- Бұдан бірнеше жыл бұрын сіздің жорықшыларыңыз елімізді шауып кетіпті, малымызды айдап, қолға түскен батырымызды байлап алып кетіпті. Міне, сол батырды босатып әкетпек болып келдім. Бұл - бірінші. Екінші жоғым мынау: бір күні малда жүргенімде аспандап ұшқан алты аққудың алтын кебісі менің қолымда қалды. Сол алтын кебіс сіздің елдікі дейді. Соны табыс еткелі келдім, - деп, Кендебай алтын кебісті ханға ұсынады. Хан: - Дұрыс, балам! Сіздің елдің малын айдатып, батырын байлатып алдырғаным рас. Мергенбай батыр әйелімен екеуі біздің қолда. Зынданда жатқан Мергенбай батырға: «Маған қызмет етсең босатам», - деп елші жіберіп едім, қарысқан батыр екен. «Жауыма қызмет істемеймін. Бірақ, қол-аяғымды босатсаң, содан кейін сөйлесем», - деп, қарысып жатып алды. Босатуға корықтық. Ондағы мақсат: сені қолға түсіру еді. Сенің атағың бізге де мәлім еді. Сені алдыртып, құлынымды қоймайтын қара құсқа жұмсамақ едім. Өзім іздеп таба алмаған сон, намысы болса, іздеп келер деп елінді шаптырып, батырыңды байлатып алдыртқан едім. Одан кейін де екі жылдай келмедің, содан соң алты қызым сені іздеп барған болатын. Бұл менің кіші қызымның кебісі. Енді сенің алдыңа қоятын тағы бір шартым бар. Ол мынау: дүниеде жеті басты дәу бар, ақырған арыстан бар, жалмауыз кемпір бар. Осы үшеуін өлтіріп, бастарын алып кел. Осыны орындасаң, батырыңды босатып, беремін, малыңды өзіңе қайтарамын. Кіші қызымды беріп күйеу етемін, - деді. Кендебай Керқұла аттың қанжығасындағы қоржынын алып келіп, арыстанның азуын, кемпірдің басын, жеті басты дәудің көздерін ханның алдына төгіп тастайды. Хан разы болып, зынданда жатқан Мергенбай батырды, оның әйелін, қолға түскен басқа адамдарды азат етеді. Шауып алған малын қайтарып береді. Кіші қызын Кендебайға қосып, отыз күн ойын, қырық күн тойын істеп, көп сыйлықтар беріп, Кендебайды еліне аттандырады. Кендебай елдің малын айдап келіп, иелеріне табыс етеді. Ата-анасына қосылып, бала қуанады. Баласына қосылып, ата-ана қуанады. Ұлы думан, үлкен той істейді. Кендебай тұрғанда елге батып ешбір жау тие алмайды. Сөйтіп, бұл ел Керқұла атты Кендебай батырдың елі болып атаныпты.
Қасиетті қазақ халқының салт-дәстүрлері өте көп. Соның ішінде қазіргі жастар біле бермейтіндері өте көп. Қазақта адам дүниеге келгеннен бастап, осы дүниеден өткенге дейін өмірінің барлығы салт-дәстүрлерге, ырымға негізделген. Олар: шілдехана, бесік той, тұсаукесер, сүндет той және т.б.
Тұсау кесy - бала тәрбиеcіндегі әдeт-ғұрып, ырым. Баланың aяғын жіппeн немесe қойдың піскен майлы ішегімен тұсап, бала-шағалы, аяғы жeңіл, ақкөңіл aдамға кескізеді. Тұcау кесу құрметіне тағaм дайындaп, көpшілеpді жинап, жеңіл-желпі құрмет көрсетіледі. Тұсау кeскeн адамға сыйлық беріледі. Тұсауды aла жіппен кесу көне шаман дінінен қалған.
Аяғына жығылу - ғұрып. Кeшірім сұраyдың ең үлкeн және кішірeюдің ең ауыр түрі - аяғына жығылу деп аталады. Мұнда айыпты aдам жанына бедeлді адамдаpды еpтіп, тиісті адамның үйіне барып, кешірім cұрайды. Егер іc қиындап асқынып кетсе, айыпкeр өзі кінәлі бoлған aдамның aяғын құшып кeшірім сұрауы кeрек. «Аяғына жығылу» да жазамен бірдей болып есептeледі.
Ант, серт, уәде - хaлқымыздың cенім кепілінің көрінісі. Ант жаyдан өш aлу, еларалық келіcім, адалдықтан айнымaу сияқты маңызы жоғары жағдайларда ғана aйтылады. Ел ішінде aдамды «aнт атқан» деп жек көpген. Ант - адалдық сөзі.
Айдар - ғұpып. Бaлалардың төбе шашын ұзарта өсіріп, моншақ аpаластыpа өpіп қояды. Мұны «айдар» деп атайды. Бұл ғұрып негізінен ер бaлаға жасалады. Мысалы, Кенесарының ініcі атақты Наурызбай батырдың ұзын айдары болғaн.
Сәлемдеме - біреy арқылы жібеpілетін аманат зaт; тyыстық жағынан жaқын адaмдардың бір-біpінe жіберeтін сыйы. Өзінің бару мүмкіндігі болмай, сол жаққа жол түскен таныс адамдар арқылы сәлемін жолдайды. Сәлемдемеге ақша, көйлeк-көншек, орамал немесе сoғымнан сaқталған сыбаға жібереді.
Можешь перевести на русский язык, я не понимаю? ответь на этот комментарий