М
Молодежь
К
Компьютеры-и-электроника
Д
Дом-и-сад
С
Стиль-и-уход-за-собой
П
Праздники-и-традиции
Т
Транспорт
П
Путешествия
С
Семейная-жизнь
Ф
Философия-и-религия
Б
Без категории
М
Мир-работы
Х
Хобби-и-рукоделие
И
Искусство-и-развлечения
В
Взаимоотношения
З
Здоровье
К
Кулинария-и-гостеприимство
Ф
Финансы-и-бизнес
П
Питомцы-и-животные
О
Образование
О
Образование-и-коммуникации
Sveto4ka2006
Sveto4ka2006
15.09.2021 15:42 •  Қазақ тiлi

2-тапсырма. «Броундық қозғалыс» ойыны. Әр ұл бала екі қыздан:
1. Саған қандай зергерлік бұйымдар ұнайды?
2. Сен зергерлік бұйымдардың қай түрін пайдаланасың? – деп сұрайды.
3. Сауалнама алынып болған соң сыныпта кімде қандай зергерлік бұйым
бар екені нақтыланады.
Қазақтың ұлттық этикеті мен сөз әдебінің үлгілерін пайдалан:
«Өтінемін!», «Айтып жіберші», «Рақмет!», «Көп жаса!» Т.С.С. Қазақтың ұлттық
этикеті, сөз әдебіне қатысты орамдарын қолдан.​

👇
Открыть все ответы
Ответ:
starprichal
starprichal
15.09.2021

Тілім өшсе менде бірге өшемін, тілім өссе менде бірге өсемін» деп Әбділдә Тәжібаев атамыз айтқандай, тіл – біздің байлығымыз, қазынамыз. Халық тілімен бай, дінімен бай. Қазақстан мемлекеті өз тәуелсіздігін алып, егеменді ел болғалы қазақ тілінің мәртебесі көтерілді. Әрине қуанамыз. Бірақ, мемлекетімізде тұратын қазақтар саны еліміздің 60 пайызын құраса да әлі таза қазақша сөйлей алмай келеді. Шынымен, бұл менің жүрегімді ауыртады, алаңдатады. Қазақ тілін оқытуда көп жоспарлар қолға алынып, жүзеге асып жатыр. Мемлекеттік тілді меңгерту жолында қаншама ғалымдар мен ұстаздар маңдай терін төгіп, тілді меңгертудің сан қырлы әдістемелері мен озық технологияларын жасап жатыр. Осыған қарамастан тілді меңгерту баяу жүзеге асып жатқандай ма, қалай?

«Оқу инемен құдық қазғандай» деп тілді меңгерту ұстаздан тамшыдан көл жасағандай үздіксіз ізденісті, үлкен қайратпен жұмыс жасауды талап етеді. Сол үшін еңбек етіп жатырмыз да. Бірақ, менің ойымша, тілді үйрену, мемлекеттік тілде таза сөйлеу әр адамның жеке басына байланысты. Әр адамның Отанға, еліне, жеріне деген патриоттық сезімі болып, мемлекеттік тілге деген мәртебесі болса ғана қазақ тілін үйреніп, меңгере алады деп ойлаймын.

4,6(45 оценок)
Ответ:
15.09.2021

Өмірдің өзі де ұстаз. Бірақ осынау «ұстаз» сөзінің астарында мыңдаған білім мен ғылым, махаббат пен сүйіспеншілік жатқанын байқай бермейміз. Ұстаз болу кез келгеннің қолынан келе бермейді. Шәкірт тәрбиелеу, оны биікке жетелу, қанаттандыру, жаны мен тәнін, болмысы мен барын беру тек ұстаздың қолынан келетін қасиеттер.

Тарыдай болып кірген күніңізден бастап мектеп қабырғасында сіздің еркелігіңізді көтеретін де, қателіктеріңізді кешіретін де, сабақ бере отырып сүйіспеншілікке баурайтын да, махаббатқа тәрбиелейтін де, өмір сүрудің қыр-сырын үйрететін де ұстаздар қауымы. Таудай болып шыққан күніңізде де талабыңызға тілекші болып отыратын тағы да ұстаз.

Ұстаздардың еңбегін ұлы ететін өздері емес, шәкірті. Білім нәрімен сусындатып, үйретуден талмаған ұстаздың сан жылдар бойғы еңбегінің жемісі – аяулы әрі білімді шәкірт. Бәйгеден оза шауып, мыңнан тұлпар, жүзден жүйрік келген шәкірт үшін ұстаздың қуанышы сіз бен бізге елестетуге келмейтін сезім.

Алғаш мектеп табалдырығын аттаған күні сізді құшаяқ жая қарсы алған аяулы жанның екінші анаңыздай болып кетерін сезініп көрдіңіз бе?! Әрине, жоқ. Бірақ әрбір күн өткен сайын жаныңыздан табылып, әр аптаның жеті күнінде жеті рет көрісіп, көңіл ұясына тұрақтап қалған ұстазға деген махаббат өлмек емес.

4,6(21 оценок)
Это интересно:
Новые ответы от MOGZ: Қазақ тiлi
logo
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси Mozg
Открыть лучший ответ