Жалпы адамдар бір - бірінен мінезі, дене тұрқы мен сырт келбеті өзгешеленгенмен, барлығы бірдей болып туылады. Ал адам бойына адами қасиеттер тәрбиесі мен қоршаған ортасына байланысты қалыптасады.
Адам бойында жақсы - жаманды қасиеттер қатар жүреді. Менің ойымша, әрбір адам бойында адамгершілік, кішіпейілділік, сыпайылық, адалдық, еңбекқорлық, табандылық т.б. секілді жақсы қасиеттер кездестіруге болады.
Ал ішкі жан дүниесі мен сыртқы сұлулығы астасып жатқан адам нағыз адам деген атқа лайықты болады деп есептеймін. Нағыз адам қарапайым болып, өзгелерге қол ұшын созуға дайын болып, менмендікке жол бермейді.
Ата - анаға қамқорлық жасау – қазақ халқының ежелден келе жатқан салты. Үлкенге қамқорлық жасау, ең алдымен, әке мен шешені сыйлаудан басталады. Өз отбасын, өз ата - анасын сыйламайтын ұл мен қыз басқа адамдарды да сыйлай алмайды. Ата - ана баланы дүниеге келтіреді, өмір береді, тәрбиелейді, білім береді. Ол ержетіп, отбасының қамқоршысы болады деп сенім артады.
Есейген бала ата - анаға қамқоршы болса - жігіт болғаны. Ата мен ананың қартайғанда бойынан күш қайтады. Бірақ олардың ақылы, көпті көрген тәжірибесі отбасына үлкен көмегін тигізеді. Әрбір қиын істің шешімін, ең алдымен, ата – ана табады. Ата – анамен ақылдасып, олардың пікірін тыңдап отырған орынды