Менің Отаным Қазақстан.
Менің кіндік қаным тамып, алғаш тәй-тәй басқан, алғаш «ана» деп күлім қаққан, киелі жерім, атамекенім бар, ол – тәуелсіз Қазақстан, яғни мен Қазақ Республикасының азаматымын. Халық даналығы «Әркімге өз туған жері Мысыр шаһары» деп бекерге айтпаған.
Төбесі көкке тірелген таулары бар, көк-жасыл орман-тоғайлары бар, асу-асу белдері бар, қойнауы алтын астық пен малға толған кең жазира даласы бар Қазақстан әлемге әйгілі өте бай ел. Ұлан - байтақ далада төсін кеңге жайған, табиғаты әр алуан жан -жануарларға толы, аққулы көлдері бар, тулаған толқынды теңіздері бар, әсем қалалары бар достығы жарасқан көпұлтты мемлекет.
"Ер татулығы - ел татулығы" демекші, Қазақстан Республикасы әлемде татулығы мен ұлтаралық бірлігі жарасқан ел ретінде танылған. Елбасымыздың салиқалы саясатының арқасында жыл өткен сайын еліміз қарқынды дамып келеді. Қазақстанның әлемдік картада өзіндік ерекше орны бар. Қазақстандай дархан елде қаншама ұлт өкілдері тату - тәтті, бейбіт өмір сүріп жатыр.
Біздің қазақ халқы кең пейіл әрі қонақжай екені баршаға мәлім.
Қазақстанның мемлекеттік тілі - қазақ тілі.
Еліміз елтаңбасымен еңселі, туымен тұғырлы, Ата заңымызда жазылғандай демократиялық, зайырлы мемлекет. Ата заңымызды құрметтеу - әрбір Қазақстан азаматының парызы деп білемін.
Осындай кең байтақ жерде дүниеге келіп, осы елдің азаматы болу - мен үшін үлкен мақтаныш. Болашақта ер жетіп, Отан қорғау саласына бар күш - жігерімді арнағым келеді.
Сондықтан менің тілегім - еліміздің аспанында әрқашан бейбітшілік қыраны қалықтап, туған жеріміздің аспаны ашық болсын!
ответ 1! :Қазақстанның табиғаты әсем көріністерге өте бай. Мұнда сіз кең даланы, биік тауларды, сан алуан көлдер мен өзендерді, керемет табиғи қорықтарды және тіпті ыстық бұлақтарды да көре аласыз.
2!Оңтүстік Қазақстан Бұл аймақтың климатында қуаңшылық байқалады, 700 мм-ге дейін, ал тау беткейлерінде 1100 мм-ге дейін жауын-шашын түседі. Бірақ жер сілкінуі, сел тасқындары мен көшкіндер осы аймақта мекендейтін халықтарға үлкен қауіп төндіреді.
4!Өсімдік дүниесіне өте бай. Тау етектерінде бағалы дәрілік өсімдіктер, мысалы, фармацевтика өнеркәсібінде кеңінен қолданылатын дермене сияқты өсімдіктер өседі.Оңтүстік Қазақстан суармалы егіншілік дамыған аудан. Мұнда көкөніс, бақша дақылдарын, жүзім өсірумен айналысады. Оңтүстік «валюталық» дақыл-мақта өсіретін бірден-бір аудан.
3! Ауа-райы кенет құрылықты. Қысы аязды және созылмалы (5 айдан көп), аз қарлы, кеуіп қалатын ауа – райының басымдылығынан жазы ыстық
5!Ол егін шаруашылығы үшін қауіпті аймаққа жатады.