ТЕСТ 9-сынып 3-тоқсан 1-вариант(Синтаксис ) 1.Құрамында екі ,болмаса одан да көп ,мағыналық жағынан бір бірімен байланысқан, күрделі ойды білдіретін сөйлемдер : а) жақты сөйлем ә) толымды сөйлем б) құрмалас сөйлем в) атаулы сөйлем г) лепті сөйлем 2.Құрамына қарай құрмалас сөйлемдердің саны а) 5 ә) 4 б) 1 в) 3 г) 2 3.Құрамындағы жай сөйлемнің баяндауышы тиянақты түрде, бір-бірімен тең дәрежеде тұрған сөйлем - а) сабақтас құрмалас ә) салалас құрамалас б) құрмалас в) аралас г) жақсыз 4.Құрамындағы жай сөйлемдер бір-бірімен өйткені ,сондықтан ,сол себепті шылаулары арқылы байланысқан сөйлемдер : а) қарсылықты салалас құрмалас ә) талғаулы салалас құрмалас б) себептес салалас құрмалас в) ыңғайлас салалас құрмалас г) жалғаулықсыз салалас құрмалас сөйлем 5.Құрамындағы жай сөйлемдер бір бірімен бірақ,дегенмен,алайда шылаулары арқылы байланысқан сөйлемдер а) қарсылықты салалас құрмалас ә) талғаулы салалас құр
1. Кісі елінде сұлтан болғанша,
Өз еліңде ұлтан бол.
2. Өз елім, өлең төсегім.
3. Мал қонысын іздейді,
Ер жігіт туысын іздейді.
4. Ел-елдің барі жақсы,
Өз елің барінен жақсы.
5. Іргесі берік елді
Жау ала алмас,
Ауызы бір елді
Дау ала алмас.
6. Сұңқар киясын сағынады,
Торғай ұясын сағынады.
7. Ұлтарақтай болса да
Ата қонысы жер қымбат.
Ат төбеліндей болса да
Туып өскен ел қымбат.
8. Жат елдің жақсысы болғанша,
Өз еліңнің сақшысы бол.
9. Есі бар жігіт елін табар,
Есі жоқ жігіт жаттың отын жағар.