М
Молодежь
К
Компьютеры-и-электроника
Д
Дом-и-сад
С
Стиль-и-уход-за-собой
П
Праздники-и-традиции
Т
Транспорт
П
Путешествия
С
Семейная-жизнь
Ф
Философия-и-религия
Б
Без категории
М
Мир-работы
Х
Хобби-и-рукоделие
И
Искусство-и-развлечения
В
Взаимоотношения
З
Здоровье
К
Кулинария-и-гостеприимство
Ф
Финансы-и-бизнес
П
Питомцы-и-животные
О
Образование
О
Образование-и-коммуникации
zbbzk
zbbzk
09.10.2022 19:49 •  Қазақ тiлi

СОЧ
Қазақ тілі мен әдебиеті» пәнінен 4-тоқсан бойынша жиынтық бағалау

Оқушының аты жөні
Сыныбы

1-тапсырма
Оқылым
Мәтінді мұқият оқып, төмендегі тапсырмаларды орындаңыз.
Кең байтақ қазақ жерінің бір бөлігі - Сарыарқа. Сарыарқа Қазақстанның ұлан-ғайыр жерін алып жатыр. Арқадай кең көсіліп жатқан сары дала қайталанбас тамылжыған табиғатымен тамсандырады. Сарыарқаның төсінде соғатын самал жел есіп қоя бергенде, өзіңді тамаша күйде сезінесің. Сары даланың самал желі ғана емес, табиғатының өзі керемет. Мұнда тұңғиық көлдерді, асау өзендерді, аласа тауларды, сарғайған сары шөптерді, жазық даланы көруге болады. Табиғат адам жанына жылулық, сұлулық өміріне мән сыйлайды.Таңғажайып табиғаты көңіліне бір реніш түсірмейді. Сонау Сарыарқадай сары даладан елін жаудан қорғаған, жұртына қорған болған батырларымыз да шыққан. Сарыарқаның асыл тумалары, сонау Абылай заманындағы Бұқар жырау, Қаз дауысты Қазыбек, ақындар Шөже, Шашубай, Доскей, жазушы С.Сейфуллин және ақын Қ.Аманжолов, композиторлар Тәттімбет, Мәди, Ұлы Отан соғысының қаһарманы Н.Әбдіров, ғалымдар А.Чижевский және Е.Бөкетов, қазақтың тұңғыш ғарышкері Т.Әубәкіров сияқты атақты адамдар Сарыарқаның атын шығарған. (127 сөз)
1. Кең байтақ қазақ жерінің бір бөлігі не?

2. Сарыарқа төрінен кімдер шыққан?


3. Берілген мақал-мәтелдердің қайсысы мәтін мазмұнына сәйкес келеді?
А) Әке балаға сыншы
В) Әкеге қарап –ұл өсер,
Анаға қарап –қыз өсер
С) Айлалы батыр алдырмас.
Д) Туған жер - алтын бесік.

4. Берілген сөздердің синонимін мәтіннен тауып жазыңыз.
а. керемет
в. сазгер
с. еліне
5. Мәтін мазмұнын ретімен орналастырыңыз.

Оқиғалар Реті
Қазақтың тұңғыш ғарышкері Т.Әубәкіров сияқты атақты адамдар Сарыарқаның атын шығарған
Сарыарқаның төсінде соғатын самал жел есіп қоя бергенде, өзіңді тамаша күйде сезінесің.
Сарыарқа Қазақстанның ұлан-ғайыр жерін алып жатыр.
Табиғат адам жанына жылулық, сұлулық өміріне мән сыйлайды.

2-тапсырма
Жазылым
Басқа елде тұратын досыңызға өзіңіз тұратын жерінді сипаттап, хат жазыңыз. Хат мазмұнында хабарлы, сұраулы, лепті сөйлемдерді қолданып, хат стилін сақтаңыз Болымды және болымсыз етістіктерді қолдана отырып, еліміздің көрікті жерлері туралы. (70-90 сөз).

👇
Ответ:
aresubject1701
aresubject1701
09.10.2022

1.Сарыарқа.

2.Абылай заманындағы Бұқар жырау, Қаз дауысты Қазыбек, ақындар Шөже, Шашубай, Доскей, жазушы С.Сейфуллин және ақын Қ.Аманжолов, композиторлар Тәттімбет, Мәди, Ұлы Отан соғысының қаһарманы Н.Әбдіров, ғалымдар А.Чижевский және Е.Бөкетов, қазақтың тұңғыш ғарышкері Т.Әубәкіров.

3.Д) Туған жер - алтын бесік

4.

Керемет-тамаша.

Сазгер-композитор

Еліне-жеріне,жұртына

5.

1)Сарыарқа Қазақстанның ұлан-ғайыр жерін алып жатыр.

2)Сарыарқаның төсінде соғатын самал жел есіп қоя бергенде, өзіңді тамаша күйде сезінесің.

3)Табиғат адам жанына жылулық, сұлулық өміріне мән сыйлайды.

4)Қазақтың тұңғыш ғарышкері Т.Әубәкіров сияқты атақты адамдар Сарыарқаның атын шығарған .

2 тапсырма

Сәлем, жағдайың қалай?Мәскеу ұнап жатырма? Мен болсам қазір Алматыда жүрмін. Бұл жердің табиғаты өте керемет. Тек Алматы ғана емес, Қазақстанның барлық жерлерінде көрікті мекендер бар. Баянауыл ұлттық саябағы, Алтынемел ұлттық саябағы бұлар өте әсем жерлер. Табиғатының әсемділігі соншалық, көрсең көзін тоймайды. Бурабай демалыс орнында айта кету керек. Жазда туристер өте көп баратын жер ғой. Шарын каньоны да баруға тұрарлық жер. Шет елдегі Колорадо каньоны деп ойлап қаласың.Қазақстанның көрікті жерлерін айта берсен өте көп. Мың рет естігенше, бір рет көр деген сөз бар емес пе, сондықтан сені осы жаққа шақырамын. Сау бол, досым. Сені келесі жылы Қазақстанда күтетін боламын.

4,5(4 оценок)
Открыть все ответы
Ответ:
даня1166
даня1166
09.10.2022

«Егер мен миллионер болсам ...»

Бір сәт қиялға беріліп, арманның жетегіне еріп, өзімді миллионер елестетіп көрейін. Әрине, миллионер болсам, ең алдымен, «не істейтін едім, ол ақшаны қалай жұмсайтын едім?» деген сұрақ көкейімде болатыны айдан анық. Енді осы сұраққа жауап беріп көрейін.  

Әрине, қазіргі материалдық қоғамда қалтаңда ақшаң жеткілікті болса, біраз нәрсеге қол жеткізуге болатыны сөзсіз. Дегенмен, мен бай екенмін деп менсінбеушілік танытпаған абзал. Себебі, «ақша деген - қолың кірі, бүгін бар, ертең жоқ».

Сонымен, мен миллионер болсам, ең алдымен, отбасыммен шетелдік саяхатқа аттанар едім. Ел аралап, жер көру, басқа адамдар мен мәдениетпен танысу, әрі ағылшын тілін қолданып, үйрену – менің арманым. Сапар шеккен адам ел көреді, жер көреді, ой – өрісі кеңейеді, бой жазып қайтады.  

Одан соң ақшамның бір бөлігін балалар ауруын емдеу үшін жүргізілетін зерттеулерге жұмсар едім. «Сәбилер бақытты болу үшін жаралған» деп әнге қосылып айтылғандай, ешбір сәби ауырмай, балалық шағы бақытты болса екен деп армандаймын.

Қалған ақшаны анама беріп, өз қалауынша жұмсаса екен деймін. Әрине, бұлай мен анамның түнгі ұйқысы мен ақ сүтін ақтай алмаймын, дегенмен анам да бақытты болып, ешнәрседен тарықпаса екен деп армандаймын.

Объяснение:

4,4(36 оценок)
Ответ:
dianos2002
dianos2002
09.10.2022

1. Ер — елінде, гүл — жерінде.

Өз елінде көртышқан да батыр.

Өз елінің иті де қадірлі.

Отан үшін күрес — ерге тиген үлес.

Орағың өткір болса, қарың талмайды, Отаның берік болса, жауың алмайды.

Елінен безген ер болмас, Көлінен безген қаз болмас.

Сағынған елін аңсайды, Сары ала қаз көлін аңсайды.

Жат жердің қаршығасынан, Өз еліңнің қарғасы артық.

Егілмеген жер жетім, Елінен айырылған ер жетім.

1. Қылыштың міндеті - кесу,

Қолдың міндеті - шешу.

2. Итпен ит ырылдасса - тамағының тоқтығы,

Жігітпен жігіт қырындасса - ынтымағының жоқтығы.

3. Ел боламын десең достас,

Қор болам десең қастас.

4. Ер татулығы - ел татулығы.

5. Қас боп жүріп, дос болғанға мақтан.

Дос боп жүріп, қас болғаннан

4,8(2 оценок)
Новые ответы от MOGZ: Қазақ тiлi
logo
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси Mozg
Открыть лучший ответ