М
Молодежь
К
Компьютеры-и-электроника
Д
Дом-и-сад
С
Стиль-и-уход-за-собой
П
Праздники-и-традиции
Т
Транспорт
П
Путешествия
С
Семейная-жизнь
Ф
Философия-и-религия
Б
Без категории
М
Мир-работы
Х
Хобби-и-рукоделие
И
Искусство-и-развлечения
В
Взаимоотношения
З
Здоровье
К
Кулинария-и-гостеприимство
Ф
Финансы-и-бизнес
П
Питомцы-и-животные
О
Образование
О
Образование-и-коммуникации
zadorozhnyakdap0derm
zadorozhnyakdap0derm
06.02.2022 16:07 •  Қазақ тiлi

СОЧ! Болашақтағы климат
Климаттың ғаламдық жылынуы фантастика ретінде қабылданатын. Бүгінгі күні
ғаламдық денгейде болып жатқан климаттың өзгеруіне көптеген дәлелдер бар.
Қазақстанда ауаның орташа жылдық температурасы 1936 жылдан бастап 2005 жылдар
арасында әрбір 10 жыл сайын 0,31 Сградусқа жоғарылап отырған. Соңғы 50 жылда Іле
Алатауының солтүстік бөктеріндегі мұздықтардың ауданы 41 пайызға қысқарған. Үкімет
аралық сарапшылар тобының болжамдары бойынша егер климаттың өзгеруі мен күннің
жылынуы осы қарқында өрбитін болса, XXI ғасырдың ортасында орташа температура 6
градусқа жоғарылауы мүмкін.
Бұл өз кезегінде 2 градусқа жылынудың өзі кері салдарға әкеп соғатын күрт
континенталды Қазақстан үшін орасан зор апат болып табылады. Бүгінгі күннің өзінде
еліміздің территориясының 75% экологиялық тұрақсыздық тәуекеліне ұшырап отыр. Алапат
ыстық, құрғақшылық. Тіршіліксіз шөл даланың аумағы солтүстікке қарай 300-400 шақырымға
жылжиды. Су ресурстарының жетіспеушілігі мал жайылымдарының азаюына әкеліп соғады
және ауыл шаруашылығына ауыр соққы болып табылады «Қазақстанда климаттық
тәуекелдерді бақылау» БҰҰЖЖ жобасы мамандарының пайымдауынша табиғаттағы
процестердің белгілі бір циклға бағынатынына қарамастан температураның жаһандық
жоғарылауы нақты дәйек болып табылады. Қазақстанда температураның жоғарылауы жауын-
шашын мөлшерінің артуымен өтеліп отырған жоқ, бұл белгілі бір тәуекелдерге алып келеді.
Бізді алда өзендердің ағысының өзгеруі күтіп тұр, экстрималды табиғи құбылыстары көбейеді,
жаңа табиғи аномалды құбылыстар пайда болады.

1. Мәтіннен сөздердің антонимдерін табыңыз.
төмендеу -
сулы –
көбеюіне -
жеңіл -

👇
Ответ:
Gosha22228888
Gosha22228888
06.02.2022

1) жоғарылау, 2)құрғақшылық 3)азаюына 4)ауыр

4,5(62 оценок)
Открыть все ответы
Ответ:
angelinaann
angelinaann
06.02.2022
Өлсе өлер табиғат, адам өлмес, Ол бірақ қайтып келіп, ойнап-күлмес. “Мені” мен “менікінің” айрылғанын “Өлді” деп ат қойыпты өңкей білмес. Көп адам дүниеге бой алдырған, Бой алдырып, аяғын көп шалдырған. Өлді деуге сия ма, ойлаңдаршы, Өлмейтұғын артына сөз қалдырған? Кім жүрер тіршілікте көңіл бөлмей, Бақи қоймас фәнидің мінін көрмей, Міні қайда екенін біле алмассың, Терең ойдың телміріп соңына ермей. Дүниеге дос ақиретке бірдей болмас, Екеуі тап бірдей орныға алмас. Дүниеге ынтық, махшарға амалсыздың Иманын түгел деуге аузым бармас.
4,6(21 оценок)
Ответ:
artemdychokp00pti
artemdychokp00pti
06.02.2022
Ғылым таппай мақтанба, 
Орын таппай баптанба, 
Құмарланып шаттанба, 
Ойнап босқа күлуге. 
Бес нәрседен қашық бол, 
Бес нәрсеге асық

***

Әсемпаз болма әрнеге,
Өнерпаз болсаң, арқалан. 
Сен де - бір кірпіш, дүниеге 
Кетігін тап та, бар қалан! 
Қайрат пен ақыл

***

Құлақтан кіріп, бойды алар 
Жақсы ән мен тәтті күй. 
Көңілге түрлі ой салар, 
Әнді сүйсең, менше сүй. 
Дүние ойдан шығады, 
Өзімді өзім ұмытып, 
Көңілім әнді

***

Өлсе өлер табиғат, адам өлмес, 
Ол бірақ қайтып келіп, ойнап-күлмес. 
“Мені” мен “менікінің” айрылғанын 
“Өлді” деп ат қойыпты өңкей білмес. 
Көп адам дүниеге бой алдырған, 
Бой алдырып, аяғын

***

Ақ киімді, денелі, ақ сақалды, 
Соқыр, мылқау, танымас тірі жанды. 
Үсті-басы ақ қырау, түсі суық, 
Басқан жері сықырлап, келіп қалды. 
Дем алысы - үскірік, аяз бен қар, 
Кәрі құдаң - қыс

***

Алыстан сермеп, 
Жүректен тербеп, 
Шымырлап бойға жайылған; 
Қиуадан шауып, 
Қисынын тауып, 
Тағына жетіп қайырған- 
Толғауы тоқсан қызыл тіл, 
Сөйлеймін десең

***

Сұр бұлт түсі суық қаптайды аспан, 
Күз болып, дымқыл тұман жерді басқан. 
Білмеймін тойғаны ма, тоңғаны ма, 
Жылқы ойнап, бие қашқан, тай жарысқан. 
Жасыл шөп, бәйшешек жоқ

***

Өлең - сөздің патшасы, сөз сарасы, 
Қиыннан қиыстырар ер данасы. 
Тілге жеңіл, жүрекке жылы тиіп, 
Теп-тегіс жұмыр келсін айналасы. 
Бөтен сөзбен былғанса сөз арасы, 
Ол - ақынның білімсіз

***

Заман ақыр жастары, 
Қосылмас ешбір бастары. 
Біріне бірі қастыққа 
Қойнына тыққан тастары. 
Саудасы – ар мен иманы, 
Қайрат жоқ бойын тыйғалы. 
Еңбекпен етті

***

Көзімнің қарасы 
Көңілімнің санасы 
Бітпейді іштегі 
Ғашықтық жарасы 
Қазақтың данасы 
Жасы үлкен...

***

Жазғытұры

Жазғытұры қалмайды қыстың сызы,
Масатыдай құлпырар жердің жүзі.
Жан-жануар, адамзат анталаса,
Ата-анадай елжірер күннің көзі.
Жаздың көркі енеді жыл құсымен,
Жайраңдасып жас күлер құрбысымен.
Көрден жаңа тұрғандай кемпір мен шал,
Жалбаңдасар өзінің түрғысымен.
Қырдағы ел ойдағы елмен араласып,
Күлімдесіп, көрісіп, қүшақтасып.
Шаруа қуған жастардың мойыны босап,
Сыбырласып, сырласып, мауқын басып.
Туйе боздап, кой қоздап - қора да шу,
Көбелекпен, құспенен сай да ду-ду.
Гүл мен ағаш майысып қарағанда,
Сыбдыр қағып, бұраңдап ағады су.
Көл жағалай мамырлап қу менен қаз,
Жүмыртқа іздеп, жүгіріп балалар мәз.
Ұшқыр атпен зырлатып тастағанда,
Жарқ-жүрқ етіп ілінер көк дауыл баз.
Құс қатарлап байлаған қанжығаға
Қыз бұраңдап жабысып, қылады наз.
Жазға жақсы киінер қыз-келіншек,
Жер жүзіне өң берер гүл-бәйшешек.
Қырда торғай сайраса, сайда - бұлбұл,
Тастағы үнін косар байғыз, көкек.
Жаңа пұлмен жамырап саудагерлер,
Диханшылар жер жыртып, егін егер.
Шаруаның бір малы екеу болып,
Жаңа төлмен көбейіп, дәулет өнер.
Безендіріп жер жүзін тәңірім шебер,
Мейірбандық дүниеге нұрын төгер.
Анамыздай жер иіп емізгенде,
Бейне әкеңдей үстіңе аспан төнер.
Жаз жіберіп, жан берген қара жерге
Рахметіне алланың көңіл сенер.
Мал семірер, ақ пенен ас көбейер,
Адамзаттың көңілі өсіп көтерілер.
Қара тастан басқаның бәрі жадырап,
Бір сараңнан басқаның пейілі енер.
Тамашалап қарасаң тәңірі ісіне,
Бойың балқып, ериді іште жігер.
Кемпір-шал шуақ Іздеп, бала шулар,
Мал мазатсып, қуанып, аунап-қунар.
Жыршы құстар әуеде өлең айтып,
Қиқу салар көлдегі қаз бен қулар.
Күн жоқта кісімсінер жұлдыз бен ай,
Ол қайтсін қара түнде жарқылдамай,
Таң атқан соң шығарын күннің біліп,
Өңі қашып, бола алмас бұрынғыдай.
Күн - күйеу, жер - қалыңдық сағынышты,
Құмары екеуінің сондай күшті.
Түн қырындап жүргенде көп қожаңдап,
Күйеу келді, ай, жүлдыз к... қысты.
Ай, жұлдызға жылы жел хабар беріп,
Жан-жануар қуанар тойға елеріп.
Азалы ақ көрпесін сілке тастап,
Жер күлімдер, өзіне шырай беріп.
Күн - күйеуін жер көксеп ала қыстай,
Біреуіне біреуі қосылыспай,
Көңілі күн лебіне тойғаннан соң
Жер толықсып, түрленер тоты құстай.
Адам тіктеп көре алмас күннің көзін,
Сүйіп, жылып тұрады жан лебізін.
Қызыл арай сары алтын шатырына,
Күннің кешке кіргенін көрді көзім.
4,6(74 оценок)
Это интересно:
Новые ответы от MOGZ: Қазақ тiлi
logo
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси Mozg
Открыть лучший ответ