O
Мәтінді тыңда. Түсініп оқы. Тақырып қой.
Шеген менің аяғымдағы толып жатқан жара мен жарықтарын көріп, басын шайқады да:
– Уай, мынауың болмайды, — деді, «түсінемісің» дегендей, көзіме қадала қарап. — Ең ал-
дымен, адамға бас керек. Онсыз өмір оған молданың көрінен де қараңғы болады. Онсыз өмір
«Құраннан» жаман, түсіне алмайсың. Екінші бізге аяқ керек. Қашсаң — құтылатын бол, қусаң —
жететін бол. Керек боп қалса, құстай ұшатын бол! Мынадай табан бола ма екен! Қырық тесік!
Аяғыңның жалпы бітімі жаман болмағанмен, қазіргі халi қанағаттанарлық емес деп танимын.
Жата тұр құмның үстінде. Мен қазір келем, — деп, Шеген қалаға қарай жүгіріп кетті.
— Дәрі әкеледі. Екі күнде жазып береді! — деді Бораш ұзай берген Шегенге риза көзбен
қарап. Жүзіндегі күрсініс ізі осы арада ғана түгел бір жойылып кетті.
— Сен қалай ақсадың? — дедім Борашқа іскен оң тізесіне қолымды апарып.
— Әй апам қораның төбесінен құлатып жіберді.
«Әй апасы» өгей шешесі екенін түсіндім де одан арғыны қазбалағаным жоқ. Бораш шорла-
нып бітіп келе жатқан оң тізесін сипалай отырып:
— Соқаның үстіне құлап түстім... Шеген ағам жазды ғой әйтеуір... Енді бір айда жүруге
жарайсың дейді...Балық майынан жазылды. Тіпті жазылып қалып еді, әнeугүні дегдoм ұстап ала
жаздап, содан қашқанда тағы бүлдіріп алдым, – деді.
Бұл жолы өзінің қашып құтылғанына мақтанатындай жымиып та қойды.
— Мен де керемет жүйрікпін! — дедім мақтанғым келіп кетіп,
— Ойбай... Шегендей емес шығарсың... Шеген қайда!? Ол. Ол ағып бара жатқан машинаны
қуып жетіп, асылып кете береді! Біреу көріп қалса, қарғып түсіп, кете беруі де түк емес. Ол —
әншейін желаяқ! — деді Бораш масаттана сөйлеп.
(Ғ. Мүсірепов) переведите даю все что есть
Әрбір адам өзін күтетін, жақсы көретін бақытты отбасы туралы армандайды. Көптеген адамдар шын бақытты ең алдымен отбасынан көреді. Отбасы сөзімен біздің өмір, бейбітшілік, махаббат тіралы ең алғашқы ойымыз қалыптасады. Үй - бұл ең алдымен отбасы, бұл тұған жеріңе деген махаббат басталатын кіші Отаның. Жанұя - бұл сенің ең сүйікті әрі ең жақын адамдарың. Маған жаұя анадан басталады. Ананың махаббаты, мейірімі бізді өмірге келген кезден-ақ басталады. Ана - отбасы ошағын сақтаушы. Ол барлық отбасын ұстап тұрады: жұмыстан келгеннен кейін тамақ дайындап, үй жинайтын да осы ана. Мен анамның қалай ғана барлық іске үлгеретініне таңданамын. Біздің үйде маған да, әкеме де, тіпті жануарларға да жылы әрі ыңғайлы. Әріне, жалғыз анам бүкіл отбасыны құрай алмайды. Өйткені, отбасы - бұл барлық адамдар. Көмек беру, мейірімділік менің отбасымда жылулық сақтап отырады. Әрбір отбаснда өзінің әдет-ғұрыптары, мейрамдары болады. Бұл біз үшін ең алдымен күлкі, қуаныш, достар, сыйлықтар, жақын адамдар. Отбасылық мейрамдарға бәріміз бірге дайындаламыз және асыға күтеміз. Мейрамдарды біз табиғатта, үйде өткіземіз. Көбіне мұндай атаулы күндерді біз ата-анамыздың достарымен өткіземіз. Отбасы әрқайсысымызға ең ыстық. Бұл ортада бізге біздің қателіктерімізді айтады, әрқашан жақсы көреді. Отбасысыз адам өмір сүре алмайды. Менің отбасым- менің қорғаным.