Мәтіннің тыныс белгілерін қой. (тырнақша, сызықша, жақша) (2 ұпай)
ҚР-ның Ұлттық музейінде QR-код және оnline-ticket жүйесінің таныстырылымы өтті. Ұлттық
музей заманауи жаңа технологиямен жабдықталған еліміздегі бірегей музей. Бұдан былай музейге
келушілер тарихи жәдігерлермен арнайы аудиогидтің экскурсовод маманның көмегімен өз бетінше
экскурсия жасап, таныса алатын болады.
Жүректің сыртқы құрылысы:
1 – қолқа доғасы; 2 – өкпе артериясы; 3 – сол жақ жүрекше; 4 – қантамырлары; 5 – сол жақ қарынша; 6 – оң жақ қарынша; 7 – төменгі қуысты вена тамыры; 8 – оң жақ жүрекше; 9 – жоғары қуысты вена тамыры; бағдарша (стрелка) қанның ағу бағытын көрсетеді
Жүректің қабырғасы 3 қабаттан тұрады. Сыртқы қабаты – эпикард (грекше «epі» – сыртқы, «cor» – жүрек), өте жұқа, жүректі қоршап тұрады. Ортаңғы қалың бұлшықетті қабаты – миокард (грекше «mіos» – бұлшықет). Ішкі қабаты жұқа – эндокард (грекше «endo» – ішкі) жүректің ішкі қуыстары мен қақпақшаларын астарлап жатады.
Жүрек негізінен ұшына қарай созылып жатқан қалың бұлшықет қабаты арқылы 2 бөлікке бөлінген. Жүректің әрбір бөлігінде бір жүрекше, бір қарынша болады. Әр бөліктегі жүрекше мен қарынша өзара тесіктер арқылы байланысады. Сол тесіктерде жүрекшелерден қарыншаларға қарай ашылып-жабылып тұратын жақтаулы қақпақшалар (створчатые клапаны) болады. Оң жақ жүрекше мен оң жақ қарыншаның арасында үш жақтаулы, сол жағында қос жақтаулықақпақшалар орналасқан.