М
Молодежь
К
Компьютеры-и-электроника
Д
Дом-и-сад
С
Стиль-и-уход-за-собой
П
Праздники-и-традиции
Т
Транспорт
П
Путешествия
С
Семейная-жизнь
Ф
Философия-и-религия
Б
Без категории
М
Мир-работы
Х
Хобби-и-рукоделие
И
Искусство-и-развлечения
В
Взаимоотношения
З
Здоровье
К
Кулинария-и-гостеприимство
Ф
Финансы-и-бизнес
П
Питомцы-и-животные
О
Образование
О
Образование-и-коммуникации
Augustine1234ma
Augustine1234ma
06.04.2020 06:19 •  Қазақ тiлi

«Мен азат елдің ұланымын» тақырыбында әдеби эссе жаз (60-70 сөз)

👇
Ответ:
2008анна22031
2008анна22031
06.04.2020

Мен – тәуелсіз елдің ұланымын

Біз тәуелсіздікті ақылмен, ата-баба жолымен алдық деп ойлаймын.  Н.Ә. Назарбаев

1991 жыл - еліміздің «Қазақстан» деген атпен бүкіл әлемге алғаш қадам басқан жылы. Сол сәттен бері міне 20 жыл да өте шықты. Қазіргі Қазақстан әлем сахнасында мақтанарлықтай беделге ие. Жас мемлекетіміз осындай аз ғана уақыттың ішінде көптеген ірі экономикалық, саяси және әлеуметтік жетістіктерге қол жеткізді. Қазіргі таңда Қазақстан жас мемлекет бола тұра, көптеген елдерден әлдеқайда алда. Еліміздің аяғынан нық тұруы, ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету және экономикамыздың жедел қарқынмен дамуы - қазіргі таңда негізгі стратегиялық бағыттар. Бүгінгі Қазақстан – тек өзі орналасқан аймақта ғана емес, бүкіләлемдік проблемаларды талқылауда және шешуде ықпалды рөл атқаратын ел. «Қаз тұрып, қадам басқан тәуелсіздік сәбилік тұсауын өміршең уақытқа кестірген кезден бастап, осынау 20 жылдың бедерінде айшылық жерді алты рет аттаған алып секілді, дәуір жалынын мығым ұстап, тізгінін бекем қаға білді» - деп Елбасымыз айтқандай, егемен Қазақстанды бүгінде барша  әлем танып отыр.

Тәуелсіздік алғандағы алғашқы әрекеттердің арасында мемлекетіміздің ұлттық валютасы - теңгені енгізу, көршілес мемлекеттермен шекараны белгілеп ал­у, Конституциямызды бекіту бар еді. Ата Заңымызға сәйкес Қазақстан және қазақстандықтар ешкімнің же­ріне көз салмайды, бірақ өз жерінің бір сантиметрін де ешкімге бер­мей­ді. Мұндай істердің орындалуы - ерекше тарихи жетістік. Айта берсек 20 жылда жеткен еліміздің жетістігі өте көп. Дегенмен, бұл жетістіктерге жетуде еліміз көп қиыншылықты көргенін ұмытпағанымыз жөн.

Өз басым тәуелсіздіктен кейін туылған буынның өкілі бола тұра, бұл Егемендіктің қандай жолмен келгенін жақсы білемін. Қазақстан үшін, қазақ халқы үшін тәуелсіздік аспаннан түскен сый емес еді. Халқымыз бостандықты аңсап, Тәуелсіздікке зарығып жетті. Тәуелсіздік жолында еліміз аз қиыншылық көрген жоқ. Тәуелсіздік – ата-бабамыздың ежелден келе жатқан арманы. Халқымыздың бостандыққа ұмтылысының және өшпес қайсар рухының  арқасында тәуелсіздікке қол жеткіздік. Бұл күнге дейін жеткен ұмытылмас оқиғалар – ел бостандығын қорғау соғыстары мен ұлт-азаттық көтерілістердің тарихымызда өшпес өнеге, өлмес мұра ретінде сақталатыны рас. Елдің біртұтастығы мен тыныштығын сақтауға хан-сұлтандар, батырлар, қарапайым халықтың өзі де жандарын пида еткен. Тәуелсіздік деген ұлы жеңіске қол жеткізуде әлі де жаңғырып тұрған кешегі Желтоқсанның да септігі аз болған жоқ – студент жастардың көшеге шығып үндеуі және егемендік үшін зардап шегуге дайын екендігін көрсете білуі барша халыққа сенім мен жігер берген болатын.

Қазіргі таңда Тәуелсіздік - барлығымыз үшін ерекше қасиетті күн. Бірліктің, ынтымақтастық пен татулықтың күні. Мемлекетіміздің тәуелсіздігі - ең алдымен халқымыздың бақыты. Алғашқы жылдарда басым мақсаттардың қатарында егемендікті нығайту, ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, экономикадағы қиыншылықтарға жауап беру болған еді. Сондықтан бүгінгі күні халқымыз өткеннен қалған тарихи өнегені, отансүйгіштікті, ұлтына деген махаббатты жоғалтпай, әрі қарай жастардың патриоттық сезіміне енгізуге ерекше көңіл бөлуі керек деп ойлаймын.

Тәуелсіздігімізді жариялағаннан бергі мезгіл ішінде көптеген елеулі табыстарға қол жеткіздік. Еліміздің тыныштығы мен қауіпсіздігі, көп ұлтты Қазақстан халқының жарастығы мен ынтымақтастығы Президентіміздің жүргізіп отырған парасатты көреген саясатының нәтижесі.

Қазақстан - қазақ халқының ата-баба мекені, ежелгі қонысы. Еліміз өлшеусіз табиғат байлығымен ғана емес, ең алдымен сан түрлі ұлттардан құралған халқымен ерекше екенін ұмытпаған абзал. Бүгінгі бейбіт те шуақты күндерді бағалай отырып, жаңа биіктерге ұмтылу – біздің буынның бағыты болуы тиіс.

4,6(80 оценок)
Открыть все ответы
Ответ:
Мария178930
Мария178930
06.04.2020

Объяснение:

«Абай жолы» романы ушiн Мемлекетгiк сыйлык алган корнектi казак жазушысы: М. Ауезов.

«Азамат Азаматыч» - Б.Майлин

«Ак жалды жуйрiк аттардын иелерi» деп аталган тайпа: Аргиппейлер

«Алаш анызында» айтылатын уш жуздiн негiзiн калагандар: Уйсiн, Болат, Алшын

«Алаша хан» анызында айтылатын Алаша хан ордасынын орналаскан жерi: Жезказган аймагындагы Жангабыл озенi бойында

«Аскери коммунизм» деп аталатьга экономикалык жане саяси жуйе калыптаскан мерзiм: Азамат согысы жылдары

«Аскери коммунизм» негiзiнде енгiзiлген енбек мiндеткерлiгi мен енбекке жумылдырудын жойылу себебi: Жана экономикалык саясаттын енгiзiлуiне байланысты

«Атилла» операсын жазган италиян композиторы? Джузеппе Верди

А. Иманов котерiлiс отрядтарын каруландыру ушiн – кару-жарак шыгаруды уйымдастырды.

А.Алiмжановтын Ал-Фараби туралы романы «Устаздын оралуы» (Неру атындагы халыкаралык сыйлыкка ие болган)

А.Байтурсынов Орынборда турган жылдар: 1910-1917 жылдар

А.Байтурсынов пен М.Сералин озi жазбаларында Казакстанга косу кажет деп далелдеген аймак: Костанай.

А.Байтурсыновтын Орынборда жарык корген жинагы – ″Маса″.

А.Байтурсынулынын 1909 жылы камалганга дейiнгi аткарган кызметi? Каркаралыда мугалiм

А.Байтурсынулынын 1911 ж. Орынборда басылган олендер, аударма, мысалдар жинагы — «Маса».

А.Байтурсынулынын оленi: «Казак салты»

А.Бокейханов «Ресей халыктары ушiн Туыскандык, Тендiк жане Бостандык кунi туды» деп салем жолдады: Минскiден

А.Бокейханов жетекшi болган партия: «Алаш»

А.Бокейхановтын «Бул согыстан жалпы журтка пайда жок. Нарлар алысар, канын тогетiн- сорлы казак болар...» деп жазган согысы: Бiрiншi дуниежузiлiк согыс

А.Бокейхановтын улттык мудденi коргаудагы куресi басталды: 1905-1907 жылгы революция кезiнде

4,8(11 оценок)
Ответ:
Zulik007
Zulik007
06.04.2020

Дамыған индустриялы елдерле технологиялардан, кұрал-жабдықтардан, кадрлар даярлаудан, өндірістерді ұйымдастырудан көрініс табатын жаңа ілімдер үлесіне ІЖӨ өсімінен 80-нен 95%-ына дейін келеді. Бұл елдерде жаңа технологияларды енгізу нарықтық бәсекелестіктің өзекті факторы өндіріс тиімділігін арттырудың және тауарлар мен кызметтер санасын жаксартудың негізгі кұралы болып отыр.

Қазіргі уақытта ғылымды көп кажетсінетін отандық өндірісті дамыту, бәсекеге қабілетті өнімдерді алуға бағдарланған ғылымды көп кажетсінетін жаңа технологияларды және акпараттық технологияларды әзірлеу мен игеру республиканың өнеркәсіп пен ғылыми–техникадағы әлеуетін сақтау мен дамыту есебінен ұлттық экономикалық кауіпсіздік мүдделерін қамтамасыз ету. Қазақстан экономикасының өзекті стратегиялық міндеті болып табылады.

4,5(26 оценок)
Это интересно:
Новые ответы от MOGZ: Қазақ тiлi
logo
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси Mozg
Открыть лучший ответ