М
Молодежь
К
Компьютеры-и-электроника
Д
Дом-и-сад
С
Стиль-и-уход-за-собой
П
Праздники-и-традиции
Т
Транспорт
П
Путешествия
С
Семейная-жизнь
Ф
Философия-и-религия
Б
Без категории
М
Мир-работы
Х
Хобби-и-рукоделие
И
Искусство-и-развлечения
В
Взаимоотношения
З
Здоровье
К
Кулинария-и-гостеприимство
Ф
Финансы-и-бизнес
П
Питомцы-и-животные
О
Образование
О
Образование-и-коммуникации
yulia6263
yulia6263
01.02.2023 05:15 •  Қазақ тiлi

ЖАЗЫЛЫМ
1-тапсырма. «Әлемге танымал Шымбұлақ» деген тақырыпта эссе жаз.
Талаптар:
Нақты айқындалған кіріспе, негізгі бөлім, қорытынды бөлімнен құралуы
шарт.
• Тақырыптан ауытқымау керек.
Тұжырымдарды дәйектей білу қажет.
Өмірмен байланыстыру керек.
Өзіндік ойың, тың пікір болуы керек.
Баяндау стилі жатық болуы шарт.
Көріктеуіш құралдарды ұтымды пайдалану қажет.
• Көлемі – 100-130 сөз.
о
о
о
о​

👇
Открыть все ответы
Ответ:
Miranny
Miranny
01.02.2023
Қыс. Бұл мезгілде адамдар табиғаттың құпиясын, ерекше бір ұмытылмас сәттерін тамашалайды. «Қыстың көзі қырауда» деген халқымыздың тамаша сөзі осы бір мезгілді айна-қатесіз баян­дап тұрғандай немесе Абайдың «ақ киімді, денелі, ақ сақалды…» деп келетін өлең жолдары да қыстың басқа жыл мезгілдерінен ерекшелігін паш етеді. 
Табиғаттың әрбір маусымы ерекше болатыны сөзсіз. Әр маусымға тән сейіл-серуені де болады. Жазда адамдар суға шомылып, күнге қыздырынса, қыста шаналарын арқалап, биік жоталарға, тау­лы қыраттарға бет түзейді. Дала төсінде қолдан сырғанақ жасайтын қызықты сәттер де – өз алдына бір әңгіме. Барлығы қыстың суықтығын емес, бейнебір жылы нұрын, ыстық тартар сәулесін тауып алғандай қуанысады. Биік қыраттан төмен қарай аппақ қардың үстінде ізін қалдыратын шанасымен ызғиды.
Қаңтар айының алғашқы күндері, міне, осындай қуанышты шақтарға толы. Күн сәулесі Жер-анаға шуағын төгіп, барша адамдарды өзінің жылы нұрына бөлеп, қысқы суықтың бетін қайтаруға бел шеше кіріскендей. Алыстағы таулы қыраттардан арқан бойы ұзап шыққан дала құстары әсем табиғаттың осынау ғажап шағына мейілінше құмарта қанат қағады. Алыс қия-белдердегі қалың қар көктемнің жылы лебі келгенше басқа тіршілікке орын босататын емес. Табиғаттың әдемі мезгілі – қыстың ерекше көрінісімен өріле түскен.
Даланың табиғаты тып-тыныш қалпынан, маужыраған күйінен серпіле түскендей күйде. Алатаудың сілемдері мен биік жоталарындағы қыс көріністері көздің жауын алып, жан баурайды. Қыс мезгілінің аязды күндерімен де қоса, ерекше бір жылылық сыйлайтын күндері аз емес. Әрбір төрт мезгілдің өн бойында бірімен-бірі астасып, қабаттасып жатқан ортақ күн райы бар. Қаңтар айы жаңажылдық көңіл күйді одан арі көтере түсіп, өзінің жылы күндерін аямай-ақ сыйлап жатыр. Мейірімін төккен Жер-ана да адам үшін өзінің ішкі сырларын ақтарғандай тылсым сырмен үн қатады. Көгілдір аспандағы шарбы бұлттар да өздерінің бағытын бір сәт тежеп, бейнебір сырласып тұрған арулардай. Ағаштар қыс мезгіліне дайындалып, шымырлана түскен. Олар көктем келісімен бүр жарып, айналаны көк бояуға бөлеуге әзір тұр. Алыстан мұнарлана көрінген тау бөктерлеріндегі қалың қарлар да бір сәт тыныстап, терең ойға шомады. Аспанмен таласқан Алатаудың асқақ шыңдары айналаға сабырлы көзбен барлай қарайды. Өзі биік тұғырда болғанымен, төмендегі тіршілік атаулыға көз тастап, қысқы ғажайыптарды бір өзінің бойына жия түскендей. Қыстың ғажайып ұмытылмас шақтары адам жанына шуағын шашып, нұрын төге түскендей, көтеріңкі көңіл күй сыйлайды.
4,4(39 оценок)
Ответ:
позитив19
позитив19
01.02.2023
Музыкалық аспаптардың әрқайсысының өзіне тән дыбыстембрі (бояуы), динамикалық мүмкіндігі (ырғағы), белгілі бір диапазоны болады. Музыкалық аспаптардың дыбыс шығару сапасы аспаптарды жасауда қолданылатын материалдардың түрі мен қасиетіне, пошымына, дыбыс шығару тәсіліне байланысты. Музыкалық аспаптардың алғашқы қарапайым түрлері табиғаттағы түрлі дыбыстарға, адамның, хайуанаттардың дауысына еліктеуден шыққан. Ол ‘‘халықтық’’ және ‘‘кәсіби музыкалық аспаптар’’ болып бөлінеді. Әр халықтың музыкалық аспаптарының өзіндік ерекшеліктері болады. Сондай-ақ өзара этникалық, тарихи-мәдени байланысы бар бірнеше халықтарға ортақ әрі олардың “ұлттық аспабы” болып саналатын музыкалық аспаптар бар. Мысалы, бандура текУкраинада, пандури мен чонгуриГрузияда ғана болса, гусли, жалейка,волынкалар орыстарда, украиндарда, белорустарда да бар; саз, тар, зурнаӘзірбайжан мен Армениядакездессе, Өзбекстан менТәжікстанның бірқатар аспаптары ұқсас болып келеді. 19 ғасырдың аяғында В.В. Андреевтің және оның серіктері С.И. Налимов, Ф.С. Пассербский, Н.П. Фоминдердің көмегімен кейбір музыкалық аспаптар (балалайка, гусли, домрат, т.б.) жетілдіріліп, солардың негізінде орыс халық аспаптар оркестрі құрылды.
4,5(86 оценок)
Это интересно:
Новые ответы от MOGZ: Қазақ тiлi
logo
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси Mozg
Открыть лучший ответ