Баяғы өткен заманда бір патша базардан екі құл сатып алыпты. Құлдарының бірі сиықсыз, тістері шірік әрі аузы сасық екен, ал екіншісі болса келбетті, маржандай тістері бар әрі аузынан хош иіс шыққан жағымды адам екен. Патша келбетті құлын сыйға бөлеп, моншаға жібереді. Аузы сасыған екінші құлды қасына шақырып:
– Сені ұнатып-ақ едім, бірақ ана моншаға кеткен досың сен туралы көп жаман нәрселер айтты. Сен де, қаласаң маған оның жаман тұстарын айтып бер, – дейді. Құл болса, жолдасына шаң жуытпай, ол туралы еш жаман сөз айтпады. Патша қалай тырысса да, мақтаудан басқа ештеңе айттыра алмапты. Екінші құлы моншадан қайтып келгенде, патша оны да сынамақ болып қасына шақыртты. Біраз мақтау сөз айтқан соң:
– Ана досың айтып берген жаман мінездерің болмаса, жап-жақсы жігітсің, – депті. Сөйтсе, әлгі ашуланып, жолдасы туралы қайдағы жоқты айтып, жамандай бастайды. Патша біраз тыңдаған соң:
– Доғар сөзді, кімнің кім екенін енді білдім. Мен сені тексеру үшін айтқан едім. Оны осылайша тексергенімде, ол сен туралы тек жақсы сөздер айтты. Сен жамандаған жолдасыңның аузы сасыса, сенің ішің сасыған, шірік екенсің. Бар, сол жамандаған досыңның қол астында жұмыс істейтін боласың, – депті.
Адамның ішкі дүниесі, мінезі жаман болса, сұлу келбетінің құны көк тиын.
Ақпарат дереккөзі: https://massaget.kz/layfstayl/debiet/tmsil/48559/
Объяснение:
Қазақстанның жаңа астанасын құру идеясы Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевқа тиесілі.
Астананы Алматыдан Ақмолаға ауыстыру туралы шешімді Қазақстан Республикасының Жоғарғы Кеңесі 1994 жылы 6 шілдеде қабылдады. Астананың ресми трансферті 1997 жылдың 10 желтоқсанында болды. Президенттің 1998 жылғы 6 мамырдағы Жарлығымен Ақмола Астана болып өзгертілді. Жаңа астананың халықаралық тұсаукесері 1998 жылы 10 маусымда өтті. 1999 жылы ЮНЕСКО шешімі бойынша Астана «бейбітшілік қаласы» атағын алды. 2000 жылдан бастап Қазақстанның басты қаласы Халықаралық астаналар мен ірі қалалар ассамблеясының мүшесі болды.
Астана - Азияның солтүстігінде орналасқан астана. Қазіргі кезде Астананың аумағы 722 шаршы шақырымнан асады
1.Дұрыс
2.Бұрыс
3.Бұрыс
4.Дұрыс
5.Дұрыс
6.Бұрыс
7.Дұрыс