– Құрамында көмекші есім сөз бар жұмбақтар:
1.Үстіне тігіп көк шатыр,
Астында қызыл дәу жатыр. (Қызылша)
2.Сырты жасыл қатты
Іші қызыл тәтті. (Қарбыз)
3.Талдың басында, жемі бар қасында, Там тұр саялы, достары аялы. (Құс ұясы)
4.Үсті тас,асты тас,
Ортасында піскен ас. (Нан)
Бұл жұмбақтардағы көмекші есімдер:үстіне,астында,сырты,іші,басында,қасында,үсті,асты,ортасында.
– Құрамында көмекші есім сөз бар өнер туындыларының аты:
“Күн астындағы Күнікей қыз” ертегісі, Абай Құнанбайұлы “Көлеңке басын ұзартып” өлеңі,Сәкен Сейфуллин “Тау ішінде” әні және т.б.
– Құрамында көмекші есім сөз бар мақал-мәтелдер:
1. Бітер істің басына,
Жақсы келер қасыңа.
2.Дос болмас сыртта жүріп мақтамаса,бірін-бірі жамаңдықтан сақтамаса.
3.Отан от басынан басталады.
Көмекші есімдер:басына,қасыңа,сыртта,басынан.
– Құрамында көмекші есім сөз бар жаңылтпаштар:
1.Құман от басында,
Жүген ат басында.
От басынан құманды алыс
тастасын ба?
Ат басынан жүгенін ап,
ноқта салсын ба?
2.Бұл қар – сүр қар
Сүр қар – кір қар
Үстінде ойнама,
Үстіңді былғар.
Көмекші есімдер:басында,үстінде.
– Құрамында көмекші есім сөз бар бірнеше сөйлем (8 сөз):
1.Сөздің басы сол жаңа ауыл мұғалімінен басталған еді.
2.Оның үстіндегі көк көйлегі әдеміше, ыңғайлы тігілген екен.
– Құрамында көмекші есім сөзге аяқталған бірнеше сөйлем:
1.Оған бәрінен бұрын ұнағаны – үйдің іші.
2.Анадайдан көрініп тұрған ол – тау шеті.
Асыл әжем.
Әжелеріміз – тәлім – тәрбиенің бастауы, бізге үлгі – өнеге көрсетер асыл жандар, қазыналы бұлақтың қайнар көзі ғой. Жанұяда бала тәрбиелеуде алатын орны ерекше – осы мейірімді әжелеріміз. Қазақ отбасындағы әже орны ерекше әрі қадірлі. Әже - отбасының ғана емес, әулеттің де ұйытқысы, ағайын- абысындардың бірлігін, татулығын сақтайтын сыйлы анасы, кейінгі жастардың, келіндердің тәрбиешісі әрі ақылгөйі. Шоқан Уәлихановтың Айғаным әжесі, Абай атамыздың Зере, Мұхтар Әуезовтың Дінасыл әжелері қазыналы бұлақтың көзі болған әжелер.
Мен өзім бірінші сыныпқа дейін әжемнің тәрбиесінде болғанмын. Тұңғыш немере атасы мен әжесіне бауырына салынатын салт – дәстүр бар ғой, міне, сол дәстүр бойынша ата – анам мені атам мен әжемнің тәрбиесіне беріпті. Үлкен кісілер айтып жатады ғой, әжесінің тәрбиесін көрген бала жаман болмайды деп. Өз басым, бұл өте жақсы дәстүр деп есептеймін. Қарт кісілер таусылмас қазына ғой, жас ұрпақтың ол кісілерден үйренері мол. Демалыс уақытында ауылға ұзақ уақыт бойы бармай қалсақ, әжемнің ыстық бауырсақтары мен «айналайын» деп маңдайымнан сипағанын сағынып отырамын. Үнемі ол кісілерге көмектесіп тұрамыз. Ал әжем болса әрдайым «Қолыңнан келген көмегіңді аяма» деп үйретіп отырады.
Ал әжемнің айтатын ертегілері мүлдем ерекше! Кішкене кезімнен күнде кешкісін "Ерте, ерте, ертеде, ешкі жүні бөртеде ..." деп жаңа ертегісін бастайды. Әжемді ерекше қатты жақсы көремін!