Адам - табиғаттың ажырамас бөлігі. Сондықтан халқымызда «Жер-Ана» деген егіз үғым қалыптаскан. Жерді өз Анасындай, Анасын Күндей қастерлеу Ата қостаған салтымыз. «Жер шоқтығы - Көкшетау», «Жер жаннаты - Жетісу» деп, бабаларымыз туған жерге, табиғатқа деген ыстық махаббатын білдірген.
Сондықтан орман-тоғайларды сақтап, қоршаған ортаның, өзен мен көлдердің ластанбауына ерекше мән берген.
«Су ішкен құдығыңа түкірме»
«Бұлақ көрсең, көзін аш»
деп, жас ұрпақтың бойына табиғатты қорғаудың тәрбиесін сіңірген.
Табиғатта үздіксіз өзгерістер болып жатады. Мысалы, жанартаудың атқылауы , найзағайдың жарқылы, судың мұзға айналуы сияқты құбылыстар табиғаттағы өзгерістерді көрсетеді.
Аспан денелерінің қозғалысы, гүлдердің шешек атуы, ағаштың жайкалып өсуі, өзеннің тасуы немесе көлдердің тартылып суалуы - осылардың барлығы да қоршаған ортадағы өзгерістер.
Sun closed by the moon.jpg
Әлемде орын алатын сан алуан өзгерістер табиғат құбылыстары деп аталады.
Табиғат қүбылыстары бір-бірімен тығыз байланысты. Оларды физика, астрономия, география, геология, биология, химия сияқты ғылымдар зерттейді. Әр ғылымның табиғатты зерттеуде өз мақсаты мен міндеті бар. Мысалы, физика негізінен механикалық қозғалысты, жылу, электр, жарық құбылыстарын зерттейді. Физика ғылымы зерттейтін табиғат құбылыстары физикалық құбылыстар деп аталады.
Физика басқа да жаратылыстану ғылымдарымен өзара тығыз байланыста болады. Мәселен, географияда физика заңдарын өзендердің қалай ағатынын, желдің қалай пайда болатынын түсіндіру үшін қолданады.
Ақтөбе — Батыс Қазақстандағы қала, Ақтөбе облысы мен Ақтөбе қалалық әкімшілігінің орталығы.Халық саны — 387 945 адам (1 қаңтар 2015). Ақтөбе Батыс Қазақстан өңірінің ең ірі қаласы, Қазақстан қалаларының арасында халық саны бойынша бесінші орында орналасқан. Ақтөбеде көптеген ұлт өкілдері өмір сүреді. Саны жағынан ең көп таралған ұлт — қазақтар. Олар қала халқының 75,7 % құрайды. Үлесі бойынша екінші орынды меленген орыстар қала халқының 17,34 % құрайды. Негізгі діни топтар — мұсылмандар (негізінен — сүнни) менхристиандар (негізінен — православтар). Ақтөбе — дамып келе жатқан Ақтөбе агломерациясының орталығы (халық саны — 541 мың адам). Қаланың ауданы — 297,39 км². 1997 жылы таратылған Ақтөбе ауданының территориясы қала әкімшілігінің құзырына берілгеннен кейін әкімдік қарамағындағы жердің жалпы ауданы 2 338 км² дейін ұлғайды.Қаланың негізі Ресей империясының қарулы жасағымен Ақтөбе бекінісі (орыс. Ак-Тюбе) ретінде Елек өзенінің сол жағалауында, оң жағынан Қарғалы өзені құятын тұсында қаланған. 1891 жылдың 25 наурызында Ақтөбе Торғай облысы құрамындағы уездік қала мәртебесін иеленіп, орысша атауы Актюбинск болып өзгертілді. Ресейдегі азаматтық соғыстың кезінде қала кезекпен ақ гвардиялықтар мен большевиктердің қолына өтті. 1919 жылы қалада біржолата Кеңес өкіметі орнап, 1920—1925 жылдары Ақтөбе Ресей КФСР-ның қоластындағы Қырғыз АСКР-ның құрамында болды. 1921 жылы қала жаңадан құрылған Ақтөбе губерниясының әкімшілік орталығы болды, 1925—1936 жылдары Қазақ АКСР-ның құрамында болды (1928 жылы Ақтөбе губерниясы таратылғаннан кейін Ақтөбе округының орталығы, 1932 жылдан бастап жаңадан құрылған Ақтөбе облысының әкімшілік орталығы). 1936 жылы қала РКФСР қоластынан бөлініп шыққан Қазақ КСР-ның құрамына кірді. 1991 жылы КСРО ыдырағаннан кейін тәуелсіз Қазақстан Республикасының құрамында.Қазіргі Ақтөбе — Қазақстанның ірі өнеркәсіп, шаруашылық және мәдениет орталықтарының бірі. Қалада ферроқорытпалар, хром қоспаларын, ауыл шаруашылық техникасын, рентген аппараттарын шығаратын зауыттар орналасқан. Химия, тамақ және жеңіл өнеркәсіп дамыған.