3-тапсырма Мәтінді оқыңдар, түсінгендеріңді қысқаша баяндаңдар
Составить 5 во по тексту
Ә.Нұршайықовтың «Ақиқат пен аңыз» романы-қаһармандық рухтағы шығармалардың бірі. Бұл шығармада Ұлы Отан Соғысының даңқты қаһарманы, гвардия полковнигі Бауыржан Момышұлының азаматтық, ерлік тұлғасы ашылады. Жазушы Бауыржанның балалық шағынан бастап, Ұлы Отан Соғысы жылдарындағы кезеңді бейбіт өмірге дейінгі өмірін шынайы фактілермен баяндайды. Романның жазылу формасы ерекше: бүкіл оқиға автор мен кейіпкердің диалогіне құрылған.
Шығарманың басты кейіпкері-Бауыржан Момышұлы –Кеңес Одағының Батыры, жазушы. Ол Екінші дүниежүзілік соғыстың даңқты жауынгері, әскери қолбасшы, стратег, тактик болған. Шығармада Бауыржан өз айтқанынан қайтпайтын, өр мінезді кісі болғанын көрсетеді. Өлсе де өтірік айтпайтын , жамандық ойламайтын ақ жүректі кісі болған.
Бауырсақ дайындау.
Бауырсақ – қазақ халқының ұннан дайындалатын ұлттық тағамының бірі. Бауырсақсыз кез – келген мерекелік отырысты, той – думанды елестету мүмкін емес. Әрбір отбасының өзіндік бауырсақ дайындау ерекшеліктері болады. Мысалы, анам әдетте бауырсаққа сүт қосып жасайды, сонымен қатар айран тұрып қалса, қамырға айранды қосып та істей береді. Ал әжем болса, бауырсақты тоң майға қуырады.
Сонымен, анамның бауырсақ істеу тәсілімен бөлісейін.
Қажетті заттар:
Бір кесе жылы су
Жарты кесе сүт
Ашытқы (көз мөлшерімен) бір шай қасықтай
Бір жұмыртқа
Екі ас қасық сұйық май
Қант екі ас қасық
Тұз қалауыңызша
Ұн керегінше
Дайындалуы:
Анам алдымен ұннан басқа құрғақ заттарды араластырып алады. Одан кейін жылы су мен сүтті, сұйық майды араластырып, жұмыртқа қосады. Үстінен араласқан құрғақ заттарды қосып, жақсылап араластырады. Одан кейін керегінше ұн қосып, қамыр басады. Дайын болған соң терең ыдыстың түбіне май жағып, қамырды салып, бетін жабады да, жылы жерге бір – екі сағатқа қояды. Қамыр көтерілгеннен кейін, екі бөлікке бөліп, әрқайсысын қатты жұқа қылмай илеп, ромб тәріздес кеседі. Май қызғанша кесілген бауырсақтарды орамалдың астына қояды. Май қызғаннан кейін бауырсақтарды екі жағынан қуырады.