Бауыржан Момышұлы — Кеңес одағының батыры, жазушы, Екінші дүниежүзілік соғыстың даңқты жауынгері, әскери қолбасшы, стратег және тактик.Бауыржан Момышұлы 1910 жылдың 24 желтоқсанында Жамбыл облысының Жуалы ауданындағы Көлбастау ауылында туған. Дулат тайпасының Шымыр руынан.1941 ж. Ұлы Отан соғысы басталысымен, Бауыржан даңқты генерал-майор И.В.Панфиловтың басшылығымен Алматы маңында жаңадан жасақталған 316 атқыштар дивизиясының құрамында майданға аттанады, батальон, полк командирі қызметтерін атқарады.Батальон командирі ретінде аға лейтенант Бауыржан Момышұлы Мәскеу үшін шайқаста 207 рет ұрысқа қатысты.
Объяснение:
Ананың тұлғалық ерекшелігі.
Ана- адам өміріндегі ерекше тұлға. Оның ерекшелігі неде? Оның мейірімінде, дәл ондай мейірімді бала анасынан басқа ешкімнен көре алмайды. Оның шыдамдылығында, төзімділігінде, сабырлылығында, бала үшін қажет жағдайда өзін құрбан ететін батырлығында, өзгеге бұйырмаған жанкештілігінде.
Тек, ана ғана түн ұйқысын төрт бөліп, бөпесінің жөргегін ауыстырып, бесігін тербетіп қамқор бола алады. Тек анамыз ғана біздің жағдайымызды түсініп, қателіктерімізді кешіріп, жетістіктерімізге қуана алады.
Ана, ол сен тоқ болса, сен қатарыңның алды болса, адал болса, дені сау, саналы, салауатты, білімді, білікті азамат болса,-деп армандайды.
Сен оған еркелейсің, ал ол сенің еркелігіңе елжірейді, еміреніп, аймалайды.
Міне, бұл біздің Анамыз, асыл тұлғамыз. Ол әлемдегі бар жақсылыққа сай а ң құрметіне, махаббатына лайық тұлға.
Ол әрі батыр, әрі ғалым, әрі ұстаз- бар жақсылық бір өзінің өн бойында.
Объяснение: