Сөзжасамның аналитикалык, тәсілі. Аналитикалық сөзжасамдық тәсіл - тілімізде көне замандардан келе жатқан, тілімізді көптеген күрделі сөздермен толықтырған өнімді тәсіл. Ол көпшілік тілдердің сөзжасамынан орын алады. Ал кейбір тілдерде негізгі сөзжасамдық тәсіл болып саналады. Мысалы, ондай тілдерге жапон, қытай тілдері жатады.
Аналитикалық тәсіл деп екі я онан да көп сөзден бір лексикалық мағыналы сөздің жасалуы аталады. Мысалы, Екібастұз, ойтолғау, Нүрдәулет, Қызылорда, ба з, он сегіз, келіп кет т.б. Бүл мысалдардың біріншісі үш сөзден, қалғандары екі сөзден құралған
Аналитикалық тәсіл қазақ тілінде барлық сөз табының сөзжасамынан орын алғанымен, оның сан есім сөзжасамында негізгі тәсіл екенін атау қажет.
Аналитикалық тәсіл арқылы жасалған туынды сөздер күрделі сөздер деп аталады. Күрделі сөздер толық мағыналы сөздерден жасалады.
«Бақшада» шағын әңгіме.
Осы демалыста Алмагүл, Еркебұлан және Мейрамбек атасы мен әжесіне бақшада жұмыс жасап, піскен жеміс – жидектерді теруге көмектесті. Таңертең ерте тұрып, әжесінің ыстық бауырсақтарымен шай ішіп алып, балалар жұмысқа кірісіп кетті. Еркебұлан мен Мейрамбек баспалдаққа мініп, ағаштардың басындағы піскен алмаларды терсе, ал Алмагүл болса, оларды реттеп, әжесіне апаруда. Әжесі екеуі оларды тосап немесе сусын жасау үшін бөліп жатыр. Балалардың қасында кішкене Ақтөс те ойнап жүр. Осылайша балалардың демалысы қызықты, әрі пайдалы өтуде.