Абай деген – терең теңіз, алып мұхит. Абайды таныған сайын, оның түбіне маржандарын алу үшін сүңги беруің керек, сүңги беруің керек. Ал мен оның бетін ғана қалқыдым».
сынау Алаш жазушысы, өмірінің көп бөлігін Абайды зерттеуге арнаған, біздің кез келгенімізге қарағанда Абайды жақсы білетін Мұхтар Әуезовтың өзі, «терең теңіз, алып мұхиттың» бетін ғана қалқыса, сіз және біз сол теңіздің қай жеріндеміз?
Абай Құнанбаевтың бізге қалдырған өсиеттері, ақыл кеңестері баға жетпес мұра. Әрбір қара сөзінің өзінде бірнеше мәселені көтеріп және шешімін бағдарлай білген. Терең ойшылдығымен алысты
болжай білген жан,
Объяснение:
Жақсылық жасау – имандылықтың, тәрбиеліліктің, парасаттылықтың айқын көрінісі. «Не берсең де балаға бер, бала үшін жаса» деген халқымыздың игі дәстүрі қазіргі кезде қайырымдылық қоғамдарының іс-тәжірибелерімен жалғастырылып келеді. «Жылуы жоқ үйден без, қайырымы жоқ биден без», – дегендей, кісілікті ту етіп, адамгершілікті биік ұстау, көкірегі қаяулы, жаны жаралы жанның жасын сүртіп, жылы лебізін аямау, қолдан келген жәрдемін ұсынып, достық пейілдерін таныту – екінің бірінің қолынан келе бермейтін іс.
«Қайырымдылық жасасаң, қайырымын өзің көресің» – деген екен халқымыз. Мұхаммед пайғамбарымыз да бір хадисінде: «Кім Алла үшін бір жетімнің басынан сипаса, қолы тиіп өткен әрбір тал шашы үшін сауап алады»,– деген. Бұл өмірде жасалған ешбір жақсылық та, жамандық та ешқашан жерде қалмақ емес. Әркез жүрегіміз кең, пейіліміз ақ болып, жақсылық жасауға ұмтылып тұрайық.