М
Молодежь
К
Компьютеры-и-электроника
Д
Дом-и-сад
С
Стиль-и-уход-за-собой
П
Праздники-и-традиции
Т
Транспорт
П
Путешествия
С
Семейная-жизнь
Ф
Философия-и-религия
Б
Без категории
М
Мир-работы
Х
Хобби-и-рукоделие
И
Искусство-и-развлечения
В
Взаимоотношения
З
Здоровье
К
Кулинария-и-гостеприимство
Ф
Финансы-и-бизнес
П
Питомцы-и-животные
О
Образование
О
Образование-и-коммуникации
IVANICH31
IVANICH31
08.04.2023 20:25 •  Қазақ тiлi

Берілген сөйлемдерді дұрыс орналастыр.
Қолөнер, дамыған, ерте, Қазақ, даласында. —, құлаққа, зергерлік, бұйым, тағатын, Сырға, сәндік. —, қыздар, саусағына, әйелдердің, бұйым, зергерлік ,тағылатын ,Жүзік, мен надо

👇
Ответ:

Казак даласында колонер ерте дамыган.

4,6(56 оценок)
Открыть все ответы
Ответ:
Горова2007
Горова2007
08.04.2023
Сәлем достым! 
Қазақстан әсем, шұрайлы, көрікті жер емеспе?Сен Қазақстанға келгенде саған әсем жерлерді көрсетермін. Әзірше солар туралы айтып берейін.
Қазақстан табиғаты тамаша. Әсіресе жазда жағажайға суға түскенде тапсанасын.Қазақстан су қорына бай. Сондай ерекше көз жауын алатын көл ол Алакөл. Әсем ғана емес, пайдасы емдік қасиеті бар көл. Бұл көлге шомылу үшін ғана емпес,дертке дауа іздеп келетіндер де көп,Сол секілді Бурабай табиғатына тамсанасың. Бурабайды жер шоқтығы деп те атайды. Осындай ғажап елде тұрғаныма қуаныштымын
4,5(48 оценок)
Ответ:
stepankachan
stepankachan
08.04.2023

Қазақстанның көрікті жерлері

Менің кіндік қаным тамып, алғаш тәй-тәй басқан, алғаш «ана» деп күлім қаққан, киелі жерім, атамекенім бар, ол – тәуелсіз Қазақстан. Мен өз басым Қарағанды облысына қарасты Жаңаарқа ауданында тұрамын. Ұлан байтақ еліміздің ірі қалаларын аралау - менің арманым, себебі Қазақстанда көрікті жерлер жетерлік. Әзірге осы арманымды ата - анамның арқасында ақырындап жүзеге асырып келемін. Жазғы демалыста отбасымызбен демалуға бір қаланы таңдап, сонда жол жүреміз. Әзірше біз киелі Түркістан, жер жәннаты Жетісудың орталығы - Талдықорған, оңтүстік астанамыз Алматы және еліміздің бас қаласы Нұр - сұлтанға сапар шектік. Әр қаланың өзіндік қайталанбас ерекшеліктері бар. Мысалы, Түркістанда біз киелі жерлерді аралап, аптап ыстықта жер асты құдығының суын ішіп, бұрынғы заманның сәулет өнері туындыларына тамсандық. Ал Жетісу өңірінде таудан сырқырап аққан Қаратал өзенінің бойында серуендеп, таза ауада демалып, табиғаттың сұлулығына тәнті болдық. Оңтүстік астанамыз аталып кеткен Алматыда серуендеп қыдыру мен аты әлемге әйгілі Алматы апортын татып көрудің өзі арман ғой, Алматыны тіпті өлең - жырға қосқан ақын - жазушылар қаншама десеңші... Алматыда серуендейтін жерлер өте көп. Солардың ішінде біз Көктебеге көтеріліп, әсем Алматыны жоғарыдан алақанымыздағыдай көріп таң қалдық. Аты әлемге әйгілі Медеу мұз айдынында коньки тептік, Абай атындағы ұлттық опера және балет теартының кезекті қойылымын тамашалап, Ә.Қастеев атындағы сурет галереясына да барып үлгердік. Еліміздің жүрегі – Нұр – сұлтан қаласының да көрікті жерлері аз емес, жыл сайын олардың қатары толықтырылып келеді. Тәуелсіз Қазақстанның сәулеттік символына айналған «Бәйтерек» монументі, «Хан-шатыр» сауда және ойын-сауық орталығы және «Думан» ойын-сауық кешені біздің отбасымыздың сүйікті демалу орындары.

Келешекте Қазақстанның Қостанай, Павлодар, қарт Каспийдің жағасында орналасқан Ақтау, Атырау, сонымен қатар шырайлы Шымкент қалаларын аралағым келеді.

4,4(8 оценок)
Это интересно:
Новые ответы от MOGZ: Қазақ тiлi
logo
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси Mozg
Открыть лучший ответ