түрлі ұлт пен дін өкілдерінің бір-біріне деген сый-құрметін арттырып, татулықты, бірлікті, ортақ құндылықтарды насихаттау.
«Бірлік болмай тірлік болмас» деген атам қазақ. Берекені көздеген ел мерекелі тірлік жасаудан жалықпаған.. «Береке бастауы бірлік, ел іші тату тірлік» қағидасын ұстанған ел үшін бұл мейрамның орны ерек.
Жыл сайын атаулы мерекеде Қазақстан аумағында тұрып жатқан 130-дан астам ұлт пен ұлыс өкілдері киелі қара шаңырақта тату-тәтті, береке мен бірлікте, бейбітшілік пен ынтымақта өмір сүріп жатқандығын тойлайды. Еліміздегі этностарды бұрынғыдан да жақындастыру үшін бүкіл Қазақстанда жаппай патриоттық шерулер өтеді.
Бүгінде «Достық» атты бір шаңырақ астына шоғырланған әрбір ұлттық-мәдени орталықтар мерекеде ән айтып, би билеп, жалпыхалықтық мейрамда дәстүр мен салтқа толы түрлі көріністер көрсетіледі. Халықтың көңіл-күйін көтеру үшін түрлі спорттық жарыстар ұйымдастырылады. 1 мамыр – Қазақстандағы 20 жылда құрған негізгі мереке.
1 мамыр – Қазақстан халықтарының бірлігі күні. 1995 жылдың наурызында дүние жүзіне үлгі болып отырған, ұлтаралық татулық пен тұрақтылықтың феномені – Қазақстан халықтары Ассамблеясы құрылды.
Бұл ешбір елде болмаған ерекше, саяси маңызы зор құрылым. Ассамблея 365 мүшесі, 471-ден астам республикалық, өңірлік, облыстық, қалалық ұлттық-мәдени бірлестіктері 500-ге жуық кіші ассамблея мүшелерінің бастарын біріктіріп, біздің ортақ үйіміз – Қазақстанда шынайы достықты қамтамасыз етіп келеді.
Бүгінде әрбір ұлтқа салт-дәстүрлерін жаңғыртуға, мәдениеті мен әдебиетін дамытуға, тілінің жетілуіне қамқорлық көрсетілуде. Осының бәрі Елбасының қоғамдағы азаматтық ынтымақтастық пен ішкі саяси тұрақтылықты сақтау стратегиясын дұрыс таңдап, ұлтаралық қатынастарды реттеудің тиімді тетіктерін жасай білуінің арқасында мүмкін болуда.