-Сәлем! Қалайсың?
-Сәлем Шүкір жақсы өзің қалайсың?
-Жақсы,сұрағаныңа рахмет! Екеуміз бүгін жыл мезгілдері туралы айтайық
-Жақсы айтсақ айтайық
-Сен қай мезгілді жақсы көресің және неге?
-Мен жаз бен көктемді жақсы көрем. Себебі көктемде жер қайта тіріліп қызық болсын,жазда демалысқа шығып демаламыз , ауылға барып келеміз және т.б қызықтар жасаймыз.Абай атамыздың осы мезгілдерде арнаған өлеңдеріде керемет!
-Талғамың күшті екен.Мен де осы мезгілдерді ұнатамын.Әрине Абай атамыздың өлеңдері керемет.
- Ал сен қай мезгілді жақсы көресің?
-Мен қыс пен күзді ұнатамын. Себебі қыста аққала жасап,шаңғы теуіп ойнаймыз. Күзде бүкіл өнімді жинаймыз мектепке барамыз.
Жүзден - жүйрік, мыңнан - тұлпар.
Қазақ халқы қашаннан да жылқы малын ерекше қастерлеп, пір тұтып, қасиетті жануар санаған. Мұның дәлелі ретінде жылқы малына қатысты көптеген мақал - мәтелдер (мысалы: "Жақсы аттың жал-құйрығы, Әрі жібек, әрі қыл. Жақсы жігіттің белгісі, Түзде мырза, үйде құл" немесе "Жақсы аттың артынан құнан ереді, Жақсы жігіттің артынан ұлан ереді"), аңыз - әңгімелер, шығармалар, өлең-жырлар, ертегілер өте көп.
Қазақ халқы үшін жылқы малдың патшасы саналған, оның себебі Жылқы - көшіп-қонуға төзімді әрі ыңғайлы, қысы-жазы жем-шөп тілемей жайылады. Оның азығы (жемі, шөбі) өзге малдан әлдеқайда асыл.Сол себепті де оның еті де,сүті де денсаулыққа шипалы екендігі ерте кезден ақ белгілі.
Бұрынғы кезде аңыз – дастандарды оқысақ, батырлардың жылқыларының аты болған екен. Қобыланды батырдың Тайбурылы, Алпамыс батырдың Шұбар деген аты болған. Бұл аттар жәй аттар емес, жүйрік, сұлу, әрі батырдың ең жақын досы бола білген.
Аталарымыз “Ат ердің қанаты”, “Мінсең - көлік, жесең - ет” деп жылқы малын аса жоғары бағалаған. Сонымен қатар жылқылар бізді қауіптерден қорғайды екен. Бұрындары ата - бабаларымыз "жылан жоламасын" деп қастарына жылқы байлап жатқан екен. Осындайды естуіңіз бар ма?
Ұшақ, тік ұшақ, зымыран, ракета, әуе шары
Объяснение: