М
Молодежь
К
Компьютеры-и-электроника
Д
Дом-и-сад
С
Стиль-и-уход-за-собой
П
Праздники-и-традиции
Т
Транспорт
П
Путешествия
С
Семейная-жизнь
Ф
Философия-и-религия
Б
Без категории
М
Мир-работы
Х
Хобби-и-рукоделие
И
Искусство-и-развлечения
В
Взаимоотношения
З
Здоровье
К
Кулинария-и-гостеприимство
Ф
Финансы-и-бизнес
П
Питомцы-и-животные
О
Образование
О
Образование-и-коммуникации
Котя5461
Котя5461
08.02.2021 21:05 •  Қазақ тiлi

Казакстанның ғалымдары эссе 80 сөз. Тжб өте керек аз уақыт қалды 1кун

👇
Ответ:
Rilon
Rilon
08.02.2021

Қазақстан Республикасы Ұлттық Ғылым академиясының тіршіліктану ғылымының бөлімі 1946 жылы ұйымдастырылды. Қазақстанда тіршіліктану ғылымының дамуына ірі жетістіктер енгізгені үшін көптеген ғалымдар әр түрлі сыйлықтардың иегерлері атанды. Қазақстан ғалымдары мал шаруашылығын дамытуда, малдың жаңа тұқымын шығаруда көрнекті нәтижелерге жетті. Малдың 10 жаңа, атап айтқанда: қойдың - 4: сиырдың 3, жылқының - 2, шошқаның - 1 қолтұқымдары шығарылды. Мал санын көбейтуде зоотехник, профессор, ВАСХНИЛ академигі, В. А. Бальмонт (1901- 1971) алғашқы отандық етті-жүнді қой тұқымы - қазақтың биязы жүнді қойын шығарды (1946). М. С. Бутарин, Е. А. Большакова, Ә. Е. Есенжолов және А. Ы. Жандеркиндердің басшылығымен отандық етті-биязы жүнді қой тұқымы қазақтың арқар-меринос қолтұқымы өмірге келді (1950). Қазақтың оңтүстік мериносын шығарған бір топ ғалымдар: А. И. Петров, О. Есалисн, Н. А. Маллицкий, Л. И. Цой, A. М. Якушкинаны атауға болады. Республикамызға кең таралған сиырдың етті - тұқымы қазақтың ақбас сиырының авторлары: Б. М. Мусин, Н. 3. Ғалиакберов, М. Ф. Гордиенко, К. А. Акопян: С. Я. Дудин. Қостанай қолтұқымды жылқысын шығарудағы ауыл шаруашылық ғылымының докторы, профессор Г. Г. Хитинковтың 6 еңбегін ескермеуге болмайды. Биолог-генетик, биология ғылымдарының кандидаты Н. С. Бутарин (1905-1961) будандастырылған шошқаның қазақ қолтұқымы топтарын шығаруда үлкен үлес қосты. Республикамыздағы ботаника ғылымының және ботаниктер мектебінің негізін қалаушы және ұйымдастырушы, ботаник, биология ғылымының докторы, профессор ҚазССР FA-ның академигі Н. В. Павлов (1893-1971) Ресейдің еуропалық бөлігіне, Кавказға, Байкал сыртына, Камчаткаға, Монғолияға, Орта Азия мен Қазақстанға экспедиция (қосын) жасады. Ол «Қазақстанның өсімдік шикізаттары» еңбегін жазды. Қатал климатқа төзімді өсімдіктерді зерттеген, ауыл шаруашылығы ғылымының докторы, профессор, ҚазССР FA және ВАСХНИЛ академигі, ауыл шаруашылық дақылдарының 17 іріктемесін шығарған В. П. Кузъмин( 1893-1973) егістікдақылдардың жаңа іріктемелерін шығарды.

Қазақстанда өсімдік физиологиясын зерттеу ісі ерекше жолға қойылып, өсімдіктің тұзбен улануының биохимиялық тетігін (Л. Қ. Қылышев және оның шәкірттері), кексағыз бен таусағызды физиологиялық тұрғыда зерттеу (А.А. Прокофьев, К. М. Мыңбаев), бидайдың қолайсыз жағдайға төзімсіздігі, түсімділігі, сондай-ақ физиологиялық белсенді заттардың өсімдікке тигізетін әсерін зерттеу (Ф. А. Полымбетова, Л. К. Маманов), темекі будандарының ата-енелік формаларына қарағанда сапасының артық болатынын дәлелдеу (М. Ф. Тамаровский, Ж. Қ. Калекенов, т. б.), жабайы алманың сұрыптау барысында құнды тектік қор екені дәйектеліп, таулы жерлерде алма өсіру жолдарын зерттеу (А. Ж. Жанғалиев, Ж. Жатқанбаев, т. б.) мәселелері жан-жақты тексерілді.

Республикамызда микробиологияны дамытуға Д. Л. Шамис, X. Ж. Жуматов, Н. Қ. Шоқанов, Ү. А Сартбаева, К А. Тілемесова, М. X. Шығаева, A. Н. Илялетдинов, т. б. көп еңбек сіңірді және зерттеу жұмыстарын жалғастыруда. X. Ж. Жуматов Қазақстанда вирусологиялық зерттеулерді алғаш ұйымдастырып, одан әрі дамытты.

Хамза Жұматұлы Жұматов (1912-1972) вирусолог, медицина ғылымының докторы, профессор, КСРО Медицина ғылым академиясының корреспондент-мүшесі, ҚазССР ҒА академигі, «Тұмау миксовирустарының молекулалық биологиясы» еңбегін жазды.

Қазақстанда жануарлар дүниесін зерттеу ХVІІІ ғасырдың орта кезінен басталды, соның нәтижесінде сүтқоректілердің 179 түрі, құстардың 479 түрі бар екені анықталып, омыртқалы жануарлардың 125 түрі мен түршелері, сондай-ақ бунақденелілердің - 96, шаянтәріздестердің - 1, былқылдақденелілердің - 6, құрттардың 2 түрі қорғауды қажет ететіні белгілі болып, Қазақстанның Қызыл кітабына тіркелді. «Қазақстанның қансорғыш кенелері» монографиясын паразитолог, биолгия ғылымының докторы, ҚазССР ҒА академигі И. Г. Галузо (1899-1977) жазды. Ол Қазақстандағы протозоологиялық ғылымының дамуына тікелей үлес қосты. Қазақстанда ондатрды жерсіндіруде A. А. Слудский, И. А. Долгушин еңбек етті. A. А. Слудский, А. Бекенов, В. А. Фадеев «Бөкендердің санын қалпына келтіру және қорғаудың биологиялық негіздері, оларды Қазақстанның халық шаруашылығына тиімді пайдалану» атты еңбегі жоғары бағаланды. И. А. Долгушин (1908-1966) - орнитолог, биология ғылымының докторы, профессор. Э. И. Гаврилов, A. Ф. Ковшарь, М. Н. Корелов. М. А. Кузьмина, B. Ф. Гаврин, И. А. Долгушин 5 томдық «Қазақстан құстары» монографиясын басып шығарды.

Ғ. Қ. Ерғалиев - геология-минералогия ғылымының докторы, Ақсай мемлекеттік геологиялық қорықшасым (қаумалын) ұйымдастырды (1985). Ғ. X. Ерғалиев, Н. К. Ившин, И. Ф. Никитин, P. А. Борукаев: С. М. Бандалеmoe, В. Ф. Беспалов «Қазақстан төменгі палеозойының стратиграфиясы және палеонтологиясы» еңбегін жазды.

Объяснение: Осы бола ма?

4,4(38 оценок)
Открыть все ответы
Ответ:
леон15
леон15
08.02.2021
Менің сүйікті жазушым -Александр Сергеевич Пушкин.Мен оның шығармаларын қайта қайта оқи аламын.оның ертегілері,өлеңдері,кейіпкерлері  өзгеше әлемді  құрайды,сол әлемнің ішінде барлығы таң қалдырады.мені ешкім оқуға итермелеген жоқ, мен  пушкиннің шығармаларын оқыған кезде кітаптар сұлулығын түсіндім.Мен әрбір өнім терең мағынасы бар екенін ұнайды, бірақ, сонымен қатар, жақсылық соңында әрқашан жеңіс бар екенін түсініп  кітапты жабамын. Пушкин - балалар ғана емес сондай-ақ ересектер, оның жұмысына мүдделі болуы мүмкін жазушы болып табылады.Отан, махаббат, табиғат, адам - ол әрқашан маңызды нәрселер туралы жазған, бұл өте маңызды болып табылады. Ол сөз өмірдің мәні жеткізе алды Мен, осы ақынды құрметтеймін.
4,4(20 оценок)
Ответ:
умница603
умница603
08.02.2021
Менің ойымша, қазіргі уақытта шет тілдерін білу өте маңызды. шет тілдерді білу біреуіне жұмыс үшін, ал біреуге шет елге саяхаттау үшін ал біреулерге жай ғана қосымша тілдер бос уақытын өткізу үшін керек. адамдар өзге тілдерді сонымен қатар басқа тілде  әңгімелесіп, шет елдердің балаларымен араласып көп достар табу үшін қолданады. Және де олар атақты жазушылардың кітаптары мен газет-журналдарды оқу үшін де пайдаланады. Бұл оларға өз білімін тереңдетіп, көптеген мәліметтер алып, түрлі салт-дәстүрлерді үйренуге де көмегін тигізеді.
4,4(3 оценок)
Это интересно:
Новые ответы от MOGZ: Қазақ тiлi
logo
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси Mozg
Открыть лучший ответ