Қазақстанның жабайы жануарларының ішіндегі ең әйгілі, тіпті аңызға айналған - бұл барыс немесе ирбис (Uncia uncia) .Қазақстанның таулы аймақтарынан шыққан тағы бір маңызды сүтқоректілер - бұл Тянь-Шань қоңыр аюы (Ursus arctos isabellinus), ол «қызыл аю» деп те аталады. барған сайын сирек кездесетін пальто қызарған көлеңкесі үшін. Қазақстан даласында фаунаның маңызды өкілдері - атақты Марко Поло қошқарларына ұқсас жабайы қошқарлардың бес түрі мен түршесі. Олардың барлығы IUCN Қызыл Кітабына жойылып бара жатқан түрлер ретінде енгізілген. Тағы бір маңызды, бірақ сирек кездесетін, қазақ даласы мен шөлдерінің жыртқышы - қаракөл. Мүмкін, ел аумағында, негізінен Каспий теңізіндегі Маңғыстау облысында, 200-ден көп жеке адам қалмаған шығар.
– Сонда қандай ой түйіп қайттыңыз? Қазақ театрларының қойылымдарын алыс-жақын шетелдерге апарып көрсетудің жақсы жақтары мен әттеген-айлары бар ма?
– Әрине, бар. Алдымен пайдалы жағы туралы. Біз өзіміздің көңілден шыққан қойылымдарымызды алыс-жақын шетелге апарып көрсету арқылы ұлттық театрымыздың мәртебесін асқақтататынымыз сөзсіз. Бұл – бір. Екіншіден, сондай сапалы да салмақты, айтары бар драмалық туынды екенін жан-жақты әйгілейміз. Үшіншіден, актерлеріміздің сахнада ойнау шеберлігін көрсетеміз. Ал қойылымға келсек – оны сол елдің тілінде ойнап көрсету аса міндет те емес, ілеспе (синхронды) аудармасы болса жетіп жатыр. Еш қиындығы жоқ. Енді әттеген-айына келер болсақ, бұл ретте, әсіресе көзге ұрып тұрғаны мынау біз әлі күнге өзімізде қойылып жатқан спектакльдердің ерекше тартымды әрі ең үздіктерін белгілеп, анықтап, қырнап, жөндеп, әбден сақадай сай етіп отырған жоқ екенбіз. Бәрі де асығыс шешіліп жатады. Аяқастынан жолға жиналу – түбі жақсылыққа бастамайды. Біздің ойымызша, кез келген театр ұжымында ең кем дегенде 1-2 өте сәтті әрі адамзаттық мәселелерді батыл түрде көтере алған қойылым барлық уақытта әзір тұрса құба-құп. Міне, алғашқы басымдық осыған берілгені жөн.
– Шетелге ұялмай алып шығу үшін қойылымға алдымен не керек? Ең негізгісі...
– Негізгісі дейсіз бе? Меніңше, ең алдымен жақсы, ұтымды, терең ойлы драматургия жазылуы керек. Ал оның деңгей-дәрежесін анықтап, қалай саралап-салмақтаймыз? Бұл – күрмеуі көп үлкен мәселе. Кезінде Мәдениет министрлігі жанында репертуарлық коллегия жұмыс істеп тұрды. Міне, осы коллегия талқылауынан соң, оң баға алып, «қоюға жарайды» деген пьесалар ғана сахнаға жолдама алатын-ды. Бүгін ше? Кез келген облыста өз бетінше шешім қабылдап, жергілікті енді бастап жүрген драматургтің ортақол дүниесін асығыс сахналай салады. Бәрі емес шығар, бірақ көбіне осындай жағдай тән. Қалам ұстап, осы бағытта тер төгіп жүрген үлкенді-кішілі әріптестеріміздің көңіліне келмесін, осындай шалажансар шаруа-әрекеттен не ұтамыз? Ұтамыз ба, әуелі...
– Жаңағы айтқан, репертуарлық коллегия жайын түсіндіре кетсеңіз.
Қолданылған материалдарға міндетті түрде www.egemen.kz сайтына гиперсілтеме берілуі тиіс / Любое использование материалов допускается только при наличии гиперссылки на egemen.kz: https://egemen.kz/article/204479-teatr-%E2%80%93-ulttynh-ar-uyaty
© egemen.kz